"Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 565 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 1-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті саны;";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері:

      1) жергiлiктi бюджеттерде бар қаражат шегiнде, жұмыс iстейтiн қызметкерлер үшін заңнамада белгіленген кепiлдiктердi қамтамасыз ете отырып, осы қаулыға 1-қосымшада белгiленген штат санының лимиттерi шегiнде әкiмдер аппараттары мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдарының штаттық кестелерiн бекiтсiн;

      2) осы қаулыға 2-қосымшада белгіленген штат санының лимиттерiн сақтай отырып, жергiлiктi бюджеттерде бар қаражат шегiнде, жұмыс істейтін қызметкерлер үшiн заңнамада белгіленген кепілдiктердi қамтамасыз ете отырып, осы қаулыға 1-қосымшада белгiленген штат санының лимиттері шегiнде айқындалған әкімдер аппараттары мен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының және қалалардағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиттерiн бекiтсiн және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілiктi атқарушы органдарына жеткiзсiн;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.

      4. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалада аудандары бар облыстық маңызы бар қалалардың әкiмдерi қаладағы аудандардың әкiмдерi орынбасарларының шектi санын белгілесiн.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті саны осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 1 тамыздағы
№ 565 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1324 қаулысымен
бекітілген

Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті саны

Өңірлер

Барлығы, штат саны* (бірлік)

Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері орынбасарларының саны (бірлік)

1

2

3

Ақмола

3391

5

Ақтөбе

2555

5

Алматы

4145

5

Атырау

1655

5

Шығыс Қазақстан

4194

5

Жамбыл

2747

5

Батыс Қазақстан

2407

5

Қарағанды

3637

5

Қостанай

3644

5

Қызылорда

1995

5

Маңғыстау

1285

5

Павлодар

2929

5

Солтүстік Қазақстан

2792

5

Түркістан

4064

5

Алматы қаласы

1491

5

Нұр-Сұлтан қаласы

941

6

Шымкент қаласы

721

5

ЖИЫНЫ

44593

86

      Халқының саны 400000 адамнан аз облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 400000 адамнан астам облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 4 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 800000 адамнан артық облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 5 бірліктен аспауы тиіс.

      Халқының саны 250000 адамнан аз аудандардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 3 бірліктен аспауы тиіс. Халқының саны 250000 адамнан астам аудандардың әкімдері орынбасарларының шекті саны 5 бірліктен аспауы тиіс.

      * Саны облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша мемлекеттік қызметшiлердiң штат санын ескере отырып көрсетілген және әкiмдер аппараттарының және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, Қарағанды, Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшiлерi санын қамтиды.