"Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 87 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 2, 23-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Көлікте жол жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 28 ақпандағы
№ 87 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 11 ақпандағы
№ 49 қаулысымен
бекітілген

Көлікте жол жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көлікте жол жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 77-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және көлікте жол жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының (бұдан әрі – курсанттар, тыңдаушылар) шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Курсанттардың, тыңдаушылардың шығындарын өтеу тәртібі

      2. Курсанттарға, тыңдаушыларға:

      1) стационарлық емделуге барған кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, әуе, су және автомобиль көлігімен;

      2) осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11) – 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, арнаулы мемлекеттiк органдардағы қызметтен шығарылған, сондай-ақ демалысқа және тағылымдамадан өтуге барған кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, су және автомобиль көлігімен жол жүру шығындары (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері қайту) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормаларға сәйкес өтеледі.

      Шет мемлекеттің білім беру ұйымдарында оқитын курсанттарға, тыңдаушыларға оқуға жіберу, тағылымдамадан өту, каникулдық демалысқа бару кезінде (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері қайту) əуе, теміржол, су және автомобиль көлігімен жол жүру шығындары өтеледі.

      3. Арнаулы (әскери) оқу орындарында және шет мемлекеттің білім беру ұйымдарында оқитын курсанттарға және тыңдаушыларға шығындарды өтеуді курсанттар, тыңдаушылар штатында немесе қарамағында болатын арнаулы мемлекеттік органның мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме), ал курсант, тыңдаушы қызметтен шығарылған жағдайда – таңдаған тұрғылықты жері бойынша арнаулы мемлекеттік органның аумақтық органы (бұдан әрі – аумақтық орган) жүзеге асырады.

      4. Курсанттардың, тыңдаушылардың жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері қайту жолының ақысы ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде төленуге тиіс.

      5. Көлік уақтылы келмеген және (немесе) жөнелтілмеген жағдайларда, курсанттар, тыңдаушылар жолаушының өтінішімен тасымалдаушы беретін көліктің кешіккені туралы куәландыратын құжатты ұсынады.

      6. Шығындарды өтеуді жүзеге асыру үшін отыз жұмыс күні ішінде Қағидалардың 3-тармағында аталған мекемеге немесе аумақтық органға мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) курсанттар, тыңдаушылар үшін – Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат;

      2) қызметтен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар үшін – Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      3) жол жүру құжаттары;

      4) қызметтен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банк құжаттарының көшірмелері;

      5) қажет болған жағдайда – Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша стационарлық емделуге не медициналық тексерілуге (куәландыруға) жіберу үшін медициналық айғақтарын көрсете отырып, қабылдаған стационарлық емі не медициналық тексерілу (куәландыру) туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы;

      6) қажет болған жағдайда – Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжат;

      7) құжаттарды өкіл арқылы беріп жіберген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат.

      7. Ұлттық қауіпсіздік органдарының курсанттары, тыңдаушылары қызметтен шығарылған кезде шығындарды өтеген жағдайда, тұрғылықты жері бойынша курсант, тыңдаушы таңдаған аумақтық орган курсанттың, тыңдаушының қызмет өткеру орны бойынша мекемеден оның қызметтен шығарылғандығы туралы бұйрықтан үзінді сұратады.

      8. Шығындарды өтеу Қағидалардың 6-тармағында белгіленген құжаттар ұсынылған кезде:

      1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болған кезде – ақшалай үлесті бір уақытта төлеумен;

      2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болмаған кезде – міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

  Көлікте жол
  жүргені үшін арнаулы (әскери)
  оқу орындары курсанттарының,
  тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидаларына
  1-қосымша
  Нысан
  Кімге: _____________________
  (шығындарды өтеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органның (мекеменің) басшысына)

Шығындарды өтеуге арналған баянат

      Сізден ________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      (оқиғаның түрі мен оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)

      __________________________ маған жол жүру шығындарын өтеуді сұраймын.

      Баянатқа мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1. ______________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________

      3. ______________________________________________________________

      4. ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      (лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса) (қолы)

      ______ жылғы "______" ______(жылы) (күні) (айы)

      Бастық: ________________ _____________ ___________________

      (бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

  Көлікте жол
  жүргені үшін арнаулы (әскери)
  оқу орындары курсанттарының,
  тыңдаушыларының
  шығындарын өтеу қағидаларына
  2-қосымша
  Нысан
  Кімге: _____________________
  (шығындарды өтеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органның (мекеменің) басшысына)
  Кімнен: ____________________,
  (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)
  _______________________ тұратын
  телефоны _________________

Шығындарды өтеуге арналған өтініш

      Сізден ____________________________________________________

      жол (оқиғаның түрі және оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі) жүргенім үшін шығындарды өтеуді сұраймын.

      Тиесілі соманы ________________________________________________

      _____________________________________________ аударуды сұраймын.

      _________________ банктің № _____________________________ филиалы

      Дербес немесе карт-шот _________________________________________

      Алушының ЖСН _________________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1. ______________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________

      3. ______________________________________________________________

      4. ______________________________________________________________

      ..._________________________________________________________ ____

      жылғы "____" _______ Өтініш беруші ______ _________________

      (күні) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса) қолы)

      Бастық: ________________ __________ _________________________

      (бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

  Көлікте жол
  жүргені үшін арнаулы (әскери)
  оқу орындары курсанттарының,
  тыңдаушыларының
  шығындарын өтеу қағидаларына
  3-қосымша
  Нысан

Анықтама

      ____________________________________________________________

      берілді, (атағы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

      оған ___________________________________________________________

      (емдеу мекемесі және оның орналасқан жері көрсетіледі)

      ________________________________________________________________

      (медициналық айғақтары көрсетіледі)

      ___________________________ медициналық айғақтары бойынша

      ______ жылғы "____" _________ бастап _____ жылғы "____" _________

      аралығында ________________________________________ көрсетілді.

      (медициналық қызметтің түрі көрсетіледі)

      Анықтама көлікпен жол жүру шығындарын өтеу үшін берілді.

      М.О.

      Әскери-дәрігерлік комиссияның (сараптаманың)

      төрағасы ______________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)