"Ұялы байланыс операторларының өз желісінде бірдей сәйкестендіру кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғыларды байқаған жағдайда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарды хабардар ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 маусымдағы № 984 қаулысының және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 22-тармағының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 902 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Ұялы байланыс операторларының өз желісінде бірдей сәйкестендіру кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғыларды байқаған жағдайда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарды хабардар ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 маусымдағы № 984 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 31, 288-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 22-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 342-құжат).

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев