Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамын құру туралы" 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 және "Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" 2016 жылғы 30 шілдедегі № 450 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 959 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 294-құжат):

      2-тармақта:

      9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшалар алып тасталсын;

      2) "Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 шілдедегі № 450 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 41-42-43, 258-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесінде:

      2-тармақта:

      "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 

      "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" акционерлік қоғамы".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин