ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісу бойынша) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар (келісу бойынша) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген |
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
2. Кіріспе
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар
1-тарау. Бағдарламаның паспорты
Атауы | "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіздеме | "Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығы |
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар | Орталық және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері |
Бағдарламаның мақсаты | Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру |
Міндеттері |
1. Ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру. |
Іске асыру мерзімдері | 2020 – 2024 жылдар |
Нысаналы индикаторлары |
Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2025 жылға қарай мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады: |
Қаржыландыру көздері мен көлемдері |
Бағдарламаны іске асыруға 2020 – 2024 жылдары 421 421 239 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты жұмсалатын болады: |
2-тарау. Кіріспе
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" және 2014 жылғы
17 қаңтардағы "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына жолдауларының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.
Бағдарлама "Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін әзірленді.
Жалпы елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз ету жеке кәсіпкерліктің және бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерліктің жай-күйі мен даму деңгейіне тәуелді. Мемлекеттің экономикалық өсуіне ықпалын тигізетін бәсекелестің дамымауы, материалдық және материалдық емес ресурстарды тиімсіз пайдалану, ішкі сұраныстың импортқа тәуелділігі, жұмыссыздық, кедейшілік және басқалары сияқты көптеген проблемаларды шешу үшін экономиканың нақ осы секторының әлеуетті мүмкіндіктері орасан зор.
Шағын және орта кәсіпкерліктің экономиканы әртараптандырудағы рөлі де маңызды. Индустриялық-инновациялық даму жағдайында жұмыс процестеріне шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қатарынан көптеген қосалқы мердігерлер тартылуы мүмкін ірі өндірістер көбірек қалыптасатын болады. Ауылдарда, шағын қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлік субъектілері халықтың тұтынушылық сұранысын қанағаттандыруға бағдарланған секторларда жұмыс істей отырып, дамуға жаңа импульс беруі тиіс.
Осыған байланысты жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша жүйелі шаралар қабылдау қажет, ол қаржыландыруға қолжетімділікті жақсартуды, қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз етуді, құзыретті арттыруға жәрдемдесуді, консультациялық қолдау алуды және кәсіпкерлік бастамаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптестер тартуды қамтитын болады, бірақ олармен ғана шектелмейді.
2020 – 2024 жылдар кезеңінде іске асырылатын Бағдарлама өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтауды және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді.
Бағдарламаны іске асырудың төрт негізгі бағыты:
1) моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау;
2) экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау;
3) кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;
4) кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын көрсету.
Негізгі терминдер мен анықтамалар
Осы Бағдарламада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын облыстық (астана, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейде Бағдарламаның іске асырылуына жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
3) банк – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
4) банктік кредит/микрокредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және мақсатты пайдалану шартымен банк кәсіпкерге банктік қарыз шартының/микрокредит беру туралы шарттың негізінде беретін ақшалай қаражат сомасы. Банктік кредитке/микрокредитке кредиттік желі де жатады;
5) банктік қарыз шарты – шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит беретін банк пен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, сондай-ақ банкте кредиттік желі ашу туралы келісім;
6) "бір терезе" қағидаты – мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеуді көздейтін орталықтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету нысаны;
7) даму банкі – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және/немесе оның үлестес лизингтік компаниясы;
8) жоба – кіріс алуға бағытталған бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кәсіпкерлік қызметтің түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы (бір жобаның шеңберінде бірнеше банктік кредит алуға жол беріледі);
9) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын не отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (оның ішінде жай серіктестіктер нысанындағы);
10) кәсіпкер – өз қызметін 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы
11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігінде (бұдан әрі – Тетік) көрсетілген жеке кәсіпкерлік субъектісі;
11) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – КҚКО) –мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа онлайн режимде ұсыну үшін облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы кәсіпкерлер палаталарының филиалдары жанынан құрылған инфрақұрылымдық кешен;
12) КҚКО бөлімшесі – облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында кәсіпкерлер барынша көп шоғырланған жерлерде құрылған, кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге және мемлекеттік қызмет ұсынуға арналған жұмыс орны;
13) кепілдік беру – Бағдарлама шарттарында және кепілдік шартына сәйкес кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау нысаны;
14) қаржы агенттігі – Бағдарлама шеңберінде қаржылық қолдауды іске асыру мен мониторингілеуді жүзеге асыратын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
15) қаржылай емес қолдау операторы – "Сыртқы консультанттарды тарту арқылы озық кәсіпорындардың консультациялық жобаларын бірлесіп қаржыландыру (Еуропа Қайта құру және Даму банкінің (бұдан әрі – ЕҚДБ) Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі бағдарламасы)", "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құрамдауыштарын қоспағанда, Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуді жүзеге асыратын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
16) қаржылық лизинг шарты – шарттары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг беретін лизингтік компания/банк және кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім;
17) лизингтік компания – Бағдарламаға қатысатын лизингтік компания;
18) лизингтік мәміле (лизинг) – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимылдарының жиынтығы;
19) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы ынтымақтастық нысаны;
20) өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, жалпы қатысушылар санының кемінде 50 %-ін бизнес-қоғамдастықтың өкілдері құрайтын консультативтік-кеңесші орган;
21) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі банкке/лизингтік компанияға төлейтін өтеусіз және қайтарымсыз негіздегі мерзімді төлемдер;
22) субсидиялау – кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды болашақта орындаудың орнына кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;
23) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
24) ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі кредит алу үшін банкке/лизингтік компанияға жүгінген кезде үш жылдан кем уақытты құрайтын, 29 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жеке кәсіпкер (жас шамасы ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға жүгінген күнге айқындалады, ісін жаңа бастаған кәсіпкер жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін жаңа қызмет түрін құрған жағдайда, оның ісін жаңа бастаған/істеп жатқан кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);
25) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі банкке/лизингтік компанияға кредит/лизинг шарты үшін жүгінген кезде үш жылдан кем уақытты құрайтын кәсіпкер (ісін жаңа бастаған кәсіпкер жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін жаңа қызмет түрін құрған жағдайда, оның ісін жаңа бастаған/істеп жатқан кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);
26) ЭҚЖЖ (бұдан әрі – Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторлары) – Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың басым секторлары;
27) электрондық өтінім – мемлекеттік қолдауды алуға арналған өтініш, онда ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған;
28) электрондық құжаттар топтамасы – өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыру өкілеттіктеріне ие адамның не мемлекеттік қызметті алушының өзі болған кезде берген жазбаша келісімі негізінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті жұмыскерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, электрондық-цифрлық нысанда түпнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) толығымен көрсететін құжаттар.
3-тарау. Ағымдағы ахуалды талдау
Бағдарламаны іске асыру өңірлік жеке кәсіпкерлікті дамытуға және бәсекеге қабілеттілікті дамытуға бағытталған.
"Бизнестің жол картасы-2020" (бұдан әрі – БЖК-2020) бағдарламасын іске асыру кезеңіндегі 2010 – 2018 жылдар аралығында қолдау көрсетуге бағдарланған экономиканың шикізаттық емес секторларының даму көрсеткіштерінде оң үрдіс байқалды. Проценттік мөлшерлемелерді субсидиялау құралдарын пайдалану және кредиттерге кепілдік беру есебінен мемлекеттің екінші деңгейдегі банктерді өңдеу өнеркәсібі, көлік және байланыс сияқты салаларды кредиттеу көлемін ұлғайтуға ынталандыруына мүмкіндік туды.
БЖК-2020 бірінші кезеңінің мақсаты (2010 – 2015 жылдар) өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қолда бар жұмыс орындарын қолдау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады.
БЖК-2020 аясында 16,8 млрд. теңге сомасына кепілдіктер, 87 млрд. теңге – субсидиялар, 1 784,9 млрд. теңге – гранттар қаржыландырылды.
БЖК-2020 іске асырылған кезеңде ЖІӨ-нің жалпы көлемінде ШОК-нің жалпы қосылған құны 2009 жылғы 17,7 %-тен 2014 жылы 25,9 %-ке дейін өсті.
Бұл бір мезгілде номиналды ЖІӨ-нің 2,3 есеге – 2009 жылғы 17 трлн. теңгеден 2014 жылы 39,7 трлн. теңгеге дейін өсуіне әкелді.
БЖК-2020 іске асыру ШОК белсенді субъектілерінің санын 40 %-ке айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді (2010 жылғы 661,6 мың бірліктен 2015 жылы 926,8 мың бірлікке дейін), бұл ШОК-дегі жұмыспен қамтудың 2,6-дан 2,8 млн. адамға дейін болмашы өсуіне ықпал етті.
ШОК-дегі еңбек өнімділігі ондағы жұмыс істейтін бір адамға 2009 жылғы 1,3 млн. теңгеден 2014 жылы 3,6 млн. теңгеге дейін ұлғайды.
БЖК-2020 іске асыру ел бюджетінің кіріс бөлігін ШОК салық түсімдерінен 5 жылда 31 есе (2010 жылғы 4,1 млрд. теңгеден 2014 жылы 109,9 млрд. теңгеге дейін) ұлғайтып, оған елеулі үлес қосуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, бюджет қаражатының салынуына қарамастан, БЖК-2020 іске асыру кезеңінде ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыру жөніндегі мақсатқа қол жеткізілген жоқ.
Көрсеткіш 2010 жылғы 11,3 %-тен 2014 жылы 10,3 %-ке дейін төмендеді.
1-кесте. БЖК-2020 іске асырудың әсері
Көрсеткіш | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014 |
Елдің ЖІӨ (млн. теңге) | 17 007 647 | 21 815 517 | 28 243 053 | 31 015 187 | 35 999 025 | 39 675 833 |
ШОК белсенді субъектілері, бірлік | 663 374 | 661 598 | 846 111 | 809 750 | 888 233 | 926 844 |
ШОК-де жұмыспен қамтылғандар саны, адам | 2 296 600 | 2 630 580 | 2 427 135 | 2 383 338 | 2 576 899 | 2 810 962 |
ШОК субъектілерінің өнім шығаруы, млн. теңге | 5 366 936 | 7 275 779 | 7 603 804 | 8 255 123 | 9 165 412 | 15 568 081 |
ШОК субъектілерінің ЖҚҚ, млн. теңге | 3 002 660 | 4 498 009 | 4 890 986 | 5 303 593 | 6 027 426 | 10 294 709 |
Жалпы ЖІӨ-дегі ШОК ЖҚҚ үлесі, % | 17,7 | 20,6 | 17,3 | 17,1 | 16,7 | 25,9 |
ШОК өнімділігі (млн. теңге/адам) | 1,31 | 1,71 | 2,02 | 2,23 | 2,34 | 3,66 |
ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі, % | 10,9 | 11,3 | 11,0 | 11,0 | 10,7 | 10,2 |
Жалпы алғанда, БЖК-2020 бірінші кезеңін іске асыру кезінде ел экономикасындағы ШОК үлесінің өсуі орын алды, бұл ретте ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібі үлесінің жоспарлы өсуіне қол жеткізілмеді деген тұжырым жасауға болады.
БЖК-2020 екінші кезеңінің (2015 – 2020 жылдар) мақсаты өңірлік кәсіпкерліктің орнықты өсуін қамтамасыз ету болып табылады.
БЖК-2020 екінші кезеңі іске асырылған 4 жыл ішінде елдің жалпы ішкі өніміне ШОК үлесі 2,4 проценттік тармаққа, 2014 жылғы 26 %-тен 2018 жылы 28,4 %-ке дейінгі болмашы өсімді көрсетті.
Дегенмен, ШОК белсенді субъектілерінің 33 %-ке – 2014 жылы 926,8 мың бірліктен 2018 жылы 1 241,3 мың бірлікке дейін айтарлықтай өсуі байқалады, бұл ШОК субъектілерінің өнім шығаруының 2018 жылы 26,4 трлн. теңгені құрап 70 %-ке өсуіне ықпал етті.
БЖК-2020 іске асырылған 4 жылда ШОК-де жұмыспен қамтылғандар саны 17,8 %-ке, 2014 жылғы 2 811 мың адамнан 2018 жылы 3 312 мың адамға дейін өсті.
ШОК-дегі еңбек өнімділігі ШОК-де жұмыспен қамтылған бір адамға 2014 жылғы 3,6 млн. теңгеден 2018 жылы 4,7 млн. теңгеге дейін ұлғайды.
БЖК-2020 іске асырудың алдыңғы кезеңінің нәтижелерінен өзгешілігі екінші кезең іске асырылған төрт жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібі үлесінің 2014 жылғы 10,2 %-тен 2018 жылы 11,6 %-ке дейін біртіндеп өскені байқалады.
2-кесте. БЖК-2020 іске асырудың әсері
Көрсеткіш | 2014 | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 |
Елдің ЖІӨ (млн. теңге) | 39 675 833 | 40 884 134 | 46 971 150 | 53 101 282 | 58 785 738 |
ШОК белсенді субъектілері, бірлік | 926 844 | 1 242 579 | 1 106 353 | 1 145 994 | 1 241 328 |
ШОК-де жұмыспен қамтылғандар саны, адам | 2 810 962 | 3 183 844 | 3 166 792 | 3 190 133 | 3 312 457 |
ШОК субъектілерінің өнім шығаруы, млн. теңге | 15 568 081 | 15 699 405 | 19 609 010 | 23 241 125 | 26 473 049 |
Жалпы ЖІӨ-дегі ШОК ЖҚҚ үлесі, % | 25,9 | 24,9 | 26,8 | 26,8 | 28,4 |
ЖІӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі, % | 10,2 | 10,2 | 11,3 | 11,2 | 11,6 |
ШОК өнімділігі (млн. теңге/адам) | 3,66 | 3,20 | 3,97 | 4,47 | 4,76 |
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖК-2020 шеңберінде қолданыстағы кредиттер портфелі 1 527 млрд. теңгені құрады, олардың ішінде инвестициялық мақсаттарға арналған кредиттер портфелі – 998 млрд. теңге.
Экономиканың басым секторлары бойынша банктік кредиттер портфелінің жалпы көлемі 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 150 млрд. теңге, экономиканың басым секторлары бойынша кредит портфелінің жалпы көлемінде БЖК-2020 қамту 15,0 % құрады (бұл экономиканың басым секторларындағы жалпы кредит портфеліндегі қолданыстағы субсидиялау және кепілдік беру шарттарының проценті).
Жалпы 2010 – 2018 жылдары банктердің жиынтық кредиттік портфелі өңдеу өнеркәсібінде 3 есе (455 млрд. теңгеден 1 359 млрд. теңгеге дейін), көлік секторында – 2,4 есе (252 млрд. теңгеден 593 млрд. теңгеге дейін), байланыс секторында – 1,4 есе (51 млрд. теңгеден 72 млрд. теңгеге дейін) ұлғайды.
Өңдеу өнеркәсібіне берілген кредиттердің жиынтық көлемі 2010 – 2018 жылдары 3,8 есе (383 млрд. теңгеден 1 455 млрд. теңгеге дейін), көлік секторына – 2,7 есе (145 млрд. теңгеден 395 млрд. теңгеге дейін), байланыс секторына – 2,4 есе (22 млрд. теңгеден 52 млрд. теңгеге дейін) өсті.
2010 жылдан бері жыл сайын БЖК-2020 іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне өнім шығарудың өсуі, салық төлеу, жұмыс орындарын құру және сақтап қалу тұрғысынан мониторинг жүргізіледі.
Мәселен, 2010 жылдан бері БЖК-2020 қатысушыларынан түскен салықтық түсімдер мен олардың өнім шығаруының жыл сайынғы өсімі байқалуда.
Өнім шығару бойынша:
2010 жылдың қорытындысы бойынша БЖК-2020 қатысушылары 54 млрд. теңгенің өнімін шығарды, 2018 жылы 5,6 трлн. теңгенің өнімін шығарды.
Өнім шығару (сомасы, млрд. теңге) | ||||||||
2010ж. | 2011ж. | 2012ж. | 2013ж. | 2014ж. | 2015ж. | 2016ж. | 2017ж. | 2018ж. |
54 | 276 | 671,8 | 1 061 | 1 401,6 | 2 377 | 3 257,3 | 4 382,6 | 5 564 |
Салықтық түсімдер бойынша:
2010 жылдың қорытындысы бойынша БЖК-2020 қатысушылары 4,1 млрд. теңге сомасына салық төледі, 2018 жылы салықтық төлемдердің сомасы 316,1 млрд. теңгені құрады.
БЖК-2020 қатысушыларынан түсетін салықтық түсімдердің ұлғаюы қатысушылар табысының өскенін және өндірістік қуаттардың ұлғайғанын көрсетеді.
Салықтық түсімдер (сомасы, млрд. теңге) | ||||||||
2010ж. | 2011ж. | 2012ж. | 2013ж. | 2014ж. | 2015ж. | 2016ж. | 2017ж. | 2018ж. |
4,1 | 27,8 | 63,5 | 91,9 | 110 | 129,3 | 204,2 | 269,3 | 316,1 |
Жұмыс орындарын құру және сақтап қалу бойынша:
БЖК-2020 іске асырылған кезеңде шамамен 95 мың жаңа жұмыс орны құрылып, 340 мыңнан астам жұмыс орны сақталды.
Жұмыс орындарын құру және сақтап қалу кәсіпкерлер жобаларының бизнес жоспарларындағы жұмыс орындарының мәлімделген санына байланысты екенін атап өту қажет.
Жоғарыда көрсетілген деректер мемлекеттік қолдау шараларын алу кезінде Бағдарламаға қатысушылар міндеттемелерінің бір бөлігі болып табылады.
Қалыптасып отырған ағымдағы жағдайдан мемлекет инвестициялар үшін барлық жағдай мен мүмкіндіктер жасап отырғанын, алайда айналым қаражатын толықтыруды қалайтын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау болмай отырғанын көруге болады. Кредиттеу құрылымы жөніндегі деректерді негізге ала отырып, Бағдарлама құралдарын осы бағытта кеңейту шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау деңгейін айтарлықтай жоғарылатып, осылайша елдегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің айтарлықтай өсуіне алғышарт жасайды деп айтуға болады.
Оқыту түрінде қаржылай емес мемлекеттік қолдау көрсету БЖК-2020-ға 2011 жылы енгізілді. Осы бағыт іске асырылған жылдары аталмыш қолдау танымал бола түсті. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту" жобасы бойынша 2 949 кәсіпкер оқытылды. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жасау бойынша жұмыс жүргізілді. Мәселен, 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыс орталықтары мен ірі қалаларда кәсіпкерлерге қызмет көрсететін 20 орталық, моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында кәсіпкерлерді қолдайтын 191 орталық жұмыс істейді, оларда 468 мыңнан астам кәсіпкер 1 198 мыңнан астам консультация алып, 373 мыңнан астам кәсіпкерге 689 мың сервистік қызмет көрсетілді. Өңірлік деңгейде кәсіпкерлікті қолдаудың 14 мобильді орталығы жұмыс істейді, олар 52 мың клиентке 73 мыңнан астам көшпелі консультация берді.
Осылайша, ағымдағы жағдайды талдау Бағдарлама ірі қалалардан тыс жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті мақсатты түрде қолдауы әрі кәсіпкерлік әлеуетті күшейтуді көздеуі тиіс екенін көрсетіп отыр.
2015 жылдан бастап Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҰКП) "Бизнестің жол картасы-2020" бірыңғай бағдарламасы шеңберінде қаржылай емес қолдау операторы болып табылатынын атап өту керек. Осылайша, 2015 жылдан бастап ҰКП мынадай жобаларды іске асыруда:
1. Бизнес-Кеңесші
2. Бизнес-Өсу
3. Іскерлік қатынастар
4. Аға сеньорлар
5. Бизнес-Насихат
6. Кәсіпкерлерге арналған сервистік қолдау
7. Ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтер.
Бағдарлама шеңберінде "Жаңа бизнес бастамаларды қолдау" бағыты бойынша қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру, жобалардың өндірістік қуатын арттыру, ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда, кәсіпкерлердің бизнес бастамалары мен олардың жобаларын кеңейту сияқты проблемалық мәселелер шешілетін болады.
Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру үшін банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, банктердің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру жүзеге асырылуда.
Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің өндіріс қуатын ұлғайту үшін ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу жүзеге асырылуда.
Экономиканың басым секторларында кәсіпкерлікті дамыту өңдеу өнеркәсібі өндірген өнімнің көлемін ұлғайту, бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру, шағын және орта кәсіпкерлікте халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайту міндеттерін шешеді.
Өңдеу өнеркәсібі өндірген өнім көлемін ұлғайту үшін банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру, сондай-ақ мемлекеттік гранттар беру жүзеге асырылуда.
Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру үшін кәсіпкерлердің жобаларын және индустриялық аймақтарды жетіспейтін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.
Шағын және орта кәсіпкерлікте халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру, кәсіпкерлер жобаларының және индустриялық аймақтардың жетіспейтін инфрақұрылымын қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.
Шетелдік валюталардың құбылмалы болуына байланысты валюталық тәуекелдердің кредиттік тәуекелдерге өзгеруіне жол бермеу үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін ұлттық және шетелдік валюталарда субсидиялау жүзеге асырылатын болады.
Кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету жөніндегі проблемалардың шешімі кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету, кәсіпкерлердің құзыретін арттыру, кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру, іскерлік байланыстарды кеңейту болып табылады.
Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету үшін
"Бизнес-Насихат" жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жүзеге асырылатын болады.
Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру үшін кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту, кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, рұқсат беру құжаттары мен техникалық шарттарды алу мәселелері бойынша кеңестер беру жүзеге асырылады.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнімділігін арттыру үшін басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиясы, өнімділікті арттыру және кәсіпорынның энергия үнемдеу мәселелері бойынша сыртқы және ішкі консультанттарды тарту жүзеге асырылатын болады.
Іскерлік байланыстарды кеңейту үшін шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату және отандық өңделген тауарларды ілгерілету жүзеге асырылады.
Бағдарлама шеңберінде | |
Күшті жақтары | Әлсіз жақтары |
1. Бәсекеге қабілетті жұмыс күшінің болуы, Қазақстан халқының жартысынан астамы экономикалық белсенді болып табылады. |
1. Кредит бойынша өтімділікті қамтамасыз етудің болмауына, сондай-ақ инфрақұрылымның нашар дамуына және мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде цифрлық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің болмауына байланысты ауылдық елді мекендерді, шағын қалалар мен моноқалаларды қаржылық дамытуға екінші деңгейдегі банктер тарапынан қызығушылықтың болмауы. |
Мүмкіндіктер | Қауіп-қатерлер |
1. Отандық тауарлар өндірісін дамыту, кәсіпкерлер үшін валюталық тәуекелдерді төмендету, денсаулық сақтау, білім беру, өнер, ақпараттық технологиялар сияқты әлеуметтік маңызы бар салаларда көрсетілетін қызметтерді дамыту, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту, ауылдық жерлерде, моноқалаларда және шағын қалаларда өмір сүру деңгейін арттыру. |
1. Кәсіпкердің мемлекеттік қолдау қаражатын мақсатты пайдаланбауы. |
4-тарау. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
4.1. Мақсаттар
Бағдарламаның мақсаттары өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі бар жұмыс орындарын сақтап қалу әрі жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру болып табылады.
4.2. Нысаналы индикаторлар
Бағдарламаның 2025 жылға қарай қол жеткізілетін нысаналы индикаторлары:
1) ЖІӨ-дегі ШОК үлесін кемінде 33,8 %-ке жеткізу.
2) Бағдарламаға қатысушылардан түсетін салықтық түсімдерді 2017 жылғы деңгейден 2 есеге ұлғайту.
3) Бағдарламаға қатысушылардың жаңа 30 мың жұмыс орнын құруы.
4) ЖІӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 13,4 %-ке жеткізу.
5) Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесін кемінде 13,7 %-ке жеткізу.
3-кесте. Нысаналы индикаторлар
Р/с № | Нысаналы индикаторлар | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 | Орындауға жауаптылар |
1 | ЖІӨ-дегі ШОК үлесін кемінде 33,8 %-ке жеткізу | % | статистикалық деректер | 29,0 | 30,0 | 31,3 | 32,5 | 33,8 | ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша), "Назарбаев университеті" ДБҰ (келісу бойынша) |
2 | Бағдарламаға қатысушылардан түсетін салықтық түсімдерді 2017 жылғы деңгейден 2 есеге ұлғайту | млрд. теңге | ведомстволық деректер | 420 | 450 | 470 | 490 | 520 | ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша), "Назарбаев университеті" ДБҰ (келісу бойынша) |
3 | Бағдарламаға қатысушылардың жаңа 30 мың жұмыс орнын құруы | мың | ведомстволық деректер | 5,8 | 5,9 | 6,1 | 6,3 | 6,5 | ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша), "Назарбаев университеті" ДБҰ (келісу бойынша) |
4 | ЖІӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 13,4 %-ке жеткізу | % | статистикалық деректер | 12,7 | 13 | 13 | 13,2 | 13,4 | ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша), "Назарбаев университеті" ДБҰ (келісу бойынша) |
5 | Экономикадағы орта кәсіпкерліктің үлесін кемінде 13,7 %-ке жеткізу | % | статистикалық деректер | 8,7 | 10,0 | 11,2 | 12,5 | 13,7 | ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша) |
4.3. Міндеттер
Бағдарламаның мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін мынадай төрт:
1) моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау;
2) экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау;
3) кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;
4) кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын көрсету бағыттары бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау
Осы бағыт шеңберінде мынадай:
1) моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру, оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту;
2) моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлері жобаларының өндірістік қуатын ұлғайту міндеттерін шешу қажет.
1-міндет. Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру, оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту
Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, банктердің/даму банкінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын болады.
4-кесте. Ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалар кәсіпкерлерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру бойынша нәтижелер көрсеткіштері
P/с № | Нәтижелер көрсеткіштері | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Іске асыру жылдары | Орындауға жауаптылар | |||||
2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 | Жиыны | |||||
1. | Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде субсидияланған жобалардың саны | бірлік | ведомстволық деректер | 308 | 315 | 320 | 322 | 328 | 1593 | ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) |
2. | Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде берілген кепілдіктер-дің саны | бірлік | ведомстволық деректер | 210 | 221 | 223 | 243 | 255 | 1161 | ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) |
2-міндет. Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлері жобаларының өндірістік қуатын ұлғайту
Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлері жобаларының өндірістік қуатын ұлғайту үшін кәсіпкерлердің жобаларын жетіспейтін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.
5-кесте. Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлері жобаларының өндірістік қуатын ұлғайту бойынша нәтижелер көрсеткіштері
P/с № | Нәтижелер көрсеткіші | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Іске асыру жылдары | Орындауға жауаптылар | |||||
2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 | Жиыны | |||||
1. | Қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлері жобаларының саны | бір-лік | ведомстволық деректер | 5 | 5 | 5 | 5 | 5 | 25 | ҰЭМ, ЖАО |
Бағдарлама бекітілгенге дейін БЖК-2020 шеңберінде мақұлданған жобалар және 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған шарттар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.
Қаржыландырудың ағымдағы шарттарының кез келгені өзгерген жағдайда, жоба Бағдарламаның қолданыстағы шарттарына сәйкес келуге тиіс.
Экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау
Осы бағыт шеңберінде мынадай:
1) өңдеу өнеркәсібі өндірген өнімінің көлемін ұлғайту;
2) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру;
3) кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру, оның ішінде экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын отбасылық кәсіпкерлікті дамыту міндеттерін шешу қажет.
3-міндет. Өңдеу өнеркәсібі өндірген өнімінің көлемін ұлғайту
Өңдеу өнеркәсібі өндірген өнімінің көлемін ұлғайту үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, мемлекеттік гранттар беру және банктердің/даму банкінің кәсіпкерлерге берген кредиттеріне ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын болады.
6-кесте. Өңдеу өнеркәсібі өндірген өнімнің көлемін ұлғайту бойынша нәтижелер көрсеткіштері
P/с № | Нәтижелер көрсеткіштері | Өл-шем бірлігі | Ақпарат көзі | Іске асыру жылдары | Орындауға жауаптылар | |||||
2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 | Жиыны | |||||
1. | Экономиканың басым секторларында субсидияланған жобалардың саны | бір-лік | ведомстволық деректер | 910 | 932 | 947 | 955 | 969 | 4713 | ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) |
2. | Экономиканың басым секторларына берілген кепілдіктер саны | бір-лік | ведомстволық деректер | 1365 | 1433 | 1505 | 1580 | 1659 | 7542 | ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) |
3. | Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілген гранттар саны | бір-лік | ведомстволық деректер | 260 | 260 | 140 | 140 | 140 | 940 | ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) |
4-міндет. Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру
Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру үшін кәсіпкерлер жобаларын және индустриялық аймақтарды жетіспейтін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жүзеге асырылатын болады.
7-кесте. Бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру бойынша нәтижелер көрсеткіштері
P/с | Нәтижелер көрсеткіштері | Өл-шем бірлігі | Ақпарат көзі | Іске асыру жылдары | Орындауға жауаптылар | |||||
2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 | Жиыны | |||||
1. | Экономиканың басым секторлары, сондай-ақ моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлері-нің қажетті инфрақұры-лыммен қамтамасыз етілген жобаларының саны | бірлік | ведомстволық деректер | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | 50 | ҰЭМ, ЖАО |
2. | Қажетті инфрақұры-лыммен қамтамасыз етілген индустриялық аймақтардың саны | бір-лік | ведомстволық деректер | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 10 | ҰЭМ, ЖАО |
5-міндет. Кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру, оның ішінде экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын отбасылық кәсіпкерлікті дамыту
Экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, мемлекеттік гранттар беру және кәсіпкерлерге берілген банктердің/даму банкінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын болады.
Бағдарлама бекітілгенге дейін БЖК-2020 шеңберінде мақұлданған жобалар және 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған шарттар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.
Қаржыландырудың ағымдағы шарттарының кез келгені өзгерген жағдайда, жоба Бағдарламаның қолданыстағы шарттарына сәйкес келуге тиіс.
Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін азайту
Осы бағыт шеңберінде шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдердің кредиттік тәуекелдерге өзгеруін болдырмау жөніндегі міндетті шешу қажет.
6-міндет. Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдердің кредиттік тәуекелдерге өзгеруіне жол бермеу
Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдердің кредиттік тәуекелдерге өзгеруіне жол бермеу үшін банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау ұлттық және шетелдік валюталарда жүзеге асырылатын болады.
8-кесте.Шетелдік валюталардың ауытқуларына байланысты валюталық тәуекелдердің кредиттік тәуекелдерге өзгеруіне жол бермеу бойынша нәтижелер көрсеткіштері
P/с № | Нәтижелер көрсеткіші | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Іске асыру жылдары | Орындауға жауаптылар | |||||
2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 | Жиыны | |||||
1. | Экономика-ның басым секторла-рында валюталық түсімі бар кәсіпкер-лердің субсидияланған жобалары-ның саны | бір-лік | ведомстволық деректер | 10 | 12 | 13 | 13 | 13 | 61 | ҰЭМ, ЖАО, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) |
Бағдарлама бекітілгенге дейін БЖК-2020 шеңберінде мақұлданған жобалар және 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған шарттар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.
Қаржыландырудың ағымдағы шарттарының кез келгені өзгерген жағдайда, жоба Бағдарламаның қолданыстағы шарттарына сәйкес келуге тиіс.
Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын көрсету
Осы бағыт шеңберінде мынадай:
1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлердің құзыретін арттыру;
3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;
4) іскерлік байланыстарды кеңейту міндеттерін шешу қажет.
7-міндет. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету
Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету үшін "Бизнес-Насихат" құрамдауышы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жүзеге асырылатын болады.
9-кесте. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бойынша нәтижелер көрсеткіштері
P/с № | Нәтижелер көрсеткіштері | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Іске асыру жылдары | Орындауға жауаптылар | |||||
2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 | Жиыны | |||||
1. |
Сарапшылардың, | бірлік | ведомстволық деректер | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | 50 | ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша) |
2. | Ақпараттық-білім беретін анимациялық және бейнероликтер шығару және БАҚ-та орналастыру, оның ішінде әлеуметтік желілер мен бейнехостинг арналарында орналастыру | бірлік | ведомстволық деректер | 35 | 35 | 35 | 35 | 35 | 175 | ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша) |
8-міндет. Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру
Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру үшін кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту, кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жүзеге асырылатын болады.
10-кесте. Кәсіпкерлердің құзыретін арттыру бойынша нәтижелер көрсеткіштері
P/с № | Нәтижелер көрсеткіштері | Өлшем бірлігі | Ақпарат көзі | Іске асыру жылдары | Орындауға жауаптылар | |||||
2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 | Жиыны | |||||
1. | Оқытудан өткен кәсіпкерлердің саны | бір-лік | ведомстволық деректер | 7920 | 7920 | 7920 | 7920 | 7920 | 39600 | ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша), "Назарбаев университеті" ДБҰ (келісу бойынша) |
2. | Сервистік қызмет көрсетілген кәсіпкерлердің саны | бір-лік | ведомстволық деректер | 30000 | 30000 | 30000 | 30000 | 30000 | 150000 | ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша) |
9-міндет. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру
Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру үшін басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу (Аға сеньорлар), кәсіпорындардың өнімділігін арттыру және энергия үнемдеу (ЕҚДБ-ның Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі бағдарламасы) мәселелері бойынша сыртқы және ішкі консультанттарды тарту жүзеге асырылатын болады.
11-кесте. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру бойынша нәтижелер көрсеткіштері
P/с № | Нәтижелер көрсеткіштері | Өл-шем бірлігі | Ақпарат көзі | Іске асыру жылдары | Орындауға жауаптылар | |||||
2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 | Жиыны | |||||
1. | Басқарудың жаңа әдістерін, өндірістің технологияла-рын енгізу, кәсіпорындар-дың өнімділігін арттыру және энергия үнемдеу мәселелері бойынша тартылған сыртқы консультанттардың саны | бір-лік | ведомстволық деректер | 85 | 85 | 85 | 85 | 85 | 425 | ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша) |
10-міндет. Іскерлік байланыстарды кеңейту
Іскерлік байланыстарды кеңейту үшін шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату ("Іскерлік байланыстар" құралы) және отандық өңделген тауарларды ілгерілету жүзеге асырылатын болады.
12-кесте. Іскерлік байланыстарды кеңейту бойынша нәтижелер көрсеткіштері
P/с № | Нәтижелер көрсеткіші | Өл-шем бірлігі | Ақпарат көзі | Іске асыру жылдары | Орындауға жауаптылар | |||||
2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 | Жиыны | |||||
1. | Іскерлік байланыстарды кеңейту үшін шет мемлекеттерге жіберілген кәсіпкерлер саны | бір-лік | ведомстволық деректер | 30 | 30 | 30 | 30 | 30 | 150 | ҰЭМ, ҰКП (келісу бойынша) |
Бағдарлама бекітілгенге дейін БЖК-2020 шеңберінде мақұлданған жобалар және 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған шарттар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.
Қаржыландырудың ағымдағы шарттарының кез келгені өзгерген жағдайда, жоба Бағдарламаның қолданыстағы шарттарына сәйкес келуге тиіс.
5-тарау. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар
1. Бағдарламада – өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын қолдау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру сияқты түйінді мақсаттарға қол жеткізу үшін іске асырылуы қажет өзара байланысты шаралар кешенін іске асыру болжанады.
Бірінші бағыт: моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау
2. Бағдарламаның бірінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай:
1) банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;
2) ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау;
3) банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру бойынша қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді.
3. Салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алмай ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда жеке және тиімді жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағытының қатысушылары болып табылады.
4. Бағдарлама шеңберінде қолдау шараларын іске асыру мақсатында моноқалалар мен шағын қалаларға, сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға жатпайтын елді мекендер ауылдық елді мекендер деп танылады.
Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау
5. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және кешенді кәсіпкерлік лицензияға (бұдан әрі – франчайзинг) бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.
6. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберіндегі жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.
7. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
8. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.
Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
9. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.
10. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.
Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау
11. Субсидиялау кәсіпкерлер ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігі/жалдау төлемінің бір бөлігі ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
12. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
13. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған қаржыландыру да субсидиялауға жатады.
14. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
15. Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.
16. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру кезінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.
Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру
17. Кепілдік тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер бойынша ғана беріледі.
18. Кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру өтеусіз негізде ұсынылады.
19. Кепілдіктер мөлшері кәсіпкерліктің түріне және жоба шеңберіндегі кредиттің сомасына байланысты.
20. Ұсынылатын кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды.
21. Қаржы агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында белгіленген жағдайларда кепілдік беруден бас тартады.
22. Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беруді қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.
23. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.
Екінші бағыт: экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау
24. Бағдарламаның екінші бағыты кәсіпкерлерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мынадай қаржылық қолдау шараларын көрсетуді көздейді:
1) банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
2) ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау;
3) өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
4) кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
5) банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;
6) өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде банктер беретін кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру;
7) мемлекеттік гранттар беру;
8) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;
9) индустриялық аймақтар құру.
25. Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларында меншікті жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері Бағдарламаның екінші бағытының қатысушылары болып табылады.
Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау
26. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.
27. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мұндай жобалар Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына сәйкес болған жағдайда жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.
Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
28. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.
29. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.
30. Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.
Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау
31. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауарға үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа қаржыландырулар бойынша жүзеге асырылады.
32. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мұндай жобалар Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына сәйкес болған жағдайда кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.
33. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
34. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған қаржыландыру да субсидиялауға жатады.
Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
35. Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
36. Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру кезінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.
Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау
37. Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілген қызметтерді, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Тетікте көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау
38. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау эмитенттер облигациялар бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
39. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін шығарылған облигациялар бойынша жүзеге асырылады.
40. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
41. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.
42. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.
Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру
43. Ішінара кепілдік беру тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер бойынша ғана беріледі.
44. Кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру өтеусіз негізде ұсынылады.
45. Кепілдік мөлшері кәсіпкерліктің түріне және жоба шеңберіндегі кредиттің сомасына байланысты.
46. Ұсынылатын кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды.
47. Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беруді қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.
48. Қаржы агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларында белгіленген жағдайларда кепілдік беруден бас тартады.
49. Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.
Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілетін кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру
50. Өңдеу өнеркәсібінде және көрсетілген қызметтерді, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша қолжетімді кредиттеу міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету шеңберінде берілген кредиттер бойынша ішінара кепілдік беру Тетікте көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік гранттар беру
51. Мемлекеттік гранттар Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларындағы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.
52. Мемлекеттік гранттар беру нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
53. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды мемлекет шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері арқылы береді.
54. Мемлекеттік гранттарды беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларымен регламенттеледі.
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту
55. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жекелеген жобалар үшін дербес (оның ішінде бірнеше жобаларды қамтамасыз ету үшін), сол сияқты индустриялық аймақтарды құру шеңберінде де жаңа өндіріс құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған шағын және орта кәсіпкерлік жобаларына жетіспейтін инфрақұрылым жүргізуді білдіреді.
56. Шағын және орта кәсіпкерлік жобаларының және индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
57. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларында қызмет ететін кәсіпкерлер үшін жүзеге асырылады.
58. Моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде қызмет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.
59. Бөлінген қаражат мынадай инфрақұрылымдарды салуға және реконструкциялауға бағытталады: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғымаларды бұрғылау), газдандыру, сутаратқыштар, буқұбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, темiржол тұйықтары, темiржол кірме жолдары, телефондандыру, кіші электр станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газ қондырғылары.
60. Жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектісі аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте кәсіпкерлік объектісі аумағының ішінде инфрақұрылым жүргізуге қаражат бөлу көзделмейді.
61. Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жобасы құнының 50 %-інен аспауға тиіс.
62. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу құрылыс құнының кемінде 10 % мөлшерінде жергілікті бюджеттен қоса қаржыландырылған жағдайда жүзеге асырылады.
63. Республикалық бюджеттен құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техникалық-экономикалық негіздеме) немесе жобалау (жобалық-сметалық) құжаттамасын әзірлеумен байланысты шығындарды қаржыландыруға жол берілмейді.
64. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидаларымен регламенттеледі.
Индустриялық аймақтарды дамыту
65. Индустриялық аймақтың аумағында өндірістік мақсаттағы (өндірістік, қойма және әкімшілік үй-жайлар), әлеуметтік қызметтер көрсету объектілері (қоғамдық тамақтандыру, жұмыскерлердің біліктілігін арттыру, коммуналдық қызметтер көрсету пункттері), банктік қызметтер көрсету объектілері орналастырылады.
66. Индустриялық аймақтар құрудың негізгі міндеттері:
1) өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерліктің жедел дамуына жәрдемдесу;
2) жаңа өндірістердің инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру;
3) өндіріс тиімділігін арттыру;
4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.
67. Индустриялық аймақтар:
1) өндіріске арналған ғимараттар мен құрылысжайлар салуға инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелері;
2) кәсіпкерге жалға беру немесе сату үшін дайын өндірістік үй-жайлар, оның ішінде өндірістік инфрақұрылымы бар тоқтап тұрған, консервацияланған немесе жұмыс істемейтін өндірістер;
3) құрылысқа арналған жер учаскелері, сол сияқты өндірістік үй-жайлары да бар кешенді индустриялық аймақтар түрінде құрылады.
68. Индустриялық аймақ аумағының шекарасына дейін және оның ішінде инфрақұрылымды жүргізу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады, бұл ретте бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен қоса қаржыландырылады.
69. Бұл ретте жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу өлшемшарттарына сәйкес келетін индустриялық аймақтарды құру және дамыту жобаларына жетіспейтін инфрақұрылым жүргізу де жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
70. Индустриялық аймақтарды құру өңірлік мамандануға және жергілікті кәсіпкерліктің мүмкіндіктеріне сәйкес жүзеге асырылады.
71. Инфрақұрылым салу (реконструкциялау) құны индустриялық аймақтар құру немесе дамыту жобасы құнының 50 %-інен аспауға тиіс.
72. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (бұдан әрі – ӘКК) индустриялық аймақтардың операторы болып табылады.
73. Индустриялық аймақтар операторының функцияларына:
1) индустриялық аймақтарға қатысушыларды тарту;
2) инфрақұрылым объектілерін салу үшін инвестициялар тарту және индустриялық аймақты қаржыландыру мәселелерін шешу;
3) жер учаскелерін жерді қайтадан пайдалануға (қосалқы жалға) беру және инфрақұрылым объектілерін жалға (қосалқы жалға) беру;
4) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасасу, оларды бұзу және олардың талаптарының орындалуын мониторингілеу;
5) индустриялық аймақ қызметін қамтамасыз ету және қолдау жатады.
74. ӘКК операторлық көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
75. ӘКК индустриялық аймақтарды тиімді басқару мақсатында басқарушы компанияларды, оның ішінде жергілікті және шетелдік бөгде ұйымдарды тарта отырып, құра алады.
76. Өнеркәсiптiк аймақтарды құру немесе дамыту жобалары үшін жетiспейтiн инфрақұрылымды жеткізу шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетін Бағдарлама шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргiзу қағидаларымен регламенттеледі.
Үшінші бағыт: кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерінің төмендеуі
77. Бағдарламаның үшінші бағыты кәсіпкерлерге мынадай қаржылық қолдау шараларын ұсынуды көздейді:
1) банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;
2) ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігі мен жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау.
78. Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын және кәсіпкер қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі алдыңғы алты айдағы ақшалай түсімнің жалпы көлемінен кемінде 10 % мөлшерінде валюталық түсім алатын кәсіпкерлер Бағдарламаның үшінші бағытының қатысушылары бола алады.
Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау
79. Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға және/немесе қайта қаржыландыруға берілген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Бұл ретте қайта жаңарту негізінде берілген айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттерді субсидиялауға жол беріледі. Негізгі құралдар сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге берілген кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредитті қайта жаңарту мүмкіндігінің шарты қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімінде көрсетілуге тиіс.
80. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша қаржы агенттігі мақұлдаған жобалары басқа банктерде/лизингтік компанияларда (даму банкінде) бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында қайта қаржыландырылуы мүмкін.
Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қаржы агенттігі қол қойған кезден бастап белгіленеді.
81. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау банктің/даму банкінің валюталық стандартты кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
82. Қаржы агенттігі оң бағамдық айырма пайда болған жағдайда кәсіпкердің жобаларын субсидиялау үшін қаражатты кейін қайта бөлу мақсатында айырманы қаржы агенттігінің шотына қайтаруды жүзеге асырады, ал бағамдық айырма теріс болса – кәсіпкерге жүктеледі.
83. Субсидиялар сомаларын қаржы агенттігі субсидиялар сомасын аудару күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.
84. Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылык лизингтік шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.
Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау
85. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа қаржыландырулар бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте қайта жаңарту негізінде берілген айналым қаражатын толықтыруға арналған қаржыландыру бойынша субсидиялауға жол беріледі. Негізгі құралдарды сатып алуды және/немесе жаңғыртуды және/немесе өндірісті кеңейтуді қаржыландыру шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған қаржыландыруды жаңарту мүмкіндігінің шарты қаржы агенттігінің шешімінде көрсетілуге тиіс.
86. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, мұндай жобалар Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына сәйкес болған жағдайда, кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.
87. Бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
88. Бұрын екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар/ислам банктері/исламдық лизингтік компаниялар берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған қаржыландыру да субсидиялауға жатады.
Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
89. Номиналды сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау ислам банктерінің қолданыстағы қаржыландыру бойынша ұлттық және шетелдік валюталарда және исламдық лизингтік компанияларының – ұлттық валютада жүзеге асырылады.
90. Субсидиялар сомаларын қаржы агенттігі субсидиялар сомаларын аударған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен төлейді.
91. Қаржы агенттігі оң бағамдық айырма пайда болған жағдайда кәсіпкердің жобаларын субсидиялау үшін қаражатты кейін қайта бөлу мақсатында айырманы қаржы агенттігінің шотына қайтаруды жүзеге асырады, ал бағамдық айырма теріс болса – кәсіпкерге жүктеледі.
92. Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалға беру төлемінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан жүзеге асырылады.
93. Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Бағдарлама шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.
Төртінші бағыт: кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шаралары
94. Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шаралары кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мынадай:
1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту;
3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;
4) іскерлік байланыстарды кеңейту функционалдық бағыттары бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуді көздейді.
95. Осы бағыттардың шеңберінде мынадай қаржылай емес қолдау құралдарын ұсыну:
1) "кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" функционалдық бағыты бойынша:
"Бизнес-Насихат" құрамдауышы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы түсіндіру;
2) кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту функционалдық бағыты бойынша:
кәсіпкерлік қызмет негіздеріне оқыту;
кәсіпорындар мамандарының, топ-менеджерлерінің біліктілігін арттыру;
кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсетуді ұсыну;
3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру функционалдық бағыты бойынша:
жаңа басқарудың әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу, кәсіпорындардың өнімділігін және энергия үнемдеуін арттыру мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту;
4) іскерлік байланыстарды кеңейтудің функционалдық бағыты бойынша:
шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдаманы, сондай-ақ ұқсас бейіндегі кәсіпорындарға бару және шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату көзделеді.
96. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту функционалдық бағыттарын іске асыру мынадай: кәсіпкерлік субъектілеріне "бір терезе" арқылы қызмет көрсету, қайталауды жою, қағидалар мен талаптарды жеңілдету және оңтайландыру, белгіленген рәсімдер мен регламенттерді автоматтандыру қағидаттары сақталған жағдайда кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы шеңберінде жүзеге асырылады.
97. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымына:
1) облыс орталықтарындағы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларындағы, сондай-ақ моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы КҚКО;
2) КҚКО бөлімшелері кіреді.
98. Бағдарлама бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тәртібі уәкілетті орган бекітетін Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидаларымен регламенттеледі.
Бағдарламаны іске асыруды мониторингілеу
99. Бағдарламаны іске асыруды мониторингілеу оның нысаналы индикаторларына, міндеттері мен нәтижелер көрсеткіштеріне толық және уақтылы қол жеткізуді, Бағдарламаны іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратты тұрақты алуды, сондай-ақ Бағдарламаны, оның ішінде Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың құбылмалы сыртқы және ішкі факторларын ескере отырып, оның құралдары мен тетіктерін уақтылы өзектілендіруді қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
100. Бағдарламаны мониторингілеу мынадай үш деңгейде жүргізіледі:
1) статистикалық деректерді талдау кәсіпкерлік санаттары, мемлекеттік қолдау түрлері, салалық және өңірлік тиесілілік бөлінісінде ұсынылатын қызметтер саны мен қолдау құралдарының тізбесі бойынша мәліметтерді жинауға және өңдеуге бағытталған;
2) Бағдарлама құралдарын іске асыру сапасының аудиті Бағдарлама құралдарын алушылардың қанағаттануын, ұсынылатын мемлекеттік қолдау құралдарының жеткілікті және толық болуын бағалауды көздейтін Бағдарлама құралдарын іске асыру сапасын бағалауға бағытталған;
3) Бағдарламаның нәтижелілік аудиті мемлекеттік қолдау құралдарының кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік қызметінің түпкілікті сапасы мен нәтижелілігіне ықпалын субъективті бағалауға, сондай-ақ Бағдарлама құралдарының әлеуметтік, бюджеттік және экономикалық тиімділігін объективті бағалауға бағытталған.
101. Бағдарламаны пайдаланушының бейнесін сипаттауға, кәсіпкерлік қызмет нәтижелілігінің жақсаруын/нашарлауын экономикалық немесе басқарушылық тұрғыдан бағалауға, сондай-ақ қолдау құралдарын алудың жылдамдығы мен сапасын айқындайтын Бағдарламаның ішкі факторларына баға беруге қабілетті кешенді талдамалық есеп мониторинг қорытындысы болып табылады.
102. Мониторинг жүргізу үшін мыналар:
1) ұлттық және ведомстволық статистика;
2) Бағдарлама құралдарын алу кезінде толтырылатын бастапқы нысандар;
3) кәсіпкерлердің көрсетілген қызметтер сапасына қанағаттануын бағалауға арналған нысандар;
4) мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлерге телефон арқылы және тікелей пікіртерім жүргізу;
5) кәсіпкерлермен өткізілетін семинарлар, кеңестер, кездесулер ақпарат көзі болып табылады.
103. Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттары шеңберінде статистикалық деректерді талдауды, сапа мен нәтижелілік аудитін қаржы агенттігі жүргізеді.
104. Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде статистикалық деректерді талдауды, сапа мен нәтижелілік аудитін қаржылай емес қолдау операторы жүргізеді.
105. Қаржы агенттігі мен қаржылай емес қолдау операторы телефон арқылы және тікелей пікіртерім жүргізу арқылы Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасына аудит жүргізеді. Сауалнама жүргізу үшін қаржы агенттігі мен қаржылай емес қолдау операторы білікті мамандар бөледі, олар қызметтерді ұсыну сапасын тікелей мониторингілеуді жүзеге асырады. Тікелей пікіртерім кәсіпкер толтыратын сауалнама негізінде жүргізіледі.
106. Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті статистикалық деректерді талдау, Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасы аудитінің нәтижелері, оның ішінде Бағдарлама құралдарын пайдаланғаннан кейін өздері алған әлеуметтік, бюджеттік және экономикалық нәтижелерді көрсетіп, кәсіпкерлер есеп беретін семинарлар мен кездесулердің қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
107. Бағдарлама тиімділігінің кешенді талдамалық есебін дайындауды қаржылай емес қолдау операторы бір жылдық статистикалық деректерді, сапа және нәтижелілік аудитін талдау нәтижелерін пайдалана отырып жүзеге асырады.
108. Бағдарламаға мониторинг жүргізудің тұрақтылығы:
1) статистикалық деректерді талдау – уәкілетті органға мемлекеттік қолдау құралдарының іске асырылуы бойынша ақпарат беру арқылы ай сайын;
2) Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасының аудиті – кейіннен уәкілетті органға жиынтық есеп жібере отырып, Бағдарлама жұмысының сапасын бағалау сауалнамаларының деректерін өңдеу арқылы – тоқсан сайын және қолдау шараларын алу үшін жыл бойы барлық өтініш бергендердің жалпы санынан кемінде 5 % мөлшерінде көрсетілетін қызметтерді алған кәсіпкерлерге телефон арқылы немесе тікелей сауалнама жүргізу арқылы – жыл сайын;
3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті – КҚКО базасындағы форматқа сәйкес семинар өткізу арқылы – жыл сайын.
Бағдарлама нәтижелілігі аудитінің нәтижелері қаржылай емес қолдау операторы уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі қаржы жылының шілдесінен кешіктірмей беретін Бағдарлама тиімділігінің кешенді талдамалық есебіне қосылады.
109. Мониторингті қаржыландыру мынадай түрде:
1) Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттары шеңберіндегі статистикалық деректер аудиті қаржы агенттігінің меншікті қаражаты есебінен; Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады;
2) Бағдарлама құралдарының іске асырылу сапасының аудиті – қаржы агенттігінің меншікті қаражаты есебінен; Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде – қаржылай емес қолдау операторының меншікті қаражаты есебінен;
3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті – қаржылай емес қолдау операторының қаражаты есебінен;
4) "Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеу" тақырыбы бойынша қорытынды жұмыс кеңесін өткізу қаржылай емес қолдау операторының қаражаты есебінен жүргізіледі.
Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимылы
110. БЖК-2020 іске асыру шеңберінде жасалған банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша кепілдік беру жөніндегі келісімдер Бағдарламаны іске асыру кезінде қолданылады және қайтадан жасалмайды.
111. Қаржы агенттігі кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттер бойынша кепілдік беру, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құрамдауышы және мемлекеттік гранттар беру бөлігінде Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асырады.
112. Қаржы агенттігі Бағдарлама тиімділігінің кешенді жылдық жалпы талдамалық есебін қалыптастыру мақсатында есепті жылдан кейінгі жылдың сәуірінен кешіктірмей, Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттарын мониторингілеу нәтижелерін қаржылай емес қолдау операторы мен уәкілетті органға жібереді.
113. Жұмыскерлер кірісінің, орташа жылдық санының артуын, кәсіпкердің салықтық төлемдерінің ұлғаю серпінін айқындау үшін қаржы агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен алынған ақпаратты пайдаланады. Қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге қарамастан, келесі қаржы жылының басы жұмыскерлер кірісінің, орташа жылдық санының артуын, кәсіпкердің салықтық төлемдерінің ұлғаю серпінін есептеу кезіндегі есепті күн болып табылады.
114. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 30-бабының 2-тармағына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің салық төлеуші туралы мәліметтерді беруге келісуі туралы ұсынылған өтініштердің негізінде төленген салықтар мен бюджет төлемдерінің көлемі және қаржы агенттігі Бағдарламасына қатысушылар жұмыскерлерінің саны туралы мәліметтерді қаржы агенттігі мен қаржылай емес қолдау операторына жолдайды. Кірістер, төленген салықтар мен бюджет төлемдерінің көлемі және Бағдарламаға қатысушылар жұмыскерлерінің саны туралы соңғы 5 жылғы жылдық деректер кәсіпкерлік субъектілерінің салық төлеуші туралы мәліметтерді беруге келісуі туралы ұсынылған өтініштердің негізінде қаржы агенттігі мен қаржылай емес қолдау операторының сұрау салуы бойынша ұсынылады.
115. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Бағдарламаның өңірлерде өндірістік инфрақұрылымды дамыту бөлігінде іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асырады.
Бағдарламаның өлшемшарттары
116. Мемлекеттік қолдау алуға үміткер кәсіпкерлердің кредиттері/лизингтік мәмілелері мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
1) кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі Бағдарлама шарттарына сәйкес жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге, оның ішінде айналым қаражатын толықтыруға бағытталуға тиіс;
2) сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және оларға ішінара кепілдік беру:
ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;
банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерін/лизингтік мәмілелерін қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;
овердрафт түріндегі кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылмайды;
3) ұлттық және шетелдік валюталарда кредит беруге жол берілетін Бағдарламаның үшінші бағытын қоспағанда, кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі ұлттық валютада берілуге тиіс.
117. Мыналар:
1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап өндіруді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамнан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;
2) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, жобаны тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер;
3) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері;
4) меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер және коммерциялық емес ұйымдар Бағдарламаға қатысушылар бола алмайды.
118. Субсидиялау қайтарымды лизинг, қайталама лизинг, қосалқы лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылмайды.
119. Уәкілетті орган Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттарын іске асыру мақсатында әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар қалалар үшін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындайды.
120. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік әлеуетін тарту Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының резиденттері бірлесіп қатысатын кәсіпорындар құрудың ресурстық әлеуеті мен қажеттілігі бар Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аумақтарында қаржылай және қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну жолымен жүзеге асырылады.
121. Қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер кәсіпкерлерінің қатысуымен жаңадан құрылған және жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында іске асыратын Қазақстан Республикасының резиденттері – кәсіпкерлерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне де ұсынылады.
122. Бағдарлама шарттарының бірі бар жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін арттыру және Қазақстан Республикасы резиденттерінің жаңа нарықтарға шығуы болып табылады.
123. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін кредиттік ресурстар құнын төмендету және банктердің/лизингтік компаниялардың
ұйымдық-техникалық мүмкіндіктерін тарту арқылы олардың қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру мақсатында даму банкі берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қоспағанда, қаржы агенттігі арқылы халықаралық қаржы институттарының кредиттік ресурстарын тарту бойынша шаралар қабылданады.
124. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде осы Бағдарламаның ережелерін ескеретін болады.
125. Кәсіпкерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
126. Субсидиялау, кепілдік беру жөніндегі, гранттар беруге және өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салуға немесе реконструкциялауға арналған, 2015 жылғы 31 наурызға дейін ӨҮК-те мақұлданған жобаларды қаржыландыру бұған дейін ӨҮК-те мақұлдаған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
6-тарау. Қажетті ресурстар
Бағдарламаны іске асыруға:
1) республикалық бюджеттен 2020 жылы – 57 926 348 мың теңге, 2021 жылы – 62 969 704 мың теңге, 2022 жылы – 56 894 521 мың теңге, 2023 жылы – 50 516 973 мың теңге, 2024 жылы – 43 113 693 мың теңге көзделетін болады;
2) жергілікті бюджеттен 2020 жылы – 30 000 000 мың теңге, 2021 жылы – 30 000 000 мың теңге, 2022 жылы – 30 000 000 мың теңге, 2023 жылы – 30 000 000 мың теңге, 2024 жылы – 30 000 000 мың теңге көзделетін болады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
ЖІӨ – жалпы ішкі өнім
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
ШОК – шағын және орта кәсіпкерлік
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына 1-қосымша |
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с № | Атауы | Өлш. бірл. | Орындалу мерзімдері | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Болжанатын шығыстар | Қаржыландыру көздері | ||||
2020жыл | 2021 жыл | 2022 жыл | 2023 жыл | 2024 жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | |
Бірінші бағыт: моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау | ||||||||||||
1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау | ||||||||||||
1 | Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін кәсіпкерлердің жобаларын қарау және мақұлдау | бірл. | ай сайын | қаржы агенттігінің шешімі (хаттамасы) | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді |
| |||||
2 | Субсидиялау шарттарын жасасу | бірл. | жыл сайын қаңтар, шілде | ҰЭМ-ге ақпарат | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар | талап етілмейді |
| |||||
3 |
"Даму" КДҚ" АҚ-ның екінші деңгейдегі банктерге/даму банкіне/ | мың теңге | жыл сайын қаңтар, шілде | ҰЭМ-ге ақпарат |
"Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компания | 946 813 | 990 769 | 1 064 030 | 1 064 030 | 1 064 030 |
республика | |
7 867 187 | 8 018 231 | 8 269 970 | 8 269 970 | 8 269 970 | жергілікті бюджет | |||||||
2. Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру | ||||||||||||
1 | Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру үшін кәсіпкерлердің жобаларын қарау және мақұлдау | бірл. | ай сайын | "Даму" КДҚ" АҚ оң шешімі бар хат | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді |
| |||||
2 | Кепілдік туралы шарттар жасасу | бірл. | жыл сайын қаңтар, шілде | ҰЭМ-ге ақпарат | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), екінші деңгейдегі банктер, даму банкі | талап етілмейді |
| |||||
3 | "Даму" КДҚ" АҚ-ның кепілдікті төлеуі | мың теңге | жыл сайын қаңтар, шілде | ҰЭМ-ге ақпарат | ЖАО, ҰЭМ | 785 700 | 885 700 | 985 700 | 1 085 700 | 1 085 700 | жергілікті бюджет | |
3. Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау | ||||||||||||
1 | Ислам банктерінің/ислам лизингтік компанияларының кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау үшін кәсіпкерлердің жобаларын қарау және мақұлдау | бірл. | ай сайын | қаржы агенттігінің шешімі (хаттамасы) | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді |
| |||||
2 | Субсидиялау шарттарын жасасу | бірл. | жыл сайын қаңтар, шілде | ҰЭМ-ге ақпарат | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), ислам банктері, ислам лизингтік компаниялары | талап етілмейді | ||||||
3 | "Даму" КДҚ" АҚ-ның кәсіпкерлер жобалары бойынша ислам банктеріне/ислам лизингтік компанияларына субсидиялар төлеуі | мың теңге | жыл сайын қаңтар, шілде | ҰЭМ-ге ақпарат | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), ислам банктері, ислам лизингтік компаниялары | сома Бағдарламаның бірінші бағыты іс-шаралар жоспарының 1.3-тармағында көрсетілген | республикалық және жергілікті бюджеттер | |||||
Екінші бағыт: экономиканың басым секторларында кәсіпкерлікті дамыту | ||||||||||||
1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау | ||||||||||||
1 | Банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/ қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін кәсіпкерлердің жобаларын қарау және мақұлдау | бірл. | ай сайын | қаржы агенттігінің шешімі (хаттамасы) | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді |
| |||||
2 | Субсидиялау шарттарын жасасу | бірл. | жыл сайын қаңтар, шілде | ҰЭМ-ге ақпарат | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар | талап етілмейді |
| |||||
3 |
Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде "Даму" КДҚ" АҚ-ның кәсіпкерлердің жобалары бойынша екінші деңгейдегі банктерге/ | мың теңге | жыл сайын қаңтар, шілде | ҰЭМ-ге ақпарат | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар | 29 579 020 | 34 551 370 | 32 107 792 | 25 730 244 | 18 326 964 |
республика | |
22 781 467 | 22 537 473 | 22 130 817 | 22 130 817 | 22 130 817 | жергілікті бюджет | |||||||
2. Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру | ||||||||||||
1 | Банктердің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру үшін кәсіпкерлердің жобаларын қарау және мақұлдау | бірл. | ай сайын | қаржы агенттігінің шешімі (хаттамасы) | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді |
| |||||
2 | Кепілдік туралы шарттар жасасу | бірл. | жыл сайын қаңтар, шілде | ҰЭМ-ге ақпарат | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), екінші деңгейдегі банктер | талап етілмейді |
| |||||
3 | "Даму" КДҚ" АҚ-ның кепілдік төлеуі | мың теңге | жыл сайын қаңтар, шілде | ҰЭМ-ге ақпарат | ЖАО | 2 571 300 | 2 471 300 | 2 371 300 | 2 271 300 | 2 271 300 | жергілікті бюджет | |
3. Мемлекеттік гранттар беру | ||||||||||||
1 | Конкурстық негізде гранттар беру үшін жобаларды қарау және мақұлдау | бірл. | жыл сайын қаңтар, шілде | ҰЭМ-ге ақпарат | ЖАО | талап етілмейді | ||||||
2 | Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар төлеу | мың теңге | жыл сайын қаңтар, шілде | ҰЭМ-ге ақпарат | ЖАО |
600 000 | 600 000 | 0 | 0 | 0 | республикалық бюджет | |
653 000 | 653 000 | 653 000 |
653 | 653 000 | жергілікті бюджет | |||||||
4. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту | ||||||||||||
1 | Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізуге арналған ЖАО-ның бюджеттік өтінімдерін қарау | бірл. | жыл сайын | РБК-де қарау | ҰЭМ, Қаржымині, ЖАО | талап етілмейді |
| |||||
2 | Кәсіпкерлердің жобаларына өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым тартуды қаржыландыру | мың теңге | жыл сайын | ҰЭМ-ге ақпарат | ЖАО, ҰЭМ, Қаржымині | 9 149 949 | 9 149 949 | 6 000 000 | 6 000 000 | 6 000 000 |
республика | |
5. Индустриялық аймақтарды дамыту | ||||||||||||
1 | Индустриялық аймақтарға өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізуге арналған ЖАО-ның бюджеттік өтінімдерін қарау | бірл. | жыл сайын | РБК-де қарау | ҰЭМ, Қаржымині, ЖАО | талап етілмейді | ||||||
2 | Индустриялық аймақтарға өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізуді қаржыландыру | мың теңге | жыл сайын | ҰЭМ-ге ақпарат | ЖАО, ҰЭМ, Қаржымині | 4 000 000 | 4 000 000 | 4 000 000 | 4 000 000 | 4 000 000 |
республика | |
6. Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау | ||||||||||||
1 | Ислам банктерінің/ислам лизингтік компанияларының кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау үшін кәсіпкерлердің жобаларын қарау және мақұлдау | бірл. | ай сайын | қаржы агенттігінің шешімі (хаттамасы) | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | ||||||
2 | Субсидиялау шарттарын жасасу | бірл. | жыл сайын қаңтар, шілде | ҰЭМ-ге ақпарат | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), ислам банктері, ислам лизингтік компаниялары | талап етілмейді | ||||||
3 | "Даму" КДҚ" АҚ-ның кәсіпкерлердің жобалары бойынша ислам банктеріне/ислам лизингтік компанияларына субсидиялар төлеуі | мың теңге | жыл сайын қаңтар, шілде | ҰЭМ-ге ақпарат | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), ислам банктері, ислам лизингтік компаниялары | сома Бағдарламаның екінші бағытының іс-шаралар жоспарының 1.3-тармағында көрсетілген | ||||||
7. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау | ||||||||||||
1 | "Қазақстан қор биржасы" АҚ ресми бағалы қағаздар тізіміне қосылған эмитенттер облигациялары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін кәсіпкерлердің жобаларын қарау және мақұлдау | бірл. | алты айда бір рет не 12 айда бір рет | қаржы агенттігінің шешімі (хаттамасы) | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | ||||||
2 | Субсидиялау шарттарын жасасу | бірл. | жыл сайын қаңтар, шілде | ҰЭМ-ге ақпарат | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), Орталық депозитарий | талап етілмейді | ||||||
3 | "Даму" КДҚ" АҚ-ның Орталық депозитарийге кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялар төлеуі | мың теңге | жыл сайын қаңтар, шілде | ҰЭМ-ге ақпарат | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), Орталық депозитарий | сома Бағдарламаның екінші бағытының іс-шаралар жоспарының 1.3-тармағында көрсетілген | ||||||
Үшінші бағыт: кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету | ||||||||||||
1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау | ||||||||||||
1 | Банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін кәсіпкерлердің жобаларын қарау және мақұлдау | бірл. | ай сайын | қаржы агенттігінің шешімі (хаттамасы) | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | ||||||
2 | Субсидиялау шарттарын жасасу | бірл. | жыл сайын қаңтар, шілде | ҰЭМ-ге ақпарат | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар | талап етілмейді | ||||||
3 | Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде "Даму" КДҚ" АҚ-ның кәсіпкерлердің жобалары бойынша екінші деңгейдегі банктерге/лизингтік компанияларға субсидиялар төлеуі |
мың | жыл сайын қаңтар, шілде | ҰЭМ-ге ақпарат | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар | 582 654 | 609 704 | 654 787 | 654 787 | 654 787 |
| |
4 841 346 | 4 934 296 | 5 089 213 | 5 089 213 | 5 089 213 |
| |||||||
2. Ислам банктерінің кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау | ||||||||||||
1 | Ислам банктерінің/ислам лизингтік компанияларының кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау үшін кәсіпкерлердің жобаларын қарау және мақұлдау | бірл. | жыл сайын | қаржы агенттігінің шешімі (хаттамасы) | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша) | талап етілмейді | ||||||
2 | Субсидиялау шарттарын жасасу | бірл. | жыл сайын қаңтар, шілде | ҰЭМ-ге ақпарат | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), ислам банктері, ислам лизингтік компаниялары | талап етілмейді | ||||||
3 | "Даму" КДҚ" АҚ-ның кәсіпкерлердің жобалары бойынша ислам банктеріне/ислам лизингтік компанияларына субсидиялар төлеуі | мың теңге | жыл сайын қаңтар, шілде | ҰЭМ-ге ақпарат | "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), ислам банктері, ислам лизингтік компаниялары | сома Бағдарламаның үшінші бағытының іс-шаралар жоспарының 1.3-тармағында көрсетілген | ||||||
Төртінші бағыт: кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын ұсыну | ||||||||||||
1. "Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" функционалдық бағыты | ||||||||||||
1 | "Бизнес-Насихат" жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру | мың теңге | жыл сайын | ҰЭМ-ге ақпарат | ҰКП (келісу бойынша) | 110 105 | 110 105 | 110 105 | 110 105 | 110 105 | республикалық бюджет | |
2 | Моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында кәсіпкерлерді ақпараттық қамтамасыз ету | мың теңге | жыл сайын | ҰЭМ-ге ақпарат | ҰКП (келісу бойынша) | 710 000 | 710 000 | 710 000 | 710 000 | 710 000 | республикалық бюджет | |
2. "Кәсіпкерлердің құзыреттерін арттыру" функционалдық бағыты | ||||||||||||
1 | Кәсіпкерлерді оқыту | мың теңге | өтінімдердің түсуіне қарай | ҰЭМ-ге ақпарат | ҰКП (келісу бойынша), "Назарбаев университеті" ДБҰ | 598 258 | 598 258 | 598 258 | 598 258 | 598 258 | республикалық бюджет | |
2 | Сервистік қызметтер көрсету | мың теңге | өтінімдердің түсуіне қарай | ҰЭМ-ге ақпарат | ҰКП (келісу бойынша) | 1 158 549 | 1 158 549 | 1 158 549 | 1 158 549 | 1 158 549 | республикалық бюджет | |
3. "Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру" функционалдық бағыты | ||||||||||||
1 | Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу, кәсіпорындардың өнімділігі мен энергия үнемдеуін арттыру мәселелері бойынша сырттан консультанттарды тарту | мың теңге | жыл сайын | ҰЭМ-ге ақпарат | ҰКП (келісу бойынша) | 120 000 | 120 000 | 120 000 | 120 000 |
120 | республикалық бюджет | |
4. "Іскерлік байланыстарды кеңейту: шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату" функционалдық бағыты | ||||||||||||
1 | Халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату | мың теңге | жыл сайын | ҰЭМ-ге ақпарат | ҰКП (келісу бойынша) | 80 000 | 80 000 | 80 000 | 80 000 | 80 000 | республикалық бюджет | |
5. Өзге іс-шаралар | ||||||||||||
1 | Қаржы агенттігінің Бағдарлама шеңберінде көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу | мың теңге | жыл сайын | көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт | ҰЭМ, "Даму" КДҚ"АҚ (келісу бойынша) | 791 000 | 791 000 | 791 000 | 791 000 | 791 000 | республикалық бюджет |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
"Даму" КДҚ" АҚ – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
РБК – республикалық бюджет комиссиясы
ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына 2-қосымша |
Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар үшін экономиканың басым секторларының тізбесі
ЭҚЖЖ | Атауы |
Агроөнеркәсіптік кешен | |
01 | 01.11 "Дәнді дақылдарды (күрішті қоспағанда), бұршақты дақылдар мен майлы тұқымдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
03 | Балық шаруашылығы және акваөсіру |
10 | Тамақ өнімдерінің өндірісі |
11.06 | Уыт өндірісі |
11.07 | Минералды сулар мен басқа да алкогольсіз сусындар өндірісі |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі | |
08.12.1 | Қиыршықтас және құм карьерлерін игеру |
09 | Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық көрсетілетін қызметтер |
Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндіру | |
13 | Тоқыма бұйымдарын өңдеу |
14 | Киім өндірісі |
15 | Былғарыдан жасалған және оған қатысты өнімдер өндірісі |
16 | Жиһаздан басқа, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдар өндірісі; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі |
17 | Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі |
18 | Баспа және жазылған материалдарды қалпына келтіру |
20 | Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі |
21 | Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі |
22 | Резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі |
31 | Жиһаз өндірісі |
Құрылыс материалдарын және өзге де металл емес | |
23 | Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі |
Металлургия, металл өңдеу, машина жасау | |
24 | Металлургия өнеркәсібі |
25 | Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісі |
26 | Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі |
27 | Электр жабдықтары өндірісі |
28 | Басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар өндірісі |
29 | Автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер өндірісі |
30 | Өзге де көлік құралдары өндірісі |
33 | Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату |
Өнеркәсіптің басқа да секторлары | |
32 | Өзге де дайын бұйымдар өндірісі |
35.11.4 | Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі |
35.11.2 | Гидроэлектр станцияларының электр энергиясын өндіруі |
38 | Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, қалдықтарды кәдеге жарату |
39 | Рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер |
Көлік және қоймаға сақтау | |
45.2 | Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу |
49.3 | Құрлықта жүретін өзге де жолаушылар көлігі |
49.41 | Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау |
50 | Су көлігі |
52 | Қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі |
53 | Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет |
Туризм | |
55.10 | Қонақүйлердің қызметтер көрсетуі |
55.20 | Демалыс күндеріне және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру |
55.30 | Кемпинг, рекреациялық автопарктер және трейлер парктеріне арналған алаңдар |
Ақпарат және байланыс | |
59.14 | Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет |
61 | Байланыс |
62 | Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар және басқа да ілеспе көрсетілетін қызметтер |
Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет | |
69.2 | Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу жөніндегі консультациялар |
71 | Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет |
72 | Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер |
74 | Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет |
75 | Ветеринариялық қызмет |
81 | Ғимараттар мен аумақтарға қызмет көрсету саласындағы қызмет |
Білім беру | |
85 | Білім беру |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер | |
86 | Денсаулық сақтау саласындағы қызмет |
87 | Тұратын жермен қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну |
88 | Тұратын жермен қамтамасыз етпей, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | |
91 | Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің және басқа да мәдени қызмет көрсету мекемелерінің қызметі |
93 | Спорт, ұйымдастыру және ойын-сауық (дискотекаларды қоспағанда) саласындағы қызмет |
Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну | |
95 | Компьютерлерді, жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеу |
96.01 | Тоқыма бұйымдары мен тері бұйымдарын жуу және тазалау (химиялық) |