Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы" 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 және "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 909 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 55, 529-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) алғашқы статистикалық деректер – алынған немесе статистикалық нысандарда тіркелген деректер;

      2) арнайы құрылған комиссия – ұлттық санақты дайындауға және өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаулық мәселелерін шешу үшін құрылған комиссия;

      3) ауыл шаруашылығы санағы – ауыл шаруашылығының құрылымы мен жай-күйі туралы деректерді жинау, өңдеу, біріктірілген деректерді талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық байқау;

      4) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      5) нұсқаушы-бақылаушы – санақ учаскелерінің толық қамтылуын бақылауды жүзеге асыратын адам;

      6) респондент – статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқау объектісі бойынша деректерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға және оның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері;

      7) санақ персоналы – осы Қағидада белгіленген тәртіппен ұлттық санақ жүргізуге уәкілетті орган тартатын адамдар;

      8) статистикалық нысан – статистикалық құжаттың алғашқы статистикалық деректерді белгіленген тәртіппен алуға немесе тіркеуге арналған қағаз немесе электрондық жеткізгіштердегі формуляры (бланк, есептілік нысаны, сұрақнама, сауалнама, санақ парағы және басқа да формулярлар);

      9) интервьюер – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде респонденттер мен үй шаруашылықтарына сауалнама жүргізуді жүзеге асыратын адам;

      10) ұлттық санақ – халық санағы мен ауыл шаруашылығы санағын қамтитын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті орган статистикалық жұмыстар жоспарынан тыс жүргізетін арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқау;

      11) халық санағы – белгілі бір уақыт кезіндегі жағдай бойынша респондентті сипаттайтын демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинау, өңдеу, біріктірілген деректерді талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық байқау.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Дайындық кезеңінде уәкілетті орган мынадай іс-шараларды іске асырады:

      1) ұлттық санақты жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

      2) пилоттық санақты жүргізу тәртібін, санақ парақтарын, ұлттық санақты жүргізу жөніндегі әдіснамалық құралдарды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы бірлескен актілерді әзірлеу және бекіту;

      3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту, ұлттық санақты жүргізуге арналған оқыту бағдарламаларын дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ санақ персоналына арналған оқыту семинарларын өткізуді ұйымдастыру;

      4) тиісті мемлекеттік органдармен, комиссиялармен, санақ персоналымен бірлесіп халық арасында ұлттық санақты жүргізудің мақсаты мен тәртібі туралы жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      5) санақ персоналын іріктеу және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олармен ұлттық санаққа қатысуға шарттар жасасу;

      6) ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олардың көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеуді бекіту;

      7) ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюерлер ретінде тарту тәртібін айқындау.

      Ұлттық санақтарды тиімді жүргізу мақсатында санақ парақтарын сынау, жүргізілуін ұйымдастыру мен алынған деректерді өңдеуді сынаудан өткізу, уәкілетті органның шешімі бойынша пилоттық санақ жүргізу арқылы облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы санағы субъектілерінің тізімдерін қалыптастыруы, нақтылауы, сондай-ақ уәкілетті органға ұсынуы сияқты қосымша іс-шаралар өткізілуі мүмкін.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Ұлттық санақтарды жүргізу кезінде алынған алғашқы статистикалық деректерді уәкілетті орган өңдейді.

      Ұлттық санақты жүргізу кезінде алынған алғашқы статистикалық деректер ұлттық санақтың қорытындысы ресми жарияланған сәттен бастап кемінде бір жыл қағаз жеткізгіштерде сақталады. Алғашқы статистикалық деректері бар электрондық жеткізгіштер кемінде елу жыл сақталады.

      Ұлттық санақтардың қорытындылары электрондық және қағаз жеткізгіштерде ресми жариялануға тиіс.";

      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      "Орталық аппараттың функциялары" деген 16-тармақта:

      87) және 88) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "87) мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдар үшін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесiн жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      88) мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасының барлық органдары үшін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудiң бірыңғай жүйесiн бекіту жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу;";

      98) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "98) мақсаттарға қол жеткізу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау;";

      мынадай мазмұндағы 98-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "98-1) Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі комиссияның жұмыс органымен келісу бойынша құпиялылық режимі мен қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғауды қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың интернет-порталы мен "www.bagalau.kz" сайтында жариялау;";

      320) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "320) жоспарланған жылдың алдындағы жылғы 15 қарашаға дейін статистикалық жұмыстар жоспарын бекіту;";

      339-59) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 339-80) тармақшамен толықтырылсын:

      "339-80) ұлттық санақтарды жүргізу кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;";

      "Ведомстволардың функциялары" деген 17-тармақта:

      158) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "158) Ұлттық санақтар жүргізу қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;";

      169) және 170) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "169) мемлекеттiк статистика органдарының статистикалық қызметiнiң уәкілетті органның ведомствосы бекiткен ведомстволық статистикалық байқаулар жөнiндегi статистикалық әдiснамаға сәйкестiгiне талдау жүргізу және талдау жүргiзуге қажеттi құжаттарды (ақпаратты) сұрату;

      170) респонденттерге бармай, профилактикалық бақылау нысанында респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      266-19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "266-19) бағаларды тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ бағаларды тіркеуді жүргізу;";

      266-23) тармақша алып тасталсын;

      266-27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "266-27) әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 266-45), 266-46), 266-47), 266-48), 266-49), 266-50), 266-51), 266-52), 266-53), 266-54), 266-55), 266-56), 266-57), 266-58), 266-59), 266-60), 266-61), 266-62), 266-63), 266-64), 266-65), 266-66), 266-67), 266-68), 266-69), 266-70), 266-71), 266-72) тармақшалармен толықтырылсын:

      "266-45) статистикалық сыныптауыштарды әзірлеу және бекіту;

      266-46) ұлттық санақ жүргізу жөнiндегi іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

      266-47) пилоттық санақ жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;

      266-48) штаттан тыс санақ бөлімі бойынша штат кестесі мен құрылымын әзірлеу және бекіту;

      266-49) санақ парақтарын әзірлеу және бекіту;

      266-50) ұлттық санақ жүргізу бойынша әдіснамалық құрал әзірлеу және бекіту;

      266-51) ақпараттық жүйелерді интеграцияламай мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы бірлескен актілер әзірлеу және бекіту;

      266-52) ұлттық санақтар жүргізу кезінде мемлекеттік органдармен бірлескен актілерді әзірлеу және бекіту;

      266-53) ұлттық санақ қорытындыларын қалыптастыру мен жариялауды қамтамасыз ету;

      266-54) мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеу мен қалыптастыруға қатысу қағидаларын бекіту;

      266-55) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту;

      266-56) ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кестесіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпаратты өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту;

      266-57) үй шаруашылықтарынан өздерінің кірістері мен шығыстары туралы қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алу қағидасын бекіту;

      266-58) уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингтеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      266-59) ерікті негізде респонденттердің қатысуымен тестілеу жүргізу және жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың жобаларын талқылау қағидалары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту;

      266-60) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде интервьюерлер санын және олардың көрсетілетін қызметтерінің құнын есептеуді бекіту;

      266-61) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      266-62) байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      266-63) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттарға арналған жарияланған ресми статистикалық ақпаратты уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қайта қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      266-64) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемесін келісу;

      266-65) Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша ұйғарым енгізу және кассациялық наразылық білдіруді ұсынуды енгізу туралы өтінішхат беру;

      266-66) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды тұлғаның) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыларын, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды және шешімдерді қарау;

      266-67) үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексерулер жүргізу мақсатында сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органның сұратуы бойынша мәліметтерді ұсыну;

      266-68) қағаз жеткізгіштердегі және электронды түрдегі алғашқы статистикалық деректерді, әкімшілік деректерді белгіленген мерзімдерде сақтауды қамтамасыз ету;

      266-69) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ақпараттық-статистикалық жүйелерін, деректер базалары мен олардың платформаларын, статистика тіркелімдерін, интернет-ресурсын қалыптастыруды, сүйемелдеуді және өзектілендіруді қамтамасыз ету;

      266-70) ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыруды қамтамасыз ету;

      266-71) статистикалық жарияланымдарды қалыптастыруды және статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес уәкілетті органның ведомствосы таратуға жататын ресми статистикалық ақпараттың таратылуын қамтамасыз ету;

      266-72) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалардың оң қорытындысы алынған техникалық-экономикалық негіздемені, оның ішінде түзетілген техникалық-экономикалық негіздеме мен бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын бекіту;";

      "Құқықтары мен міндеттері" деген 18-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 59-3), 59-4), 59-5), 59-6), 59-7), 59-8), 59-9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "59-3) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттарға арналған жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарауды жүзеге асыру;

      59-4) уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингтеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауалнама жүргізу;

      59-5) ерікті негізде респонденттердің қатысуымен тестілеу жүргізу және жалпы мемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандар мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың жобаларын талқылау;

      59-6) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар мен ұлттық санақтар жүргізу кезінде адамдарды интервьюерлер ретінде тарту;

      59-7) тиісті мемлекеттік органдармен, комиссиялармен, санақ персоналымен бірлесіп, тұрғындар арасында ұлттық санақтар жүргізудің мақсаттары мен тәртібі туралы жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      59-8) санақ персоналын іріктеу және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олармен ұлттық санаққа қатысуға шарттар жасасу;

      59-9) санақ парақтарына сынау жүргізу, жүргізілуін ұйымдастыру мен алынған деректерді өңдеуді сынаудан өткізу, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы санағы субъектілерінің тізімдерін қалыптастыруы, нақтылауы, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосына ұсынуы;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев