Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Бейбітшілік және келісім музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 994 қаулысы.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Бейбітшілік және келісім музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған кәсіпорынның мүлкі "Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1 және 2-тармақтарынан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

      реттік нөмірі 67-жол алып тасталсын;

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 580 қаулысымен.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 580 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин