Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2019 жылғы 20 ақпандағы | |
№ 75 қаулысымен | |
бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 508 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 294-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мыналар Қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын:
1) өңірлердің индустриялық-инновациялық дамуын, салалық және интеграциялық аспектілерді қоса алғанда, экономиканың басым секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсету;
2) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға басым тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрыңғай картасын әзiрлеу мен өзектілендіру бойынша қызметтер көрсету;
3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустрияландыру картасын сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету;
4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсету;
5) аумақтық кластерлерді дамытуда мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсету;
6) аумақтық кластерлерді дамыту процестерін сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өнеркәсіптік даму саласындағы консультативтік-кеңесші органның қызметін талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету;
8) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардан алынған статистикалық ақпарат пен деректерге талдау жүргізуді, сондай-ақ ұсыныстар мен сараптамалық қорытындылар әзірлеуді көздейтін индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды басқару бойынша қызметтер көрсету;
9) технологиялық болжау процесіне қатысу;
10) инновацияларды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсету;
11) технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын құруға, басқаруға және үйлестіруге қатысу;
12) экономиканың басым секторларын технологиялық дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату;
13) іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалар, енгізілген технологиялар, технологиялық болжау бойынша жүргізілген талдамалық зерттеулердің нәтижелері туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
14) технологиялар трансферті, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кадрлық, басқарушылық және өндірістік әлеуетін күшейту бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыруға қатысу;
15) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсынымдар беру;
16) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар беру бойынша қызметтер көрсету;
17) технологиялық даму саласындағы ақпаратты жинауды жүзеге асыру және индустриялық-инновациялық жүйенің тиімділігін талдау;
18) сыртқы нарықтарға талдау жүргізу;
19) әлеуетті экспорттық нарықтарды іздеу және олардың тауарларын, көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарыққа ілгерілету мәселелері бойынша отандық экспорттаушыларға ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсету;
20) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша қызметтер көрсету.".
2. "Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қазандағы № 1092 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында:
"Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастырудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері" деген 2-бөлімде:
"Кластерлік бастамаларды мемлекеттік қолдау" деген кіші бөлімде:
"Өнімділік – 2020", "Экспорттаушы-2020" деген сөздер алып тасталсын;
"ТДҰА" деген аббревиатура "ҚИДИ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
3. "Ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 шілдедегі № 450 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 41-42-43, 258-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық даму институттарының және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Экспортты дамыту және ілгерілету саласында:
"KazakhExport" экспортты сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы;
"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;
"Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамы.".
4. "Даму институттарын басқару жүйесін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 830 қаулысында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы қаулының 1-тармағын орындағаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамын "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы деп қайта атауды;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне, соның ішінде "Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы қызметінің нысанасын айқындауды көздейтін шешімдеріне тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерде:
3-тармақ алып тасталсын.