Өңірлік үйлестіру кеңесінің үлгілік функцияларын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 916 қаулысы.

Қолданыстағы

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өңірлік үйлестіру кеңесінің мынадай үлгілік функциялары айқындалсын:

      1) әлеуетті қатысушыға индустриялық аймаққа рұқсат беру не рұқсат бермеу туралы шешім қабылдайды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин