"Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 415 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Республикалық мемлекеттік мекемеге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) мекемені әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин