"Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында формальдылықты оңайлату мақсатында рәсімдерді белгілеуге жәрдемдесуге тиісті шаралар жиынтығын білдіретін халықаралық әуе тасымалдары кезіндегі формальдылықты оңайлату бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 243 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 582 қаулысы.

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында формальдылықты оңайлату мақсатында рәсімдерді белгілеуге жәрдемдесуге тиісті шаралар жиынтығын білдіретін халықаралық әуе тасымалдары кезіндегі формальдылықты оңайлату бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 243 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 22, 132-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында формальдылықты оңайлату мақсатында рәсімдерді белгілеуге жәрдемдесуге тиісті шаралар жиынтығын білдіретін халықаралық әуе тасымалдары кезіндегі формальдылықты оңайлату бағдарламасында:

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) алып жүрмейтін багаж – авиажүк ретінде ресімделген және оның иесі болып табылатын адам ұшып келе жатқан әуе кемесінде тасымалданбайтын багаж;";

      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "40) экипаж мүшесінің куәлігі – экипаж мүшелеріне, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде азаматтық әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға берілетін, белгіленген үлгідегі құжат;";

      мынадай мазмұндағы 42) және 43) тармақшалармен толықтырылсын:

      "42) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      43) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам.";

      58-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасы мен шет мемлекет пайдаланушыларының ұшу персоналына экипаж мүшесінің куәлігін береді және оларды кідіртпей беру үшін тиісті жағдайлар жасайды.";

      64 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиация инспекторларына азаматтық авиацияның авиация инспекторының куәлігін береді. Азаматтық авиацияның авиация инспекторының куәліктерін көрсеткен кезде авиация инспекторлары әуежайдың (әуеайлақтың) бақыланатын барлық аймақтарына кіре алады.

      Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексеруді және авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша тексеруді жүзеге асыратын авиация инспекторларына азаматтық авиацияның авиация инспекторының куәлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау мен күзетуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша беріледі.

      Азаматтық авиацияның авиация инспекторының куәлігінің нысанын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      65. Авиация инспекторлары әуе кемесінің салонында өзінің қызметтік міндеттерін атқарған кезде өзімен бірге азаматтық авиацияның авиация инспекторының куәлігі, тексеру тағайындалғаны туралы бұйрық және тексеру парағы, ал халықаралық рейстерде бұған қоса жарамды паспорты мен инспектор сапары маршрутының көшірмесі болуы қажет.";

      162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "162. Әрбір әуежайда осы Бағдарламаға сәйкес әуежайлардың формальдылықтарын оңайлату жөніндегі бағдарламалар әзірленеді, олар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісіледі.".

      2. Осы қаулы оның 1-тармағының алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін бесінші, жетінші, тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин