"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 11 қаулысы.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:

      мынадай мазмұндағы 17-2-тармақпен толықтырылсын:

      "17-2. Су шаруашылығы қызметкерлері күні – 9 шілде".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілді.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев