Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиарды айқындау туралы" 2015 жылғы 28 қазандағы № 852 және "Астық қолхаттарын тіркеушіні айқындау туралы" 2016 жылғы 5 тамыздағы № 452 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 38 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 852 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 55-56, 440-құжат):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар болып айқындалсын.";

      2) "Астық қолхаттарын тіркеушіні айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 тамыздағы № 452 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 44, 262-құжат):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тіркеушіні айқындау туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Ақпараттық-есеп орталығы" акционерлік қоғамы тіркеуші болып айқындалсын.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин