РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2014 ж., № 71, 642-құжат, 2016 ж., № 67, 457-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ішкі істер органдарының тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:
"1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты
Криминалдық полиция департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті, Тергеу департаменті, Жедел-криминалистикалық департамент, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, "Интерпол" ұлттық орталық бюросы
Департамент бастығы;
департамент бастығының орынбасары;
дербес басқарманың бастығы;
дербес басқармасы бастығының орынбасары;
басқарма (бөлім, бөлімше) бастығы;
басқарма (бөлім, бөлімше) бастығының орынбасары;
бас криминалист;
аса маңызды істер жөніндегі бас жедел уәкіл (тергеуші);
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы);
аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);
жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист.
Ескертпе: Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бойынша функционалдық міндеттері:
ұйымдастырушылық-талдамалық жұмысты және бақылауды;
ведомствоаралық үйлестіруді және профилактиканы;
есірткінің заңды айналымын лицензиялауды және бақылауды іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.
Жетінші бөліністер және "Р" бөліністері
Облыс, қала бойынша, көліктегі департамент, басқарма (бөлім):
департамент бастығы;
департамент бастығының орынбасары;
басқарма, бөлім, бөлімше бастығы;
басқарма, бөлім, бөлімше бастығының орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
кіші жедел уәкіл.
Ескертпе: функционалдық міндеттері:
тіл саясатын;
халықаралық ынтымақтасты;
бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі жұмысты;
құқықтық қамтамасыз етуді;
құжаттамалық қамтамасыз етуді;
қаржымен қамтамасыз етуді;
материалдық-техникалық қамтамасыз етуді;
кадрлық қамтамасыз етуді іске асыру болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.";
"2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
Жедел басқарма
Бастық;
бастықтың орынбасары;
бөлім бастығы;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Кезекші бөлім
Бастық;
аға инспектор-кезекші;
инспектор-кезекші;
әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бас маманы.
Режим, қадағалау және күзет басқармасы
Бастық;
бастықтың орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл, жедел уәкіл, бас маман;
аға инспектор, инспектор.
Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасы
Бастық;
бастықтың орынбасары;
бөлім бастығы;
бас маман;
бас маман-психолог;
аға инспектор;
инспектор, инспектор-психолог.
Өзіндік қауіпсіздік басқармасы
Бастық;
бастықтың орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Тергеу изоляторлары бөлімі
Бастық;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Арнайы есепке алу бөлімі
Бастық;
бас маман;
аға инспектор;
инспектор.";
"4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі
Бастық;
бастықтың орынбасары;
учаскелік полиция инспекторы;
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы;
жол-патрульдік полиция полицейі;
Криминалдық полиция, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, экстремизмге қарсы іс-қимыл қызметтері
Бөлім, бөлімше бастығы;
бөлім бастығының орынбасары;
аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);
жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың полиция департаменттері, Көліктегі полиция департаменттері
Бастық;
бастықтың орынбасары (жедел жұмысқа, тергеуге, жергілікті полиция қызметіне жетекшілік ететін);
жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы;
жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары;
Криминалдық полиция, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, экстремизмге қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, өзіндік қауіпсіздік қызметтері
басқарма, бөлім, бөлімше бастығы;
басқарма, бөлім бастығының орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы);
бас криминалист;
аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);
жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист;
кіші жедел уәкіл, тергеушінің көмекшісі, техник-криминалист.
Арнайы бөліністер
"Арлан" арнайы мақсаттағы бөліністері
Арнайы мақсаттағы бөліністің командирі;
арнайы мақсаттағы бөлініс командирінің орынбасары;
арнайы мақсаттағы бөлініс құрамындағы взвод командирі;
жауынгерлік және арнайы даярлық жөніндегі аға инспектор;
аға инспектор-шабуылшы;
аға инспектор-жару технигі;
аға инспектор-мерген;
жауынгерлік және арнайы даярлық жөніндегі инспектор;
инспектор-шабуылшы;
инспектор-жару технигі;
инспектор-мерген;
полицей, полицей-жүргізуші.
Арнайы жедел ден қою жасақтары
Арнайы жедел ден қою жасағының командирі;
арнайы жедел ден қою жасағы командирінің орынбасары;
арнайы жедел ден қою жасағы құрамындағы рота командирі;
арнайы жедел ден қою жасағы құрамындағы рота командирінің орынбасары;
арнайы жедел ден қою жасағы құрамындағы взвод командирі;
саптық бөліністің аға инспекторы;
аға инспектор-мерген;
жауынгерлік және арнайы даярлық жөніндегі аға инспектор;
аға инспектор (суатқыш машинасының);
арнайы техника жөніндегі аға инженер;
саптық бөліністің инспекторы;
инспектор-мерген;
жауынгерлік және арнайы даярлық жөніндегі инспектор;
инспектор (суатқыш машинасының);
инспектор-психолог (келіссөз жүргізуші);
арнайы техника жөніндегі инженер;
полицей-жүргізуші.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармалары (бөлімдері), полиция бөлімдері (бөлімшелері)
Криминалдық полиция, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, экстремизмге қарсы іс-қимыл қызметтері
Қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасының (бөлімінің) бастығы;
қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасы (бөлімі), полиция бөлімі бастығының орынбасары (жедел жұмысқа, тергеуге, жергілікті полиция қызметіне жетекшілік ететін);
полиция бөлімшесінің бастығы (жедел жұмысқа, тергеуге, жергілікті полиция қызметіне жетекшілік ететін);
қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасының (бөлім) бөлім, бөлімше, полиция бөлімінің бастығы;
қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасының (бөлім) бөлім, бөлімше, полиция бөлімі бастығының орынбасары;
аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);
жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист;
кіші жедел уәкіл;
тергеушінің көмекшісі;
техник-криминалист.
Жергілікті полиция қызметі бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы және оның орынбасары;
учаскелік полиция инспекторы (оның ішінде, учаскелік полиция пункті жұмысын ұйымдастыруға жауапты);
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (оның ішінде, білім беру ұйымдарына бекітілген);
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы (оның ішінде, білім беру ұйымдарына бекітілген).
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың полиция департаменттері басқармаларының (бөлімдерінің, бөлімшелерінің) жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері
Полк (батальон, рота, взвод) командирі;
полк (батальон, рота, взвод) командирінің орынбасары;
взвод командирінің көмекшісі, әрі бөлімше командирі;
бөлімше командирі;
аға қызмет инспекторы;
қызмет инспекторы;
полицей;
полицей-жүргізуші;
полицей-кинолог;
полицей-кавалерист;
кезекші бөлім бастығы;
аға инспектор-кезекші (оның ішінде, оқиға болған жерге бару үшін);
инспектор-кезекші (оның ішінде, оқиға болған жерге бару үшін);
кезекшінің көмекшісі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері
Бастық;
бастықтың орынбасары (сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысына, жедел жұмысқа, режимге, қадағалауға және күзетке, арнайы есепке алуға жетекшілік ететін)
Жедел бөлім (бөлімше, топ)
Бастық;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Кезекші бөлім
Аға инспектор-кезекші, инспектор-кезекші;
әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бас маманы.
Режим және қадағалау бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
бас маман;
аға инспектор;
инспектор.
Сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
бас маман;
аға инспектор;
инспектор.
Арнайы есепке алу бөлімі (бөлімше, топ)
Аға инспектор;
инспектор.
Өзіндік қауіпсіздік тобы
Аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Түзеу мекемелері
Бастық;
бастықтың орынбасары (сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысына, жедел жұмысқа, режимге, қадағалауға және күзетке, арнайы есепке алуға жетекшілік ететін);
Жедел бөлім (бөлімше, топ)
Бастық;
бастықтың орынбасары;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
инспектор.
Режимдік бөлім (бөлімше, топ)
Бастық;
бастықтың орынбасары;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
барлық атаудағы аға инспектор;
барлық атаудағы инспектор;
аға инженер;
инженер;
техник;
аға өрт сөндіруші;
қарауыл бастығы;
жүргізуші қызметкер;
барлық атаудағы аға бақылаушы;
барлық атаудағы бақылаушы.
Кезекші бөлім
Колония бастығының кезекші көмекшісі;
колония бастығы кезекші көмекшісінің орынбасары;
Бақылау қызметі бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
бастықтың орынбасары;
қарауыл бастығы;
қарауыл бастығының көмекшісі;
жасақша бастығы;
барлық атаудағы аға бақылаушы;
барлық атаудағы бақылаушы.
Сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
бастықтың орынбасары;
жасақ бастығы (аға тәрбиеші);
тәрбиеші;
барлық атаудағы аға инспектор;
аға инспектор-психолог;
инспектор-психолог;
барлық атаудағы инспектор.
Арнайы есепке алу бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
аға инспектор;
инспектор.
Тергеу изоляторлары
Бастық;
бастықтың орынбасары (сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысына, жедел жұмысқа, режимге, қадағалауға және күзетке, арнайы есепке алуға жетекшілік ететін).
Жедел бөлім (бөлімше, топ)
Бастық;
бастықтың орынбасары;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
есепке алу жөніндегі аға техник;
есепке алу жөніндегі техник.
Режим және күзет бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
бастықтың орынбасары;
барлық атаудағы аға инспектор;
барлық атаудағы инспектор;
аға инженер;
инженер;
техник;
корпус бойынша басшы;
жүргізуші қызметкер;
барлық атаудағы аға бақылаушы;
барлық атаудағы бақылаушы.
Кезекші қызмет
Тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі;
тергеу изоляторы бастығы кезекші көмекшісінің орынбасары.
Арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
жасақ бастығы (аға тәрбиеші);
барлық атаудағы аға инспектор;
аға инспектор-психолог;
инспектор-психолог;
барлық атаудағы инспектор.
Арнайы есепке алу бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
бастықтың орынбасары;
инспектор;
есепке алу жөніндегі аға техник;
есепке алу жөніндегі техник.".
2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |