1. "Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда берілетін біржолғы өтемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1301 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1083-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда берілетін біржолғы өтемақыларды төлеу қағидаларында:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Заңның 77-бабына сәйкес біржолғы өтемақы алуға құқылы курсанттарға, тыңдаушыларға немесе адамдарға, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен курсанттың, тыңдаушының қаза табуы (қайтыс болуы) немесе оның мертігуі:
1) өзiне-өзi қол жұмсауға жеткiзген жағдайларды қоспағанда, өзiне-өзi қол жұмсау нәтижесінде;
2) ол қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған кезде;
3) алкогольден, есiрткiден, уытқұмарлықтан (оларға ұқсас заттардан) мас болуды туындататын заттарды пайдалану немесе қолдану нәтижесінде;
4) бiржолғы өтемақы алу немесе қызметтен жалтару мақсатымен өзiне қасақана қандай да бiр дене зақымын келтіру (дене мүшесін зақымдау) немесе өз денсаулығына өзгедей зиян келтiру нәтижесінде;
5) курсанттың, тыңдаушының қызмет өткеру туралы келісімшарттың талабын бұзған іс-әрекеті нәтижесінде болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді.";
10-тармақтың 4), 5), 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) арнаулы (әскери) оқу орнының курсанты, тыңдаушысы не ол қызмет өткеруі кезеңінде алған жарақаты (контузия алуы), ауыруы салдарынан қызметтен босатылғаннан кейін қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның мұрагерлеріне 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) арнаулы (әскери) оқу орнының курсантына, тыңдаушысына арнаулы мемлекеттік органдарда қызметін өткеру кезеңінде алған немесе арнаулы мемлекеттік органдарда қызметін өткерумен байланысты контузия алуы, мертігуі, ауыруы салдарынан мүгедектік белгіленген жағдайда қызметтен босатылған күнінен бастап бір жыл өткенге дейін мынадай:
І топтағы мүгедекке – 250 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
II топтағы мүгедекке – 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
III топтағы мүгедекке – 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) арнаулы (әскери) оқу орнының курсанты, тыңдаушысы арнаулы мемлекеттік органдарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде мүгедектікке әкеп соқтырмаған ауыр жарақат (жаралану, зақымдану, контузия) алған жағдайда:
ауыр жарақат үшін – 12 айлық есептік көрсеткіш;
жеңіл жарақат үшін – 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы өтемақы төлеуді жүргізеді.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |