Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай операторды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1304 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 80, 687-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бензинді, дизель отынын, мазутты, авиациялық отынды (МемСТ 10227-86 "Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын. Техникалық шарттар") – "ҚазМұнайГаз - Аэро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |