"Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 231 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 31.12.2019 № 1054 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасында:

      "Бағдарлама паспорты" деген 1-бөлімде:

      мына:

      "Бағдарламаны әзірлеуге                  Қазақстан Республикасының

      жауапты мемлекеттік орган            Инвестициялар және даму министрлігі";

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағдарламаны әзірлеуге                  Қазақстан Республикасының

      жауапты мемлекеттік орган            Индустрия және инфрақұрылымдық даму

      министрлігі";

      мына:

      "1-міндет. Сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй салу." деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-міндет. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу.";

      "Нысаналы индикаторлар" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Индикатор-дың атауы

2016 жыл
(баға-лау)

2017
жыл

2018
жыл

2019
жыл

2020 
жыл

2021
жыл

Ақпарат көзі

Қол жеткізуге жауаптылар

Қаржы-ландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді іске қосу көлемі, мың шаршы метр*, оның ішінде:

9619

10116

12097

13065

14110

15239

ресми статис-тика дерек-тері

ИИДМ,
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО,
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ,
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

көп пәтерлі тұрғын үй

4825
 

5116

6991

7550

8154

8806

жеке тұрғын үй

4322

5000

5106

5515

5956

6433

      ";

      "Қаржыландыру көздері мен көлемі" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "

      млрд. теңге


2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Барлығы

РБ*

127,6

148,6

289,8

279,8

282, 7

1128,5

Бюджеттен тыс қаражат**

43,1

120,9

129,4

101,2

109,6

504,2

Жиыны

170,7

269,5

419,2

381

392,3

1632,7

      ";

      "Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері" деген 4-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      Бағдарламаның мақсаты халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

      Осы мақсатқа қол жеткізу мынадай нысаналы индикаторлармен өлшенетін болады: 

Нысаналы индикаторлар
 

Индикатордың атауы

2016 жыл (баға-лау)

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Ақпарат көзі

Қол жеткізуге жауаптылар

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді іске қосу көлемі, мың шаршы метр*, оның ішінде:

9619

10116

12097

13065

14110

15239

ста-тисти-каның ресми дерек-тері

ИИДМ, облыстар-дың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қала-ларының ЖАО,
"Бәйте-рек" ҰБХ" АҚ,
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

көп пәтерлі тұрғын үй

4825

5116

6991

7550

8154

8806

жеке тұрғын үй

4794

5000

5106

5515

5956

6433

      *Бұл индикаторлар тиісті қаржы жылдарына арналған қаржыландыру көлемдеріне қарай нақтыланады.

      Қойылған мақсатты шешу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделіп отыр:

      1-міндет. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу

      Осы міндетке қол жеткізу мынадай нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:


Нәтижелер көрсеткіш-тері

Өлшем бірлігі

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Ақпарат көзі

Қол жеткізуге жауаптылар

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді іске қосу көлемі

мың шар-шы метр

150*

150*

489,6

557,5

557,5

ИИДМ,
облыс-тардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қала-ларының ЖАО
деректері

ИИДМ,
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО

      *Бұл индикаторлар тиісті қаржы жылдарына арналған қаржыландыру көлемдеріне қарай нақтыланады.

      2-міндет. Кредиттік тұрғын үй салу

      Осы міндетке қол жеткізу мынадай нәтижелер көрсеткішімен өлшенетін болады: 


Нәтижелер көрсеткіш-тері

Өлшем бірлігі

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Ақпарат көзі

Қол жеткізуге жауаптылар

Кредиттік тұрғын үйді іске қосу көлемі

мың шар-шы метр

986,3
 
 
 

594,7
 
 
 

631,0
 
 
 

680,0
 
 
 

633,0
 
 
 

ИИДМ,
облыстар-дың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары-ның ЖАО, "Бәйте-рек" ҰБХ" АҚ деректері

ИИДМ,
облыстар-дың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

      *Бұл индикаторлар тиісті қаржы жылдарына арналған қаржыландыру көлемдеріне қарай нақтыланады.

      3-міндет. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту

      Осы міндетке қол жеткізу мынадай нәтижелер көрсеткішімен өлшенетін болады:


Нәтижелер көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Ақпарат көзі

Қол жеткізуге жауаптылар

Жеке тұрғын үйді іске қосу көлемі
 
 

мың
шаршы
метр
 
 

5000

5106

5515

5956

6433

статистика-ның ресми деректері
 
 

ИИДМ,
облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының
ЖАО

      *Бұл индикаторлар тиісті қаржы жылдарына арналған қаржыландыру көлемдеріне қарай нақтыланады.

      4-міндет. Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру

      Осы міндетке қол жеткізу мынадай нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:


Нәтижелер көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Ақпарат көзі

Қол жеткізуге жауаптылар

1. Құрылыс салушылардың субсидияланатын кредиттерінің көлемі

млрд. теңге

15,0*

70,0*

67,0*



ЕДБ деректері

ИИДМ,
ЕДБ, ҰКП,
"Бәйтерек" ҰБХ",
"Даму" КДҚ"
АҚ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО

2. Құрылыс салушылардың субсидияланатын кредиттерінің есебінен тұрғын үйді іске қосу көлемі

мың шаршы метр


50,0*

300*

250*


      *Бұл индикаторлар тиісті қаржы жылдарына арналған қаржыландыру көлемдеріне қарай нақтыланады.

      5-міндет. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін тарту арқылы тұрғын үй салу

      Осы міндетке қол жеткізу мынадай нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:

Нәтижелер көрсеткіш-тері

Өлшем бірлігі

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Ақпарат көзі

Қол жеткізуге жауаптылар

Жалға берілетін және коммерция-лық тұрғын үйді іске қосу көлемі, оның ішінде:

мың шаршы метр

291,1

483,8




ИИДМ, облыстар-дың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары-ның
ЖАО, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ деректері

ИИДМ, облыстар-дың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары-ның
ЖАО, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

ЖАО жалға беретін тұрғын үй

23,1*





"ҚИК" ИҰ" АҚ-ның сатып алу мүмкіндігі-мен жалға беретін тұрғын үйі

165,0

80,0




Жылжымай-тын мүлік қорының сатып алу мүмкіндігі-мен жалға беретін және коммерция-лық тұрғын үйі

103,0

403,8




Үлестік құрылыс бойынша кепілдік көлемі**

млрд. теңге

9,4

40,1

90,3

105,9

127,1

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ деректері

ИИДМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, Кепілдік беру қоры

Үлестік құрылыс нарығын кепілдік беру қорының кепілдіктері мен қамту

%

5

7

10

12

15

Тұрмысы төмен отбасыларға кредит беру

қарыз



6000

6000

6000

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, ҚТЖБ деректері

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, ҚТЖБ

      *Бұл индикаторлар тиісті қаржы жылдарына арналған қаржыландыру көлемдеріне қарай нақтыланады.

      **Бұл көрсеткіштер 2017 жылдың басынан бастап өспелі қорытынды түрінде қалыптасады.

      Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік органдар: ИИДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО, ҰКП, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ.";

      "Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар" деген 5-бөлімде:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағдарламаның міндеттері мен мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай бағыттар көзделеді:

      1) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу;

      2) кредиттік тұрғын үй салу;

      3) жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;

      4) жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру;

      5) квазимемлекеттік сектор субъектілерін тарту арқылы тұрғын үй салу.";

      мынадай мазмұндағы он екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "ЖАО "7-20-25. Әр отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері" ипотекалық тұрғын үй кредитін беру бағдарламасы бойынша (бұдан әрі − "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы) және осы Бағдарлама шеңберінде тұрғын үй сатып алған кезде бастапқы жарнаны жабу үшін әлеуметтік көмек немесе жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаттарын береді.";

      "Сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй салу" деген 5.1-кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.1. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу";

      "Сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй салу" деген 5.1-кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЖАО-ның сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салуына және (немесе) сатып алуына және (немесе) ағымдағы тұрғын үй қорын сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй ретінде реконструкциялауына республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының бюджеттеріне берілетін нысаналы трансферттер, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаражаттар көзделеді.

      Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражаттарға сәйкес:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес айқындалған кезектілік тәртібімен "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабы 1)-8), 10), 11) тармақшаларында айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес айқындалған кезектілік тәртібімен "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабы 9) тармақшасында айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына;

      3) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы уәкілетті орган бекітетін жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру қағидаларында айқындалған тәртіппен жұмыс істейтін жастарға беріледі.

      Жалға берілетін тұрғын үй алу үшін жұмыс істейтін жастарға қойылатын негізгі талаптар:

      жиырма тоғыз жасқа толмаған, жалпы орта білім беретін мектептердің, техникалық және кәсіптік ұйымдардың, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары;

      Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тұрғылықты жері бойынша соңғы 2 (екі) жылдан кем емес тұрақты тіркелуін растау (осы қалаларда тұрғын үй алуға үміттенетін адамдар үшін);

      орналасқан жері бойынша ЖАО-ның тиісті анықтамасымен расталатын авариялық жағдайдағы, құлау қаупі бар (қирау) тұрғын үйді қоспағанда, өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының өтініш беру алдында 2 (екі) жыл ішінде меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің жоқтығын растау;

      Қағидаларда айқындалған мөлшерде төлем қабілеттілігін растау;

      өзге талаптар қағидаларда айқындалады.

      ЖАО көзделген қатысушылар бөлінісінде сатып алу құқығынсыз берілген жалдамалы тұрғын үйлердің саны туралы мәліметтерді уәкілетті органға ай сайын беруді қамтамасыз етеді.

      Мемлекет басшысының "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде және Жастар жылының салтанатты ашылуында берген тапсырмаларын іске асыру үшін жыл сайын 6 мың тұрмысы төмен көп балалы отбасы және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 1 мың жұмыс істейтін жастар сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады.

      ЖАО-ның сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйінің таза әрленген 1 шаршы метрі үшін салу мен (немесе) сатып алудың бағалық параметрлері:

      Нұр-Сұлтан, Алматы және олардың қала маңы аймақтарында, Шымкент, Ақтөбе, Атырау және Ақтау, Түркістан қалаларында (инженерлік желілердің құнын есептемегенде) – 180 мың теңгеге дейін;

      қалған өңірлерде (инженерлік желілердің құнын есептемегенде) – 140 мың теңгеге дейін.

      Құрылыстың түпкілікті құны тұрғын үйлердің ЖСҚ-сына кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысының негізінде айқындалады.

      Тұрғын үй құрылысы және (немесе) оны сатып алу құнынан асатын шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      ЖАО-ның жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салуына (сатып алуына) және (немесе) ағымдағы тұрғын үй қорын сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй ретінде реконструкциялауына жол беріледі.

      Реконструкциялау жергілікті бюджет қаражаты есебінен ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы негізінде жобалау-сметалық құжаттамада айқындалған қаражат шегінде жүзеге асырылады. Тұрғын үй реконструкцияланған жағдайда 1 шаршы метрдің құны Бағдарлама шеңберінде жаңа тұрғын үй құрылысы құнының 60 %-ынан аспауы тиіс.

      Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жайлылықтың 3-4-сыныбына сәйкес келуге тиіс. Жайлылығы 3-4-сыныпқа сәйкес келетін жалға берілетін бір пәтерлі және (немесе) оқшауланған аз қабатты тұрғын үйлерді салуға және (немесе) сатып алуға жол беріледі.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Бағдарламада белгіленген шарттар мен талаптарға сәйкес ЖАО-ның жеке құрылыс салушылардан салынған тұрғын үйлерді сатып алуына жол беріледі.

      ЖАО тұрмысы төмен көп балалы отбасыларды сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алу заңнамасында көзделген тәртіппен бастапқы және екінші нарықтан белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келетін ауданы 60 шаршы метр және одан көп жалға берілген тұрғын үйлерді сатып алады.

      Көп балалы отбасылардың келісуімен ауданы 60 шаршы метрден аз емес болатын тұрғын үй сатып алуға жол беріледі.

      Қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алу тетігін 2019 жылы іске қосу көзделіп отыр.

      Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттың мөлшері сатып алынатын тұрғын үйдің бірлігі үшін 8,4 млн. теңгеден аспайды.

      Тұрғын үйдің құны белгіленген шектен асқан жағдайда шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жабылады.";

      "5.2. Кредиттік тұрғын үй салу" деген кіші бөлімде:

      1-тармақта:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО бюджетінің борыш лимитін ескере отырып, қаржыландыруға жататын жобаларды келісу арқылы облигацияларды шығару есебінен тартылатын қаражатты өңірлер арасында бөлуді жоспарлауды жүзеге асырады.";

      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЖАО салынып жатқан объектілер бойынша тиімді мониторинг үшін қаржы операторы "Бәйтерек девелопмент" АҚ-ның ақпараттық жүйесіне апта сайын деректердің (қаражаттың игерілуі, құрылыстың барысы және объектілерді өткізу туралы мәліметтер) енгізілуін қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Нарықтық шарттарда кредиттік тұрғын үй салуды қаржыландыру шарттары мен тетігі.

      Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО нарықтық шарттарда, сондай-ақ "7-20-25" ипотекалық бағдарламасында көзделген тәртіппен облигациялық қарыздарды шығару арқылы кредиттік тұрғын үйдің құрылысына қаражат тартады.

      ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйінің таза әрленген 1 шаршы метрі үшін тартылатын қаражат есебінен салудың бағалық параметрлері:

      Нұр-Сұлтан, Алматы және олардың қала маңы аймақтарында, Шымкент Атырау, Ақтау қалаларында (инженерлік желілердің құнын есептемегенде) – 220 мың теңгеге дейін;

      қалған өңірлерде (инженерлік желілердің құнын есептемегенде) -160 мың теңгеге дейін.

      Тартылатын қаражат бойынша нарықтық сыйақының мөлшерлемесін жабу үшін құрылыс құнынан асатын бағада тұрғын үйді өткізу жүзеге асырылады.

      Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының ЖАО, тартылатын қаражат бойынша сыйақының нарықтық мөлшерлемесін жабу үшін осы кіші бөлімнің 2-тармағының шарттарында салынған кредиттік тұрғын үйдің өткізу құнын ұлғайтуға жол беріледі.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйін салу шарттары мен тетігі.

      ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйінің таза әрленген 1 шаршы метрі үшін салу мен өткізудің бағалық параметрлері:

      Нұр-Сұлтан, Алматы және олардың қала маңы аймақтарында, Шымкент Атырау, Ақтау, Түркістан қалаларында (инженерлік желілердің құнын есептемегенде) – 180 мың теңгеге дейін;

      қалған өңірлерде (инженерлік желілердің құнын есептемегенде) – 140 мың теңгеге дейін.

      Тұрғын үйдің жалпы алаңы 5 %-дан аспайтын рұқсат етілген ауытқумен 80 шаршы метрден аспауға тиіс. Құрылысына арналған шығындар жергілікті бюджет және (немесе) құрылыс салушының қаражаты есебінен өтелген кезде рұқсат етілген ауытқудан асатын тұрғын үй салуға жол беріледі.

      Құрылыстың түпкілікті құны тұрғын үйлердің ЖСҚ-сына кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы негізінде айқындалады. Тұрғын үй құрылысының құнынан асатын шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеледі. Өткізудің түпкілікті құны осы кіші бөлімде көрсетілген бағалық параметрлерден аспауға тиіс. Тұрғын үйді өткізу құнын төмендету мақсатында ЖАО құрылыс шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтейді.

      Өтінім берілген жобаларды іріктеу кезінде индустриялық үй құрылысы жобаларына басымдық беріледі.

      Бағдарлама бойынша тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салудың бағалық параметрін сақтау және тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту мақсатында ЖАО жеке құрылыс салушылармен серіктестік қағидаттарында жапсарлас салынған коммерциялық алаңдары бар объектілер сала алады. Бұл ретте жеке құрылыс салушы коммерциялық аудандар құрылысын қаржыландыруды, жобалауға және пайдалануға беруге жұмсалған шығындарды өтеуді қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптарға сәйкес ЖАО-ның Бағдарламада айқындалған тұрғын үй құрылысының бағалық параметрлері бойынша салынған тұрғын үйді жеке құрылыс салушылардан сатып алуына жол беріледі.

      ЖАО мердігерлерді тартуды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптарға сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізу арқылы жүргізеді.

      Облыс орталықтарының, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО осы Бағдарламаның 5.1-кіші бөліміне сәйкес кредиттік тұрғын үйлердің объектілеріндегі пәтерлердің бөлігін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге беруді анықтай алады.

      Бұл ретте сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйдің құны кредиттік үйдің қалған бөлігі бойынша өткізу құнын балама ұлғайту есебінен жабылады.";

      "Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" деген 5.3-кіші бөлімнің бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке тұрғын үй құрылысын одан әрі ынталандыру үшін мемлекет ЖТҚ салынатын аудандардағы ИКИ құрылысын қаржыландыруды жалғастыратын болады. ЖТҚ дамыту үшін ИКИ құрылысына республикалық бюджеттен жыл сайын қаражат бөлінетін болады, ол шамамен 40 мыңнан астам жер учаскесін сумен, электрмен және газбен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жылумен жабдықтау жүйелерін, телефондандыру, су бұру және кәріз желілерін, инженерлік құрылыстарды, орамішілік жолдар мен өтпе жолдарды қамтитын өзге де инженерлік коммуникацияларды жүргізу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      "Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру" деген 5.4-кіші бөлімде:

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке құрылыс салушы 1 шаршы метрді өткізудің мынадай бекітілген бағасы бойынша тұрғын үйдің кемінде 50 %-ын ұсынады:

      Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында – 260 мың теңгені қоса алғанға дейін;

      басқа өңірлерде – 220 мың теңгеге дейін.";

      алтыншы бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

      "Жеке құрылыс салушы тұрғын үйді тікелей сату жолымен, ҚТҚЖБ, ЕДБ қарыздары, "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы және "ҚИК" ИҰ" АҚ бағдарламасы арқылы іске асырады.";

      "Квазимемлекеттік сектор субъектілерін тарту арқылы тұрғын үй құрылысын салу" деген 5.5-кіші бөлімде:

      1-тармақта:

      сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нұр-Сұлтан қаласында авариялық тұрғын үйді бұзудың пилоттық жобасын одан әрі іске асыру жалғастырылуда, оның шеңберінде жобаны қайта инвестициялау мақсатында нарықта өткізу үшін кеңсе үй-жайлары мен паркингтері бар шағын габаритті тұрғын үйлер мен жайлылығы I-IV сыныпты тұрғын үйлер салу көзделіп отыр.

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және Нұр-Сұлтан қаласының уәкілетті ұйымы бұрын қабылданған бағдарламалық құжаттарда көзделген шарттармен пилоттық жобаны іске асыруды жалғастыруда.

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі авариялық тұрғын үйді бұзудың пилоттық жобасы шеңберінде инженерлік желілердің құрылысын және абаттандыруды қамтамасыз етеді.

      Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі авариялық тұрғын үйлердің меншік иелеріне бұзылатын тұрғын үйлердің орнына алаңы бойынша көлемі тең келетін, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес жаңа пәтерлер береді.

      Авариялық тұрғын үйлердегі тұрғын емес үй-жайлардың меншік иесінің мүлкі реквизицияланатын болса, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі оның құнын өтейді. Авариялық тұрғын үйде орналасқан тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі келіскен жағдайда, реквизицияланатын мүлік үшін өтемақы салынып жатқан объектілердегі тұрғын емес үй-жайлардың алаңы бойынша тең көлемде тұрғын емес үй-жайлар беру арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.";

      он бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі уәкілетті ұйымының "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ алдында бұдан бұрын қабылдаған міндеттемелерін өтеуі үшін республикалық бюджеттен 20 млрд. теңге мөлшерінде нысаналы ағымдағы трансфертті көздеп отыр.";

      он жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жобаны іске асыру:

      2018 жылдан бастап салынған тұрғын үй көлемінің 10 %-ын авариялық үй құрылыстарының меншік иелерін көшіру үшін Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық меншігіне беруді және қалған 90 % көлемін жобаны қайта инвестициялау мақсатында еркін нарықта өткізуді;

      мемлекеттік инвестициялардың бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.";

      2-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ және "Бәйтерек девелопмент" АҚ тұрғын үйді өткізуден қайтарымды қаражатты және Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың келісімшарт жасалмаған қалдықтарын бағалы қағаздарды сатып алу арқылы ЖАО кредиттік тұрғын үй құрылысын одан әрі қаржыландыруға, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы проблемалық тұрғын үй объектілерінің құрылысын аяқтауды қаржыландыруға жібереді.";

      1) тармақшада:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Бәйтерек девелопмент" АҚ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымына (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) проблемалық объектілерді аяқтау үшін ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен кредит береді.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі – ВАК) объектілердің тізбесін қарайды және оларды кредиттік қаражат есебінен қаржыландыру үшін уәкілетті ұйымға ұсынады.";

      2) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үйдің 1 шаршы метрін өткізу құны Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында – 260 мың теңгені қоса алғанға дейін, басқа өңірлерде – 220 мың теңгеге дейін.";

      3-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қосымша жалға берілетін тұрғын үй салуды немесе сатып алуды ұлғайту үшін "ҚИК" ИҰ" АҚ түскен жалдау төлемдерін қабылданған міндеттемелерді өтеуге жұмсау құқығымен ішкі және халықаралық капитал нарықтарында қаражатты нарықтық шарттармен қарызға алуды жүзеге асыра алады.";

      мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жобалар бойынша бағалық параметрлер 1 шаршы метр үшін мынадан аспауы тиіс:

      Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және олардың қала маңы аймақтарында, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында – 260 мың теңгені қоса алғанға дейін;

      басқа өңірлерде – 220 мың теңгеге дейін.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) Тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға кредит беру.

      ҚТҚЖБ 3 жыл бойы жыл сайын Бағдарламаға қатысушыларға бастапқы және қайталама нарықтарға тұрғын үйді сатып алуға кредит беру үшін республикалық бюджеттен 25 жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 50 млрд. теңгеден бюджеттік кредит бөлінеді.

      ҚТҚЖБ шотында бастапқы жарна болған жағдайда, ҚТҚЖБ 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2 %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша:

      алдын ала тұрғын үй қарыздары бойынша қарыз сомасының 10 %-ынан кем емес мөлшерде;

      аралық тұрғын үй қарыздары бойынша "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы" 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында анықталған мөлшерде алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын береді.

      Бағдарламаға:

      көп балалы отбасы;

      толық емес отбасы;

      мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы қатыса алады.

      Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) өтініш берген күнге өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;

      3) ағымдағы қаржы жылына отбасының әрбір мүшесіне шаққанда айына заңнамада белгіленген 1 (бір) ең төменгі айлық жалақы көрсеткішінен аспайтын, соңғы 6 (алты) айдағы орташа табысының болуы (балалы бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды есепке алмағанда);

      4) некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);

      5) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен отбасылық жиынтық табыстың болуы;

      6) төлем қабілеттілігін растау;

      7) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтың мәртебесі мен тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою санаты көрсетілген ЖАО-ның растауы.

      Қажетті құжаттардың тізбесі ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарымен айқындалады.

      Кредит беру талаптары:

      қарыздың нысаналы мақсаты – бастапқы (оның ішінде ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйін) және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу;

      Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында тұрғын үйді сатып алу кезінде ең жоғарғы қарыз сомасы – 15 млн.теңгеден аспайды, өзге өңірлерде – 10 млн. теңгеден аспайды;

      кепілдікті қамтамасыз ету – сатып алынатын тұрғын үй немесе ҚТҚЖБ-ның тиісті талаптарына сай келетін өзге мүлік.

      ЖАО тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаттарын береді.";

      "Қажетті ресурстар" деген 6-бөлімде:

      "Бағдарламаны қаржыландыру көлемі мынаны құрайды:" деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "     

      млрд. теңге


2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Барлығы

РБ*

127,6

148,6

289,8

279,8

282, 7

1128,5

Бюджеттен тыс қаражат**

43,1

120,9

129,4

101,2

109,6

504,2

Жиыны

170,7

269,5

419,2

381

392,3

1632,7

      ";

      "Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуында":

      бірінші және екінші жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      ЖАО – облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары";

      "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 29 сәуірдегі
№ 231 қаулысына
қосымша
 
  "Нұрлы жер"
мемлекеттік тұрғын
үй құрылысы
бағдарламасына
қосымша

"Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары


Р/с№

Атауы
 

Өлшем бірлігі

Аяқталу нысаны

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

Оның ішінде жылдар бойынша

Қаржыландыру көздері

Бюджеттік бағдарламаның коды

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

2021 жыл

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14


Мақсаты: халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру


Нысаналы индикатор**:
Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен тұрғын үйлерді іске қосу көлемі, оның ішінде:

мың шаршы метр



ИИДМ, облыстар-
дың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

10116

12097

13065

14110

15239

64627




көп пәтерлі тұрғын үй

5116

6991

7550

8154

8806


жеке тұрғын үй

5000

5106

5515

5956

6433


1-міндет. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу


Көрсеткіш**
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді іске қосу көлемі

мың шаршы метр



ИИДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО

150

150

489,6

557,5

557,5

1904,6




Іс-шаралар

1

Облыстық бюджеттерге, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының бюджеттеріне коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) реконструкциялауға берілетін нысаналы трансферттерді бөлуді қамтамасыз ету

млрд. теңге

Қазақстан Респуб-ликасы Үкіметі-нің қаулысы, келісімдер

жыл сайын, 2017 – 2021 жылдар

ИИДМ, Қаржымині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО

25,0

26,9

90,0

90,0

90,0

321,8

ҰҚ, РБ қаража-ты*

228


халықтың әлеуметтік жағынан осал өзге де топтары үшін





25,0

26,8

32,8

32,8

32,8

150,20




жұмыс істейтін жастар үшін







7,2

7,2

7,2

21,6




тұрмысы төмен көп балалы отбасылар үшін







50,0

50,0

50,0

150,0



2

ЖАО-ның сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді іске қосуын қамтамасыз етуі **

мың шаршы метр

пайдала-нуға беру актісі

жыл сайын, 2017 –2021 жылдар

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО

150

150

489,6

557,5

557,5

1904,6



3

Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді беру қағидаларын қабылдау
 


АҚДМ
бұйрығы

2019 жылғы шілде

АҚДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО










2-міндет. Кредиттік тұрғын үй салу


Көрсеткіш**:
Кредиттік тұрғын үйді іске қосу көлемі

мың шаршы метр



ИИДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)

986,3
 

594,7
 

631,0
 

680,0
 

633,0

3525,0




Іс-шаралар

4

ЖАО-ның облигациялық қарыздар бойынша тартылатын қаражат және қаражатты қайта пайдалану есебінен тұрғын үйді іске қосуын қамтамасыз ету **

млрд. теңге

пайдала-нуға беру актісі

жыл сайын, 2017 –2021 жылдар

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО, "Бәйтерек девелопмент" АҚ (келісу бойынша)

43,1

100,9

108,8

101,2

109,0

463,0

бюджет-тен тыс қаражат


мың шаршы метр

597*

560,7*

631,0*

680,0*

633,0*

3101,7*

5

"Бәйтерек девелопмент" АҚ-ның жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйлер құрылысын аяқтауын қамтамасыз ету

мың шаршы метр

пайдала-нуға беру актісі

2017 –2018 жылдар

"Бәйтерек девелопмент" АҚ (келісу бойынша)

389,3

34,0




423,3



6

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның ЖАО-ның бағалы қағаздарын сатып алуын қамтамасыз ету

млрд. теңге

мәміле туралы есеп

жыл сайын, 2017–2021
жылдар

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек девелопмент" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО, ҰЭМ, ИИДМ, Қаржымині

43,1

100,9

108,8

101,2

109,0

463,0

бюджет-тен тыс қаражат


7

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-ның ЖАО-ның бағалы қағаздарын сатып алу үшін "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның облигация-ларын алуын қамтамасыз ету

млрд. теңге

мәміле туралы есеп

жыл сайын, 2017 –2021
жылдар

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Бәйтерек девелопмент" АҚ (келісу бойынша)

21,1

75,9




97,0

бюджет-тен тыс қаражат


8

Салымшыларға алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін ҚТҚЖБ-ға бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту

млрд. теңге

Қазақстан Респуб-ликасы Үкіметі-нің қаулысы, шарт

жыл сайын, 2017 – 2021 жылдар

ИИДМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), ҚТҚЖБ (келісу бойынша)

8,0

24,0

28,0

28,0

32,0

120,0

РБ қаража-ты*

231

9

Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламалары шеңберінде ҚТҚЖБ-ға бұдан бұрын берілген 57 млрд. теңге сомасындағы бюджеттік кредиттердің мерзімдерін ұзарту мәселесін ВАК-қа енгізу


ВАК-тың шешімі

2017
жыл

ИИДМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша)










3-міндет. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту


Көрсеткіш**:
Жеке тұрғын үйді іске қосу көлемі

мың шаршы метр



ИИДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО

5000

5106

5515

5956

6433

28010




Іс-шаралар

10

Облыстық бюджеттерге, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй құрылысы аудандарында ИКИ-ді дамытуға және (немесе) жайластыруға нысаналы даму трансферттерін бөлуді қамтамасыз ету

млрд. теңге

Қазақстан Респуб-ликасы Үкіметі-нің қаулысы, келісім-дер жасасу

жыл сайын, 2017 – 2021 жылдар

ИИДМ, ЭМ, Қаржымині, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО

80,88

69,8

110,2

100,0

100,0

460,88

ҰҚ, РБ қаража-ты*

228, 043,003,
041

11

ЖТҚ салынатын аудандарға бөлу жоспарланып отырған жер учаскелері туралы ақпарат ұсыну

-

ИИДМ-ге ақпарат

жарты жыл-дық негізде

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО

-

-

-

-

-

-

-


12

Елді мекендерді бас жоспарлармен және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтамасыз ету және болашақтағы әлеуметтік және көліктік инфрақұрылымды ескере отырып, тиісті өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы мәліметтер беру

-

ИИДМ-ге ақпарат

жыл сайын, мәсли-хаттың сессия-сында бекітіл-геннен кейін есептік жылдан кейінгі жыл-дың 1 ақпаны-на қарай

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО









13

Болашақ әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын ескере отырып, бас жоспарларға тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныс енгізу


ПМК-ге ақпарат

2017 жылғы шілде

ИИДМ, АШМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы ЖАО

-

-

-

-

-

-



14

ЖТҚ үшін үлгілік жобаларды әзірлеу

млрд. теңге

бұйрық

2017-2018 жылдар

ИИДМ

0,1






РБ қаража-ты*



4-міндет. Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру


1-көрсеткіш. Құрылыс салушының субсидия-ланатын кредиттерінің көлемі

млрд. теңге



ИИДМ, ЕДБ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО

15,0*

70,0*

67,0*



152,0*




2-көрсеткіш. Құрылыс салушының субсидия-ланатын кредиттерінің есебінен тұрғын үйді іске қосу көлемі

мың шаршы метр




50,0*

300*

250*


600,0*




Іс-шаралар

15

Құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлеме-сінің бір бөлігін субсидиялау

млрд. теңге

шарт

жыл сайын, 2017 – 2022 жылдар

ИИДМ, Қаржымині, ЕДБ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО

0,7*

6,09*

10,09*

9,80*

8,80*

35,
48*

РБ қаража-ты*

228

16

Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ЕДБ беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлеме-лерін субсидиялау тәртібін әзірлеу


ҰЭМ бұйрығы

2017 жылғы ақпан

ҰЭМ, ҰБ (келісу бойынша)
ҰКП (келісу бойынша)









17

Субсидиялау шеңберінде көрсетілетін оператор қызметіне ақы төлеу

млрд. теңге

шарт

жыл сайын, 2017 – 2021 жылдар

ИИДМ, "Даму" КДҚ" АҚ (келісу бойынша)

0,3*

0,25*

0,25*

0,25*

0,25*

1,3*

РБ қаража-ты*

228


5-міндет. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін тарту арқылы тұрғын үй салу


1-көрсеткіш**
Жалға берілетін және коммерциялық тұрғын үйлерді іске қосу көлемі

мың шаршы метр



ИИДМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), Жылжымай
тын мүлік қоры (келісім бойынша)

291,1

483,8




774,9




2-көрсеткіш***:
Үлестік құрылыс бойынша кепілдік көлемі

млрд. теңге



"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), Кепілдік беру қоры (келісім бойынша)

9,4

40,1

90,3

105,9

127,1

372,8




3-көрсеткіш:
Үлестік құрылыс нарығын кепілдік беру қорының кепілдіктерімен қамту

%



"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), Кепілдік беру қоры (келісу бойынша)

5

7

10

12

15





4-көрсеткіш:
Тұрмысы төмен отбасыларға кредит беру

қарыз



ИИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), ҚТЖБ (келісу бойынша)



6000

6000

6000





Іс-шаралар

18

Облыстық бюджеттерге, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының бюджеттеріне коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салуға және (немесе) реконструкция-лауға нысаналы даму трансферттерін бөлуді қамтамасыз ету

млрд. теңге

Қазақстан Республи-касы Үкіметі-нің қаулысы, келісімдер

2017 жыл

ИИДМ, Қаржымині, облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының ЖАО

1,58*

*

*



1,58*

РБ қаража-ты*

228

19

ЖАО жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қамтамасыз ету**

мың шаршы метр

пайдала-нуға беру актісі

2017 жыл

облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының ЖАО

23,1**





23,1**



20

"ҚИК" ИҰ" АҚ-ның кейін сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үй салуын (сатып алуын) қамтамасыз ету

мың шаршы метр

пайдала-нуға беру актісі

жыл сайын, 2017 − 2019 жылдар

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ҚИК" ИҰ" АҚ (келісу бойынша)

165,0

80,0




245,0



21

Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлер құрылысын аяқтауын қамтамасыз ету, оның ішінде:

мың шаршы метр

пайдала-нуға беру актісі

жыл сайын, 2017 –2018 жылдар

Жылжымай тын мүлік қоры (келісу бойынша)
 

103,0

403,8




506,8



сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үй

27,4

154,8




182,2



коммерциялық тұрғын үй

75,6

249,0




324,6



22

Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының жарғылық капиталын ұлғайту

млрд.
теңге

акциялар-ды орналас-тыру

2017
жыл

ИИДМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), Кепілдік беру қоры (келісу бойынша)

10,0*





10,0*

ҰҚ қаража-ты*

206

23

Құрылыс салушылардың (уәкілетті компаниялар-дың) өтінімдерін белгіленген тәртіппен қарау


кепілдік беру туралы шарт


"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), Кепілдік беру қоры (келісу бойынша)









24

"Бәйтерек девелопмент" АҚ-ның Нұр-Сұлтан қаласының уәкілетті ұйымына кредиттік қаражат беруі

млрд. теңге

кредиттік шарт

жыл сайын, 2018 –2019 жылдар

"Бәйтерек девелопмент" АҚ (келісу бойынша), Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі


20,0

20,0



40,0

бюджет-тен тыс қаражат


25

ЕДБ халыққа берген ипотекалық тұрғын үй қарыздарының сыйақы мөлшерлеме-сінің бір бөлігін субсидиялау, оның ішінде жеке табыс салығын төлеу

млрд. теңге

шарт

жыл сайын, 2017 –2021 жылдар

ИИДМ, Қаржымині, ҰКП (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "ҚИК" ИҰ" АҚ (келісу бойынша),
ЕДБ (келісу бойынша)

0,67

1,5

1,1

1,6

1,5

6,4

РБ

228

26

Субсидиялау шеңберінде көрсетілетін оператор қызметтеріне ақы төлеу

млрд. теңге

шарт

жыл сайын, 2017 – 2021 жылдар

ИИДМ, "ҚИК" ИҰ" АҚ (келісу бойынша)

0,33*

0,08*

0,08*

0,08*

0,08*

0,65*



27

Квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы халыққа ЕДБ берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлеме-сінің бір бөлігін өтеу үшін субсидиялар беру қағидаларын әзірлеу


ҰЭМ бұйрығы

2017 жылғы ақпан

ҰЭМ, ҰБ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)









28

"Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы
бағдарламасы шеңберінде
жеке құрылыс салушылар салған және (немесе) олардан
сатып алынған
тұрғын үйлерді өткізу қағидаларын қабылдау


ИИДМ бұйрығы

2018 жылғы шілде

ИИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша), ҰКП (келісу бойынша)









29

Нарықта тұрғын үйге қажеттілікті зерттеуге, халықтың төлемқабілетті лігі сұранысын бағалауға, Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын талдауға зерттеулер жүргізу

млрд.
теңге

қорытын-ды

2019 –
2021
жылдар

ИИДМ, Қаржымині
 



0,1

0,1

0,1

0,3

РБ қаража-ты


30

Салымшыларға алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру үшін (2%) ҚТҚЖБ-ға бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарын бекіту

млрд. теңге

Қазақстан Респуб-ликасы Үкіметі-нің қаулысы, шарт

жыл сайын, 2019 – 2021 жылдар

ИИДМ, Қаржымині, ҰЭМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), ҚТҚЖБ (келісу бойынша)



50,0

50,0

50,0

150,0

РБ қаража-ты*

231


      Ескертпе:

      * қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті бекіткен кезде айқындалатын болады;

      ** көрсеткіштердің орындалуы тиісті қаржы жылдарына арналған қаржыландыру көлеміне байланысты айқындалады;

      ***Бұл көрсеткіштер 2017 жылдың басынан бастап өсу қорытындысымен қалыптасады.


      Аббревиатуралардың толық жазылуы: 

ИИДМ

– Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Қаржымині

– Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

ЭМ

– Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

АШМ

– Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

ҰЭМ

– Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

АҚДМ

– Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

ЖАО

– облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ

– "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

"ҚИК" ИҰ" АҚ

– "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамы

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

– "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

Жылжымайтын мүлік қоры

– "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" акционерлік қоғамы

"Даму" КДҚ" АҚ

– "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

ҰКП

– "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

ҚТҚЖБ

– "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы

РБ

– республикалық бюджет

ҰҚ

– Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

ҰБ

– Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

ЖТҚ

– жеке тұрғын үй құрылысы

ЕДБ

– екінші деңгейдегі банктер