Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 626-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамында:
мына:
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры, хатшы"
"Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаментінің директоры, хатшы"
"Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 204 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысымен бекітілген |
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
2. Мүгедектердің құқықтарын іске асыру, олардың тыныс-тіршілігі мен қоғамға етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің қызметін үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу Үйлестіру кеңесі қызметінің мақсаты болып табылады.
3. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.
5. Үйлестіру кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
2-тарау. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері
6. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеті:
1) "Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы" 2015 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияда көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
2) мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
3) мүгедектерді әлеуметтік қорғау және олардың құқықтарын іске асыру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, халықаралық және өзге де ұйымдармен, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3-тарау. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру
7. Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.