Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 5 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 17 қаңтардағы
№ 5 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 88-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы;

      2-2) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай – Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз ақылы пайдалануға берілетін тұрғынжай;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарының пайдалануына беріледі. Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі.

      Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған, мыналарға жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі:

      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

      1-1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      1-2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар. Азаматтардың көрсетілген санаттарының жиынтық орташа айлық кірісі тұрғынжай беру туралы өтінішпен жүгінердің алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуға тиіс;

      2) Заңның 68-бабының 1-1), 2), 3), 4), 5), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген, тұрғынжай беру туралы өтінішпен жүгінердің алдындағы соңғы он екі айда жиынтық орташа айлық кірісі отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары.

      Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға қолданылмайды;

      3) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар;

      4) жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар.

      Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес беріледі.";

      7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды, көпбалалы отбасыларды қоспағанда, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайларды бөлек тізімдер бойынша бөлуді ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары бөлек тізімдердің, сондай-ақ, егер Заңда немесе Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, осы Қағидалардың 6-2-тармағында көрсетілген мемлекеттік кәсіпорында және (немесе) мемлекеттік мекемеде, мемлекеттік органдарда есепте тұрған тұрғынжайға мұқтаж адамдар тізімдерінің санына пропорционалды түрде жүргізеді.

      Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары:

      1) жыл сайын бірінші тоқсанда – коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке алудың бөлек тізімдерін;

      2) жергілікті атқарушы орган тұрғынжай беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде тұрғын үй беруді қажет ететін адамдарды есепке алу тізімдерінде белгіленген кезектілігін көрсете отырып, тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында шығатын мерзімді баспасөз басылымдарында және өздерінің интернет-ресурстарында жариялауға міндетті.";

      7-2-тармақ алып тасталсын;

      9-тармақтың 9) тармақшасы алып тасталсын.

      2. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 59, 815-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасының азаматтары есепке қойылады. Азаматтардың көрсетілген санаттарының жиынтық орташа айлық кірісі тұрғынжай беру туралы өтінішпен жүгінердің алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуға тиіс;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 11), 12) тармақшаларында көрсетілген, тұрғынжай беру туралы өтінішпен жүгінердің алдындағы соңғы он екі айда жиынтық орташа айлық кірісі отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын Қазақстан Республикасының азаматтары есепке қойылады. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға қолданылмайды;";

      3-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) өздеріне сатып алу құқығынсыз жалға берілген тұрғынжайы болмаса;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Азаматтарды есепке қою үшін мынадай құжаттар ұсынылуы қажет (ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды азаматтардан талап етуге жол берілмейді):

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайдың бар немесе жоқ екенін жергілікті атқарушы органның тексеруіне келісімі көрсетілген коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайға мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш;

      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);

      3) азаматтық хал актілерін (туу, қайтыс болу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері.

      Өтініш берушінің отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайларда, соңғылары өздерін өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады;

      4) ауылдық округтерде тұрақты тұратын азаматтардың тұрақты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауыл әкiмдерінiң анықтамасы;

      5) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжатты, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне шаққанда (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелейтін отбасыларды қоспағанда) соңғы он екі айдағы кірісі туралы мәліметтерді қосымша ұсынады;

      6) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санатына жатқызылатын азаматтар жұмыс орнынан (қызметтен) берілген анықтаманы қосымша ұсынады. Ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін өздерінің мәртебесін растайтын құжатты ұсынады;

      7) отбасы тұратын тұрғынжай белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмеген жағдайда, өтініш беруші санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасын қосымша ұсынады;

      8) отбасы тұратын тұрғынжай белгіленген техникалық талаптарға сай келмеген жағдайда, өтініш беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғынжайды техникалық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша) түпнұсқасын қосымша ұсынады;

      9) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан көп отбасы тұрып жатқан жағдайда, өтініш беруші өзі тұратын тұрғынжайдың техникалық паспорты мен құқық белгілейтін құжатының көшірмелерін қосымша ұсынады;

      10) отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар бар, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаған жағдайда өтініш беруші тиісті ауру түрін растайтын құжатты қосымша ұсынады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы куәліктерінің (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғынжайдың бар немесе жоқ екені туралы анықтамалардың, мекенжай анықтамаларының, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің, көрсетілетін қызметті алушының халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызмет берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.

      Жұмыс орны бойынша есепке қою үшін мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайға мұқтаж азаматтар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ осы тармақтың 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Жергілікті атқарушы органның өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайдың болуы немесе болмауы туралы мәліметтерін мемлекеттік мекемелер немесе кәсіпорындар gosreestr.kz веб-порталында орналастырылған "Мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерін жалдау шарттарының тізілімі" ақпараттық ресурсы арқылы алады.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Азаматтар:

      1) егер мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай берiлуi үшiн негiздер жойылған;

      2) басқа елдi мекенге тұрақты тұру үшiн кеткен немесе мемлекеттік кәсіпорындағы немесе мемлекеттік мекемедегі еңбек қатынастарын тоқтатқан;

      3) азамат мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай беруді қажет ететіні туралы шындыққа сай келмейтiн мәлiметтер берген;

      4) жер учаскесiн алған және өзiнiң тұрғын үйiн салуды аяқтаған немесе тұрғынжай сатып алған;

      5) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай алған жағдайларда, оларды мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға мұқтаж адамдар есебiнен шығару жүзеге асырылады.";

      11-1 және 11-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-1. Осы Заңда белгіленген тәртіппен тұрғынжайға мұқтаж деп танылған және есепке қойылған жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес отбасылар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар тұрғынжай алғанға дейін есептен шығарылмайды.

      11-2. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналардың, көпбалалы отбасылардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды бірінші кезекте алуға құқығы бар. Мемлекеттік қордан тұрғынжайларды (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайларды бөлу кезінде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді.";

      осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 585-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларында:

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай – Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз ақылы пайдалануға берілетін тұрғынжай;";

      мынадай мазмұндағы 16) және17) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – Портал) –www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан, тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарттар бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;

      17) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайды қоспағанда, коммуналдық тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік осал топтарына берiлетiн тұрғынжайды жалдаушы "Тұрғын үй қатынастары" туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңыңда көзделген шарттармен және осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.";

      10-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай ретінде ұсынылатын;";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Өтініш беруші жекешелендіру тәртібінде тұрғынжайларды меншікке сатып алу үшін тұрғын үй комиссиясының қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өздері тұратын тұрғынжайларды жекешелендіруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi қол қойған өтініш;

      2) қызмет алушы мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктері (қажет болуына қарай ақпараттық жүйеде мәліметтер жоқ болған жағдайда);

      4) жалдау (жалға алу) шартының не тұрғынжай ордерінің көшірмесі;

      5) көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда соңғысы өздерін көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін ұсынады;

      6) халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын азаматтар көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататынын растайтын құжатты қосымша ұсынады;

      7) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санатына жататын азаматтар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы не жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қосымша ұсынады;

      8) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін өздерінің мәртебесін растайтын құжатты ұсынады;

      9) тұрғынжайды жалдау шарты бойынша берешектің жоқ екендігін растайтын құжат;

      10) Қағидалардың 7-тармағына сәйкес жекешелендірген жағдайда – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды меншігіне өтеусіз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататынын растайтын құжат.

      Жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы куәліктерінің (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғынжайдың бар немесе жоқ екені туралы анықтамалардың, мекенжай анықтамаларының, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің, көрсетілетін қызметті алушының немесе оның отбасы мүшелерінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызмет берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне (болған жағдайда) "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Тұрғын үй комиссиясы тұрғынжайды жекешелендіру туралы шешім шығарғаннан кейін тұрғынжайды беретін орган тұрғынжайдың қалдық құнын:

      1) мемлекеттiк мекемелер "Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына;

      2) мемлекеттiк кәсіпорындар Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептейді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін тұрғынжайды мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан коммуналдық меншікке беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларына (бұдан әрі – Беру қағидалары) сәйкес шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырылады.

      Жекешелендіру туралы шешім шығарылғаннан кейін коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның және коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан коммуналдық тұрғын үй қорына тұрғынжайды беру күнтізбелік он бес күн ішінде жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру туралы қабылданған шешім туралы және Беру қағидаларына сәйкес ресімделген мүлікті қабылдау-беру актісі (беру актісі) туралы мәліметтерді жұмыс органы Порталға тұрғынжайға құқықтар құқықтық кадастрда қайта тіркелген күннен бастап үш күндік мерзімде енгізеді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Жекешелендіруге жататын тұрғынжай коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстырылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган мен өтініш беруші арасында Порталда электрондық форматта ЭЦҚ-ны пайдаланумен тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарт жасалады.".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 17 қаңтардағы
№ 5 қаулысына
қосымша
  Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын
үй қорынан жергілікті атқарушы
орган жалдаған тұрғын үйге
мұқтаж Қазақстан
Республикасының азаматтарын
есепке қою қағидаларына
1-қосымша
_________, республикалық
маңызы бар қалалардың және
астананың, аудандардың және
облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы
органдарының тұрғын үй
қатынастары саласындағы
функцияны жүзеге асыратын
құрылымдық бөлімшесінің
атауы
  ___________________________
  мекенжайы бойынша тұратын азамат (ша)
  __________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
  ____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтініш

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабының 1-тармағына сәйкес мені отбасы құрамына сәйкес ____ бөлмелі мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжай/жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алу үшін _____ санаты бойынша тұрғынжай беру үшін есепке қоюды сұраймын.

      Отбасы құрамы:

      1. ______________________________________________________________

      (отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстық дәрежесі) жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________;

      2. ______________________________________________________________

      (отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстық дәрежесі) жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________;

      3. ______________________________________________________________

      (отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстық дәрежесі) жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________________.

      Менде және менімен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайдың бар немесе жоқ екенін тексеруге қарсы емеспін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қосымша: 1. ________________________;

      2. ________________________.

      ___________________ (күні, қолы)

  Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйге немесе жеке тұрғын
үй қорынан жергілікті атқарушы
орган жалдаған тұрғын үйге
мұқтаж Қазақстан
Республикасының азаматтарын
есепке қою қағидаларына
2-қосымша
  ___________________________
мемлекеттік
мекемесінің/мемлекеттік
кәсіпорнының басшысы
  ___________________________
аты-жөні (бар болса)
  ___________________________
мекенжайы бойынша тұратын
  азамат (ша)
  ___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Өтініш

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабының 1-тармағына сәйкес мені отбасы құрамына сәйкес ____ бөлмелі мемлекеттік мекеменің / мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан _____ санаты бойынша тұрғынжай беру үшін есепке қоюды сұраймын.

      Отбасы құрамы:

      1. ________________________________________________________________

      (отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туыстық дәрежесі) жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________;

      2. ________________________________________________________________

      (отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туыстық дәрежесі) жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________;

      3. _________________________________________________________________

      (отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туыстық дәрежесі) жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________.

      Менде және менімен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайдың бар немесе жоқ екенін тексеруге қарсы емеспін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қосымша: 1. ________________________;

      2. ________________________.

      ___________________ (күні, қолы)