"Салық заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 29 маусымдағы № 4 нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 4 наурыздағы № 4 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 9 Нормативтік қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.

      1. Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) 4-тармақ алып тасталсын;

      2) 6-тармақтағы үшінші абзац алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының
Төрағасы
Ж. Асанов
      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы
Г.Әлмағамбетова