Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мекеменің жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
3-бөлімде:
мына:
"
8) | "Қазақстан Республикасының Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасы" РММ | 141 |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8) | "Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кiтапханасы" РММ | 141 |
"; |
2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"9. "Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.".
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |