"Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 693 қаулысы.

Қолданыстағы

      "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 6 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспаса, Аустралия Одағы, Америка Құрама Штаттары, Аустрия Республикасы, Бахрейн Корольдігі, Бельгия Корольдігі, Болгария Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Ватикан Қасиетті Тағы, Вьетнам Социалистік Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Грек Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль Мемлекеті, Ирландия Республикасы, Исландия Республикасы, Испания Корольдігі, Индонезия Республикасы, Италия Республикасы, Канада, Қатар Мемлекеті, Кипр Республикасы, Колумбия Республикасы, Корея Республикасы, Кувейт Мемлекеті, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Лихтенштейн Князьдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі, Мажарстан, Малайзия, Мальта Республикасы, Мексика Құрама Штаттары, Монако Князьдігі, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Оман Сұлтандығы, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Сауд Арабиясы Корольдігі, Сингапур Республикасы, Словак Республикасы, Словения Республикасы, Таиланд Корольдігі, Түркия Республикасы, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Филиппиндер Республикасы, Финляндия Республикасы, Француз Республикасы, Хорватия Республикасы, Чех Республикасы, Чили Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі және Эстония Республикасы азаматтары Қазақстан Республикасына визаcыз келеді және Қазақстан Республикасынан визасыз кетеді.".

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бір ай мерзімде осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин