"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 58 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 1022 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.11.2023 № 1022 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 500-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларында:

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижелері конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурстарында, сондай-ақ сараптама орталығының интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс.";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстың нәтижелері конкурс жариялаған уәкілетті органның немесе салалық уәкілетті органның интернет-ресурстарында, сондай-ақ сараптама орталығының интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин