Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 632 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің құрамында:
Қазақстан тарапынан:
"Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі";
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы";
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А.Мамин |