"Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 323 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 40 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 323 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдердің қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы", "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы", "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамдарының активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражат есебінен Ұлттық қорға аударылатын қаражат мөлшері Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес сыртқы борышты өтеу үшін қажетті сомаға және "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Еngineering) ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының – Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссиясының шешіміне сәйкес ішкі борышты өтеу үшін қажетті сомаға түзетіледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин