"Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1210 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 712 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1210 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 71, 643-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5

Сауда қызметі

Қазақстан Республикасының Сауда жəне интеграция министрлігі

  ";

      реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14

Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет

Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі

  ";

      реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

17

Байланыс қызметі

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі

  ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин