Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 15, 126-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларында:
6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Конкурс Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың жәрдемдесуімен өткізіледі.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Атақ беру жөніндегі комиссия облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялардың ұсыныстарын алқалы түрде қарағаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде іріктеу туралы бағдарламалар циклін әзірлеу үшін, сондай-ақ лауреат атағын беру бойынша үміткер-отбасылар туралы материалдарды ұлттық телеарнаға жолдайды.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |