"Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1321 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 923 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 784 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.11.2021 № 784 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1321 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 923 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 11 қарашадағы
№ 1321 қаулысымен
бекітілген

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2019 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары



Р/с №

Iс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындауға
(iске асыруға) жауаптылар

Орындау (iске асыру) кезеңі

Болжамды шығыстар* (млн. теңге)

Қаржыландыру көздерi

1

2

3

4

5

6

7

І. Жаңаөзен қаласының шамадан тыс қоныстану проблемасын шешу

1

Жаңаөзен қаласының мұқтаж азаматтары үшін Ақтау қаласында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй сатып алу

шарттар жасасу

ИИДМ,
Маңғыстау облысының әкімдігі

2019 жыл

2019 жылы – 2 900,0

республикалық бюджет
 

2

Жаңаөзен қаласының жастары арасынан жұмысқа орналастырылған азаматтарға Ақтау қаласының жатақханаларында тұрғаны үшін жалға алу төлемақысын субсидиялау

Еңбекминіне ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі,
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

2019 – 2020 жылдар

2019 жылы – 2,0
2020 жылы – 18,0

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ,
"Өзенмұнайгаз" АҚ1

3

Жаңаөзен қаласындағы халықтың әлеуметтік осал топтарының, жетім балалардың және авариялық үйлер тұрғындарының қоныс аударуы үшін кейіннен коммуналдық тұрғын үй қорына бере отырып, Ақтау қаласында тұрғын үй сатып алу

қабылдау - беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі,
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

2019 – 2021
жылдар

2019 жылы – 1 000,0
2020 жылы – 1 500,0
2021 жылы – 1 500,0

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ1

4

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес көшіп келетін өңірлерге қоныс аудару шығыстарын субсидиялау

Еңбекминіне ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі,
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ
(келісу бойынша)

2019 – 2021 жылдар

2019 жылы – 2,0
2020 жылы – 6,0
2021 жылы – 7,0

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ1

5

Ақтау қаласының курорттық аймағын (Құрық паром кешеніне дейін) дамыту, оның ішінде 2025 жылға дейін 45 қонақ үй кешенін салу
 

пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2019 – 2025 жылдар

2019 жылы – 3 000,0
2020 жылы – 7 000,0
2021 жылы – 7 000,0
2022 жылы – 7 000,0
2023 жылы – 7 200,0
2024 жылы – 11 500,0
2025 жылы – 17 300,0

жеке
инвестициялар

ІІ. Мұнай-газ саласы кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету

6

Мұнай өндірудің көлемін ұлғайту мақсатында Өзен және Қарамандыбас кен орындарын оңалту бойынша мәселені пысықтау

ҰЭМ-ге ақпарат

ЭМ, ЭГТРМ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

2019 жыл

талап етлмейді

7

Тәртіптің** 22-1–т. көзделген ұлттық компанияларға және/немесе олардың ЕТҰ-ға жеңілдіктің қолданылу мерзімін шектеу бөлігінде Тәртіпке өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі мәселені пысықтау

Үкіметке ұсыныстар

ҰЭМ, ЭМ, Қаржымині, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша) "Өзенмұнайгаз" АҚ (келісу бойынша)

2020 жылдың 1–тоқсаны

талап етілмейді

8

"Өзенмұнайгаз" АҚ кен орындарында кемінде 9 мың адамға жұмыс орнын сақтауды қамтамасыз ету

ЭМ-ге ақпарат

"Өзенмұнайгаз" АҚ
(келісу бойынша)

2019 – 2025 жылдар

талап етілмейді

"Өзенмұнайгаз" АҚ

9

Мазутталған топырақты тазарту бойынша шараларды қабылдау

ЭГТРМ-ге ақпарат

"Өзенмұнайгаз" АҚ (келісу бойынша),
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша), Маңғыстау облысының әкімдігі

2019 – 2023 жылдар

2019 жылы – 995,0
2020 жылы – 995,0
2021 жылы – 4 975,0
2022 жылы – 4 975,0
2023 жылы – 4 597,0

"Өзенмұнайгаз" АҚ1
 

10

Газ өңдеу зауыттарының өндірістік қуаттарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін Жазғұрлы депрессиясындағы мұнай және газ кен орындары тобын геологиялық барлау және өнеркәсіптік пайдалануға өту жобасын іске асыру мәселесін пысықтау

ЭМ-ге ұсыныстар

"ҚазМұнайГаз"
ҰК" АҚ
(келісу бойынша)

2020 жыл

талап етілмейді


11

Ақтау курорттық аймағының аумағында арнайы экономикалық аймақ құру мәселесін пысықтау

ҰЭМ-ге ақпарат

ИИДМ, Қаржымині, Маңғыстау облысының әкімдігі

2019 жыл

талап етілмейді

12

"ӨМГ" АҚ есептен шығарылған штангаларын Жаңаөзен қаласының жергілікті тауар өндірушілеріне белгіленген тәртіппен ұсынуды қамтамасыз ете отырып, арматура өндіру цехын құру

пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, "Өзенмұнайгаз" АҚ (келісу бойынша, есептен шығарылған штангалармен қамтамасыз ету)
 

2020 – 2025 жылдар

жеке инвестициялар

13

"ӨМГ" АҚ-ның есептен шығарылған арнайы құрылғылардың шиналарын Жаңаөзен қаласының жергілікті тауар өндірушілеріне белгіленген тәртіппен беруді қамтамасыз ете отырып, шиналарды өңдеу цехын құру

пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі, "Өзенмұнайгаз" АҚ (келісу бойынша, есептен шығарылған шиналармен қамтамасыз ету)
 

2020 – 2025 жылдар

жеке инвестициялар

1. Жаңа өндірістік қуаттарды құру және ағымдағыларын кеңейту

14

Орталық мұнай тапсыру пунктін салу

пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2020 жыл

1 700,0

жеке
инвестициялар

15

Қант құрағын өңдеу және оның негізінде құмшекер өндіретін кіші зауыт салу және пайдалану

пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2019 жыл

86,6

жеке
инвестициялар

16

Шағын газ поршеньді электр станциясы базасында электр энергиясын өндіретін кәсіпорын салу

пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2020 жыл

5 400

жеке
инвестициялар

17

"Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында штангалы тереңдік сорғы дайындау, жөндеу және сервистік қызмет көрсету цехын салу

пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2020 – 2021 жылдар

2020 жылы – 250,0
2021 жылы – 250,0

жеке
инвестициялар
 

18

Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытын салу

пайдалануға беру актісі

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

2020 – 2023 жылдар

2020 жылы – 2 705,0
2021 жылы – 35 139,0
2022 жылы – 34 725,0
2023 жылы – 34725,0

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ

19

Кеспе тастар, жиектастар, суағарлар, резеңке жабындар өндіретін цех ашу жолымен Жаңаөзен қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу комбинатының өндірісін кеңейту

ЭГТРМ-ге ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі

2019 – жыл

2019 жылы – 130,0

жеке
инвестициялар

20

Электр энергиясын үздіксіз өндіруді қамтамасыз ету үшін шағын ЖЭО - "Өзенжылу" МКК жаңғырту

орындалған жұмыстар актісі

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша), Маңғыстау облысының әкімдігі

2019 – 2020 жылдар

2019 жылы – 36,3
2020 жылы – 180,0

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ,
"Өзенмұнайгаз" АҚ1

ІІІ. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету, экономикалық белсенділікті ынталандыру,
жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу

1. Жаңаөзен қаласының тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары

21

Жалпы білім беретін мектептердің түлектерін техникалық және кәсіптік оқу орындарында, жоғары оқу орындарында республика өңірлерінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту, жыл сайын кемінде 50 адам

БҒМ-ге ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі

жыл сайын, 2019 – 2021 жылдар

талап етілмейді

22

Өңірдің (оның ішінде Жаңаөзен қаласының) еңбекке қабілетті тұрғындарынан кемінде 250 адамды "ТШО-ның Болашақ кеңейту - сағалық қысымды басқару жобасының" шеңберінде айқындалған екі мердігерлік оқу орталығы базасында оқыту, кәсіби даярлау және қайта даярлау

Еңбекминіне ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі,
"Теңізшевройл" ЖШС (келісу бойынша)

жыл сайын, 2019 – 2021 жылдар

көзделген қаражат шегінде

"Теңізшевройл" ЖШС

23

Жаңаөзен қаласы "Өзенинвест" МКК-нің (350 жұмыс орнына дейін) коммуналдық шаруашылық объектілерін күтіп ұстау қызметін кеңейту бойынша шаралар қабылдау

ЭМ-ге ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша),
"Өзенмұнайгаз" АҚ (келісу бойынша)

2019 – 2025 жылдар

2019 жылы – 2100,0
2020 жылы – 800,0
2021 жылы – 800,0
2022 жылы – 800,0
2023 жылы – 800,0
2024 жылы – 800,0
2025 жылы – 800,0

"Өзенмұнайгаз"2 АҚ

2. Шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру

24

Жаңаөзен қаласының халқын бизнес негіздеріне оқыту бойынша жыл сайын кемінде 200 адамды қамту 

ҰЭМ-ге ақпарат

"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), Маңғыстау облысының әкімдігі

Жыл сайын,
2019 – 2025 жылдар

2019 жылы – 38,5
2020 жылы – 15,4
2021 жылы – 15,4
2022 жылы – 15,4
2023 жылы – 15,4
2024 жылы – 15,4
2025 жылы – 15,4

жергілікті бюджет

25

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін бастапқы бизнес-жобаларды, шағын және микробизнес субъектілерінің жобаларын қаржыландыру көлемдерін ұлғайту

Еңбекминіне ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2020 – 2021 жылдар

2020 жылы – 200,0
2021 жылы – 300,0

жергілікті бюджет

26

"Бір терезе" қағидаты бойынша коворкингтік орталығы және қаржы ұйымдары мен даму институттарының өкілдерін (менеджерлерін) орналастыра отырып, оқыту сыныптары бар кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жаңа форматын енгізу

ҰЭМ–ге ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2020 жыл

2020 жылы – 80,0

жергілікті бюджет

27

Жаңаөзен қаласы тұрғындарының жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін ірі компаниялардың сатып алуларына тарту тетіктерін құру бойынша мәселені пысықтау

ҰЭМ-ге ақпарат

"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Самұрық–Қазына" ҰҚ" АҚ (келісу бойынша), Маңғыстау облысының әкімдігі

2020 жыл

талап етілмейді

28

Аялдама кешендерінің және халық көп жиналатын өзге де объектілердің базасында кәсіпкерлік қызметінің объектілерін құру

пайдалануға беру актісі

"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), Маңғыстау облысының әкімдігі

2020 – 2025 жылдар

2020 жылы – 105,0
2021 жылы – 105,0
2022 жылы – 140,0

жеке инвестициялар

29

Маңғыстау облысының жергілікті тауар өндірушілері арқылы өңірдің мұнай-газ саласы кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін тамақ өнімдерін, арнайы киімдер мен арнайы аяқ киімдерді сатып алуға тапсырыстар көлемдерімен белгіленген тәртіпте қамтамасыз ету

шарттар жасасу

"Өзенмұнайгаз" АҚ (келісу бойынша), "Ембімұнайгаз" АҚ (келісу бойынша), өңірдің мұнай-газ және сервистік компаниялары
(келісу бойынша)

2019 – 2025
жылдар

талап етілмейді


30

Жаңаөзен қаласының индустриялық аймағын толтыруды қамтамасыз ету

ИИДМ-ге ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

2020 – 2025 жылдар

талап етілмейді


ІV. Жаңаөзен қаласының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын қолдау

1. Білім беру

31

"Білім Инновация" Жаңаөзен лицей интернатының ғимаратын ағымдағы жөндеу және оны техникамен жарақтандыру

орындалған жұмыстар актісі

"Өзенмұнайгаз" АҚ (келісу бойынша), Маңғыстау облысының әкімдігі

2020 жыл

2020 жылы – 370,0
 

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ "Өзенмұнайгаз" АҚ1
 

32

Орта-арнайы оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептердің бітіретін сынып оқушыларының кәсіптік бағдарлануын анықтау үшін карталар әзірлеу

БҒМ-ге ақпарат

"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), Маңғыстау облысының әкімдігі

2020 – 2021 жылдар

2020 жылы – 10,0
2021 жылы – 10,0
 

жеке инвестициялар

2. Денсаулық сақтау

33

Жаңаөзен қаласындағы 50 төсектік стационары бар медициналық орталықтың құрылысын аяқтау

пайдалануға беру актісі

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша),
"Өзенмұнайгаз" АҚ
(келісу бойынша)

2020 жыл

2020 жылы – 1 800,0
 

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ,
"Өзенмұнайгаз" АҚ1 

34

Жаңаөзен қаласындағы 50 төсектік стационары бар медицина орталығын жарақтандыруға жабдық сатып алу

пайдалануға беру актісі

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша),
"Өзенмұнайгаз" АҚ
(келісу бойынша)
 

2020 жыл

2020 жылы – 4000,0
 

"Өзенмұнайгаз" АҚ3
 

35

Жаңаөзен қаласының Рахат ауылында "Мерей" шағын ауданында дәрігерлік амбулатория салу

пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2022 жыл

ЖСҚ-ға сәйкес

жергілікті бюджет

36

Жаңаөзен қаласының Қызылсай кентінде дәрігерлік амбулатория салу

пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2020 – 2021 жылдар

ЖСҚ-ға сәйкес

жергілікті бюджет

37

Жаңаөзен қаласының "Арай" шағын ауданында дәрігерлік амбулатория салу

пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2021 жыл

ЖСҚ-ға сәйкес

жергілікті бюджет

38

Жаңаөзен қаласындағы облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының филиалы үшін 3 модульді кіші станция салу (Рахат, Теңге, Қызылсай ауылдарының шағын аудандары)

пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2021 жыл

30,0

жергілікті бюджет

39

Жаңаөзен қаласының Маңғыстау облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы филиалының автопаркін жаңарту

шарттар жасасу

Маңғыстау облысының әкімдігі

2020 – 2021 жылдар

2020 жылы – 75,0
2021 жылы – 75,0

жергілікті бюджет,
МЖӘ шеңберіндегі жеке инвестициялар

3. Мәдениет және спорт, жастардың бос уақыты

40

Жаңаөзен қаласында кітапханасы бар Оқушылар (жастар) сарайын салу

пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2021 жыл

ЖСҚ-ға сәйкес

жергілікті бюджет

41

Жаңаөзен қаласында облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалын салу

пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2021 жылы

ЖСҚ-ға сәйкес

жергілікті бюджет

42

Жаңаөзен қаласында әмбебап спорт кешендерін салу

пайдалануға беру актісі

"Өзенмұнайгаз" АҚ (келісу бойынша), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша),
Маңғыстау облысының әкімдігі

2021
жыл

2021 жылы – 1 000,0

"Өзенмұнайгаз" АҚ3

43

"Мұнайшы" мәдениет сарайын құрал-жабдық сатып ала отырып, ағымдағы жөндеу

орындалған жұмыстар актісі

"Өзенмұнайгаз" АҚ (келісу бойынша), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша),
Маңғыстау облысының әкімді

2020
жыл

2020 жылы – 400,0
 

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ,
"Өзенмұнайгаз" АҚ1

44

Мемлекеттік архивтің үлгі ғимаратын салу

пайдалануға беру актісі

"Өзенмұнайгаз" АҚ (келісу бойынша), "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша),
Маңғыстау облысының әкімді

2020 – 2021 жылдар

2020 жылы – 155,0

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ,
"Өзенмұнайгаз" АҚ1

45

Қаланың жоғары сынып оқушылары мен жастарына спорттық, адамгершілік тәрбие беру үшін қосымша дамыту секциялары бар орталық салу

пайдалануға беру актісі

"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), Маңғыстау облысының әкімдігі

2020 – 2021 жылдар

2020 жылы – 20,0
2021 жылы – 15,0

жеке
инвестициялар

4. Жаңаөзен қаласының тыныс-тiршiлiгін қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту

46

Жаңаөзен қаласының Теңге және Рахат ауылдарында аяқталмаған учаскелердің инженерлік желілерін салу (сумен жабдықтау)

пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2020 – 2021 жылдар

2020 жылы – 25,9
2021 жылы – 50,0
 

жергілікті бюджет
 

47

Жаңаөзен қаласының Теңге және Рахат ауылдарында аяқталмаған учаскелердің инженерлік желілерін салу (газбен жабдықтау)

пайдалануға беру актісі

ЭМ,
Маңғыстау облысының әкімдігі

2020 жыл

2020 жылы – 162,0
 
2020 жылы – 18,0

республикалық бюджет
 
жергілікті бюджет

48

Жаңаөзен қаласының Теңге және Рахат ауылдарында аяқталмаған учаскелердің инженерлік желілерін салу (электрмен жабдықтау)

пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2020 – 2021 жылдар

2020 жылы – 20,2
2021 жылы – 50,0
 

жергілікті бюджет
 

49

Жаңаөзен қаласының су тазарту құрылысынан Теңге ауылына дейін су тазарту құбырын салу

пайдалануға беру актісі

ИИДМ,
Маңғыстау облысының әкімдігі

2020 жыл

2020 жылы – 369,0
 
2020 жылы – 41,0

республикалық бюджет
 
жергілікті бюджет

50

Жаңаөзен қаласының су тазарту құрылысының сыртқы инженерлік желілерін реконструкциялау және кеңейту

пайдалануға беру актісі

ИИДМ,
Маңғыстау облысының әкімдігі

2021 жыл

ЖСҚ-ға сәйкес

республикалық бюджет,
жергілікті бюджет

51

Жаңаөзен қаласының бұрыннан бар сумен жабдықтау, кәріз желілерін реконструкциялау және кеңейту

пайдалануға беру актісі

ИИДМ,
Маңғыстау облысының әкімдігі

2021 – 2022 жылдар

2021 жылы – 700,0
 2022 жылы – 700,0

республикалық бюджет
 

52

Жаңаөзен қаласының Өзен станциясындағы және Рауан шағын ауданындағы бұрыннан бар кәріздік-сорғы станцияларын реконструкциялау және кеңейту

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Маңғыстау облысының әкімдігі

2020 – 2021 жылдар

2020 жылы – 264,0
 
2020 жылы – 50,0
2020 жылы – 83,0

республикалық бюджет
 
жергілікті бюджет

53

Жаңаөзен қаласының көшелерін абаттандыру (жаңа жиектастар орнату, бұрыннан барын ауыстыру, тротуарларды ағымдағы жөндеу)

орындалған жұмыстар актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2020 – 2022 жылдар

2020 жылы – 149,8
2021 жылы – 225,5
2022 жылы – 591,5

жергілікті бюджет

54

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету

Еңбекминіне ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі

2020 – 2021 жылдар

2020 жылы – 56,3
2021 жылы – 56,2

жергілікті бюджет

55

Жаңаөзен қаласында көшелерді жарықтандыруды орнату

орындалған жұмыстар актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2020 – 2021 жылдар

2020 жылы – 100,0
2021 жылы – 113,0

жергілікті бюджет

56

Жаңаөзен қаласының және оған іргелес елді мекендердің қалаішілік автомобиль жолдарын салу бойынша 8 жобаны іске асыру

пайдалануға беру актісі

ҰЭМ,
Маңғыстау облысының әкімдігі

2019 жыл
 
 
 
 
2021 жыл

2019 жылы – 809,8
2019 жылы – 89,9
 
2021 жылы – 1 260,0
2021 жылы – 140,0

республикалық бюджет
жергілікті бюджет
 
республикалық бюджет
жергілікті бюджет

57

Қалаішілік көшелердің (теміржол вокзалы, Маусым, Абай, Боранбаев, Сәтпаев және М. Жұмабаев) автомобиль жолдарын орташа жөндеу

пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2020 жыл

2020 жылы – 100,0

жергілікті бюджет

5. Тұрғын үй

58

Жаңаөзен қаласында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үйлер салу
 

пайдалануға беру актісі

ИИДМ, Маңғыстау облысының әкімдігі

2021 – 2022 жылдар

2021 жылы – 900,0
2022 жылы – 807,0

2021 жылы – 100,0
2022 жылы – 89,7

республикалық бюджет
 

 
жергілікті бюджет

59

Жаңаөзен қаласында ескі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу мәселесін пысықтау

ИИДМ-ге ұсыныс

Маңғыстау облысының әкімдігі
 

2020 жыл

талап етілмейді

60

Шаңырақ шағын ауданында № 43 авариялық үйдің тұрғындарына пәтерлер (9 пәтер) сатып алу

пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2019 жыл
 

2019 жылы – 100,0
 

жергілікті бюджет

61

Бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері үшін Жаңаөзен қаласында жатақхана (180 орынға) салу

ҰЭМ-ге ақпарат

Маңғыстау облысының әкімдігі

2021 жыл

ЖСҚ-ға сәйкес

жергілікті бюджет

6. Су тапшылығы мәселелерін шешу

62

"Каспий" су тұщыту зауытының қуатын 40 мың м³ дейін кеңейту

пайдалануға беру актісі

ИИДМ,
Маңғыстау облысының әкімдігі

2019 – 2020 жылдар

2019 жылы – 1 000,0
2020 жылы – 9 595,3

республикалық бюджет

63

Қаражанбас кен орнында қуаты 17 мың м³ су тұщыту қондырғысын салу мәселесін пысықтау

ИИДМ-ге ұсыныстар

Маңғыстау облысының әкімдігі,
"Қаражанбасмұнай"
АҚ (келісу бойынша)

2019 жыл

талап етілмейді

64

Қарақия ауданының Құрық ауылында қуаты тәулігіне 50 мың м³ су тұщыту зауытын салу мәселесін пысықтау

ИИДМ-ге ұсыныстар

Маңғыстау облысының әкімдігі

2020 жыл

талап етілмейді

65

Кендірлі демалыс аймағы ауданында магистральдық құбыржолы бар, қуаты тәулігіне 50 мың м³ теңіз суын тұщыту зауытын салу

пайдалануға беру актісі

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

2020 – 2022 жылдар

2020 жылы – 24 000
2021 жылы – 24 000
2022 жылы – 24 000
 

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ3

V. Құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар

66

Маңғыстау облысының полиция департаменті Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының материалдық-техникалық базасын нығайту

ҰЭМ-ге ақпарат

ІІМ,
Маңғыстау облысының әкімдігі

2019 жыл

2019 жылы – 591,0

республикалық бюджет

67

Маңғыстау облысы полиция департаментінің Жаңаөзен қаласының полиция басқармасын штаттық нығайту мақсатында 2020 жылғы 1 шілдеден бастап ІІМ штат санының лимитін 45 бірлікке көбейту мәселесін пысықтау

ҰЭМ-ге ақпарат

ІІМ, Қаржымині,
Маңғыстау облысының әкімдігі

2020 жыл

талап етілмейді

      68

Жаңаөзен қаласының көшелерінде 68 бұрылмалы бейнебақылау камерасын орнату

пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2019 жыл

2019 жылы – 271,0

жергілікті бюджет

69

Жаңаөзен қаласы әкімі басқармасының қалалық қосалқы пунктін күрделі жөндеу

пайдалануға беру актісі
 

Маңғыстау облысының әкімдігі

2022 жыл

2022 жылы – 80,0

жергілікті бюджет

70

Құлақтандыру, байланыс жүйелерін жете жарақтандыру және оларды пайдалануға дайын күйінде ұстау

пайдалануға беру актісі

Маңғыстау облысының әкімдігі

2023 – 2025 жылдар

2023 жылы – 150,0
2024 жылы – 150,0
2025жылы – 200,0

жергілікті бюджет


Қаржыландыру көзі

2019

2020

2021

2022

2023

2024

2025

Жиыны

Республикалық бюджет

5 300,8

10 390,3

2 860,0

1 507,0

0,0

0,0

0,0

20 058,1

Жергілікті бюджет

499,4

931,6

1 163,1

776,6

96,7

96,7

91,4

3 655,5

"Өзенмұнайгаз" АҚ мен
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ қаражаты

4 135,3

36 929,0

67 421,0

64 500,0

40 122,0

800,0

800,0

214 707,3

Жеке инвестициялар

3 216,6

14 485,0

7 455,0

7 140,0

7 200,0

11 500,0

17 300,0

68 296,6

ЖИЫНЫ

13 152,1

62 735,9

78 899,1

73 923,6

47 418,7

12 396,7

18 191,4

306 717,5


      *Ескертпе:

      – республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемдері республикалық және жергілікті бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде Маңғыстау облысының әкімдігі тиісті жоспарлы кезеңге бюджет заңнамасына сәйкес қажетті құжаттама ұсынған кезде нақтыланатын болады.

      1 – 2019 – 2021 жылдарға арналған ПҚӨС төлеу бойынша жеңілдіктердің қолданылуы шартымен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен "Өзенмұнайгаз" АҚ қаражаттары есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемдері.

      2 – 2020 – 2025 жылдар кезеңіне қосымша 200 млн.теңге бөлігінде 2019 – 2021 жылдарға ПҚӨС төлеу бойынша жеңілдік қолданылған, ПҚӨС төлеу бойынша жеңілдік әзірлеу мерізімінің соңына дейін ұзартылған ("Өзенмұнайгаз" АҚ келісімшарттық міндеттемелерін ұлғайту тетігі арқылы) жағдайларда 2019 жылғы толық көлемде және 2020 – 2025 жылдары 600 млн.теңге мөлшерінде қаржыландыру бөлігінде.

      3 – ПҚӨС төлеу бойынша жеңілдіктер әзірлеу мерзімінің соңына дейін ұзартылған жағдайда "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мен "Өзенмұнайгаз" АҚ қаражат есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі.

      ** – Көмірсутек шикiзаты кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидалары және пайдалы қазбаларды өндiруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы
18 сәуірдегі № 204 қаулысымен бекітілген)


      Аббревиатуралардың толық жазылуы:


АҚ

акционерлік қоғам

"Атамекен" ҰКП

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы

АЭА

арнайы экономикалық аймақ

БҒМ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Еңбекмині

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЕТҰ

дауыс беретін акцияларының 50 және одан да көп пайызы ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғалар

ЖСҚ

жобалау-сметалық құжаттама

ЖШС

жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ЖЭО

жылу электрорталығы

ИИДМ

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Қорғанысмині

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

МЖӘ

мемлекеттік-жекешелік әріптестік

МКК

мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

"ӨМГ" АҚ

"Өзенмұнайгаз" акционерлік қоғамы

ПҚӨС

пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық

ТШО

"Теңізшевройл" ЖШС

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ІІМ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

ЭГТРМ

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

ЭМ

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі