"Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін объектіге жатқызу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 833 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 тамыздағы № 600 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін объектіге жатқызу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 833 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының құрылысы" объектісі ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін объектілерге жатқызылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин