Арнайы инвестициялық келісімшарттарды жасасу жөніндегі уәкілетті органды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 180 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арнайы инвестициялық келісімшарттарды жасасу жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      152) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 152-1) және 152-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "152-1) арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу тәртібі мен шарттарын бекіту;

      152-2) үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты бекіту;";

      ведомстволардың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 521-14), 521-15), 521-16) және 521-17) тармақшалармен толықтырылсын:

      "521-14) арнайы инвестициялық келісімшартты жасасу және бұзу тәртібі мен шарттарын әзірлеу;

      521-15) үлгілік арнайы инвестициялық келісімшартты әзірлеу;

      521-16) арнайы инвестициялық келісімшартты дайындау;

      521-17) арнайы инвестициялық келiсiмшартты жасасу, тiркеу және мерзімінен бұрын тоқтату;";

      2) "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      61-12), 61-13) және 61-14) тармақшалар алып тасталсын;

      ведомстволардың функцияларында:

      49) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "49) арнайы инвестициялық келісімшарттарды қоспағанда, инвестициялық келiсiмшарттар жасасу, тiркеу және оларды мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау;";

      50) тармақша алып тасталсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин