"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 632 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 718 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 632 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің құрамында:

      Қазақстан тарапынан:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісу бойынша)";

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі." деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі";

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин