Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
басым тәртіппен жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ірі ұйымдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі";
реттік нөмірі 4.1-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 6.3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 8.2-жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 10.1-жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі";
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ірі ұйымдарының тізбесінде:
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 17.2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
17. | 2. | "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы, оның құрамында: | IPO |
1) | "Урихтау Оперейтинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | ||
2) | "Павлодар мұнай-химия зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | ||
3) |
TH KazMunaiGas N.V., оның | ||
3.1) | "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | ||
4) | "Атырау мұнай өңдеу зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, оның құрамында: | ||
4.1) | "Сұйытылған газды сақтау паркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | ||
4.2) | "АМӨЗ КИД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | ||
5) | "KMG Automation" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | ||
6) | "Теңіз Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, оның құрамында: | ||
6.1) | "KAZ M-I" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | ||
7) | KMG International N.V., оның құрамында: | ||
7.1) | Rompetrol Exploration & Production | ||
7.2) | Rompetrol Drilling SLR | ||
7.3) | Benon Rompetrol LLC | ||
7.4) | Rompetrol Well Services S.A. | ||
7.5) | KazMunayGas Engineering B.V. | ||
7.6) | Palplast S.A. | ||
7.7) | Rompetrol Logistics SRL | ||
7.8) | Global Security Sistem S.A. | ||
7.9) | Rominserv Valves IAIFO SRL | ||
7.10) | Rompetrol Petrochemical SRL | ||
7.11) | TH KMG Singapore Pte Ltd | ||
7.12) | Byron Shipping LTD |
";
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 30.15-жол алып тасталсын;
"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 55.40-жол алып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының бәсекелес ортаға беру ұсынылатын еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 13, 14, 15, 16, 17, 18, 31, 32, 34, 35, 37 және 53-жолдар алып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 3.3-жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 25.2-жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі";
реттік нөмірі 42.17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің "Жезқазғансирекмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
"Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 75.3-жол алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі";
"Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 80.1-жол алып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 6-қосымшада:
бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:
"Батыс Қазақстан облысының әкімдігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 185.6-жол алып тасталсын;
"Қарағанды облысының әкімдігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 205.7-жол алып тасталсын;
"Астана қаласының әкімдігі" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі";
реттік нөмірі 444.36-жол алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |