"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 632 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 423 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 632 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің құрамы:

      Қазақстан тарапынан:

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин