Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Экспорттық бақылау саласында рұқсат беру құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 542-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 965 қаулысына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысына 1-қосымша |
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензиялар, экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсаттар беруді келісетін мемлекеттік органдар
Р/с | Экспорттық бақылауға жататын өнім түрлері | Экспорт (кері экспорт) кезiнде лицензиялануға жататын тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды | Импорт кезiнде лицензиялануға жататын тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды | Өнімнің импортына (экспортына) лицензиялар және кері экспортына рұқсаттар беруді келісетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | "Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнім: әскери мақсатта қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі | ||
2. |
"Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 5 ақпандағы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті | ||
3. | Радионуклидті көздер, радиоактивті заттар, изотоптар және олардың қосындылары немесе жоғарыда аталғандардың бірін қамтитын, гигиеналық нормативтерде, техникалық регламенттерде көзделген алып қою деңгейлерінен асатын радиациялық сипаттамалары бар ие кез келген басқа материал* |
2844 |
2844 | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті |
4. |
Азаматтық ядролық емес мақсаттар үшін арнайы жасалған "Азайтылған уран": | 2844 30 | 2844 30 | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті |
5. | Қорғаныш ретінде құрамында азайтылған уран бар радиоактивті материалдарды тасымалдауға немесе сақтауға арналған радиацияға қарсы қорғасын жабыны бар контейнерлер | 7806 0010 00 | 7806 0010 00 | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті |
6. | "Азайтылған уран" түріндегі қорғанышы бар радиоизотоптық аспаптар, қондырғылар немесе жабдықтар (стационарлық және жылжымалы медициналық және медициналық емес мақсаттағы жабдық) | 9022 | 9022 |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті |
7. |
Радионуклидті көздерді, радиоактивті заттарды, изотоптарды және олардың қосындыларын қамтитын радиоизотоптық аспаптар, қондырғылар немесе жабдық (стационарлық және жылжымалы, медициналық және медициналық емес мақсаттағы) немесе жоғарыда |
9022, |
9022, |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті |
8. | Иондаушы сәулені шығаратын немесе шығаруға қабілетті электрофизикалық аппараттар немесе құрылғылар (стационарлық және жылжымалы): циклотрондарды қоса алғанда, медициналық және медициналық емес мақсаттағы рентген жабдықтары, жылдамдатқыштар және иондаушы сәуле шығаратын басқа да генераторлар | экспорттау және кері экспорттау кезінде рұқсат құжаттарын алу талап етілмейді |
8543 10 000 0 | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті |
9. |
"Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнім: |
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің | ||
10. | "Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнім: 9-санаттағы өнім – "Қозғалтқыш қондырғылары, ғарыш аппараттары мен қосалқы жабдықтар" | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті | ||
11. | Азаматтық мақсаттағы пиротехника | 3604 10 000 0 | 3604 10 000 0 | Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi (кері экспортты қоспағанда) |
Ескертпе:
* тауарлар номенклатурасы тауарлардың кодымен де, атауларымен де айқындалады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № қаулысына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысына 2-қосымша |
Өнімнің транзитіне рұқсаттар беруді келісетін мемлекеттік органдар
Р/с № | Экспорттық бақылауға жататын өнімнің түрлері | Транзитке рұқсаттар беруді келісетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары |
1 | 2 | 3 |
1. | Жай қару-жарақ пен әскери техника, шикiзат, материалдар, арнайы жабдықтар мен технологиялар, оларды өндiруге байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі |
2. | Ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, жабдықтар, қондырғылар, технологиялар, иондаушы сәуле шығаратын көздер, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) жабдықтар және тиiстi тауарлар мен технологиялар, оларды өндiруге байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті |
3. | Экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерiнде белгiленетiн тiзiмдер, тiзбелер бойынша химиялық қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн химикаттар, екіұдай қолданылатын тауарлар мен технологиялар |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің |
4. | Тiзiмдерi, тiзбелерi экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерiнде белгiленетiн бактериологиялық (биологиялық) және уытты қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн ауру қоздырғыштар, олардың генетикалық жағынан өзгерген нысандары мен генетикалық материалдың фрагменттерi |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің |
5. | Тiзiмдерi, тiзбелерi экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерiнде белгiленетiн зымырандық техника, қозғалтқыштар, олардың компоненттерi, зымырандық техника жасау кезiнде қолданылатын жабдықтар, материалдар мен технологиялар |
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті |
6. | Әскери мақсаттағы өнiмге және екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) технологияларға байланысты ғылыми-техникалық ақпарат, көрсетiлетiн қызметтер және зияткерлiк қызметтiң нәтижелерi |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. | Жарылғыш заттар және жарғыш құралдар |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (тек әскери мақсаттағы) |