Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамының 100 % мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 280-4-жолмен толықтырылсын:
"280-4. "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" АҚ";
"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне" деген бөлімде:
реттік нөмірі 389-4-жол алып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі" деген 1-бөлімде:
"Акционерлік қоғамдар" деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 7) жол алып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |