Ескерту. 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі – осы қаулының 2-тармағымен.
"Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Адвокат көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің, құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері (бұдан әрі – ақы төлеу мөлшері):
1) мына:
қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында:
аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның немесе аса ауыр қылмыс жасады деп тағылған айыптан ақталғанның;
аса ауыр қылмыс жасады деп күдіктену, айып тағу бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында тоқтатылған күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы ретінде қатысудың;
қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында аса ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның өкілі ретінде қатысудың;
аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда ұсталған, үйқамақтағы немесе қылмыстық-атқару жүйесi мекемесінде жазасын өтеп жатқан өзі қорғайтын адаммен кездесудің;
өтініштер, өтінішхаттар, процестік келісімдер, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдер, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздарға қарсылықтар, азаматтық талапкермен, азаматтық жауапкермен бітімгершілік келісімдер, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер немесе дауды партисипативті тәртіппен реттеу туралы келісім, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғау және олардың мүддесінде азаматтық талап қоюға немесе аса ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде пікір (қарсылық) білдірудің бір сағаты үшін тиісті кезеңге бекітілген 1,15 айлық есептік көрсеткіш;
2) мына:
қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында:
ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның немесе ауыр қылмыс жасады деп тағылған айыптан ақталғанның;
ауыр қылмыстық іс жасағаны үшін күдіктену, айып тағу бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында тоқтатылған күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы ретінде қатысудың;
қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның өкілі ретінде қатысудың;
ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда ұсталған, үйқамақтағы немесе қылмыстық-атқару жүйесi мекемесінде жазасын өтеп жатқан өзі қорғайтын адаммен кездесудің;
өтініштер, өтінішхаттар, процестік келісімдер, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдер, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздарға қарсылықтар, азаматтық талапкермен, азаматтық жауапкермен бітімгершілік келісімдер, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер немесе дауды партисипативті тәртіппен реттеу туралы келісім, ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғау және олардың мүддесінде азаматтық талап қоюға немесе ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде пікір (қарсылық) білдірудің бір сағаты үшін тиісті кезеңге бекітілген 0,78 айлық есептік көрсеткіш;
3) мына:
әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамды әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында қорғаудың;
заң көмегіне ақы төлеуден және азаматтық іс бойынша іс жүргізуде өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның атынан өкілдік етудің бір сағаты үшін және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу;
адвокатқа жүгінген жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық консультация берудің;
қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында:
қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның немесе қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасады деп тағылған айыптан ақталғанның;
қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін күдіктену, айып тағу бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында тоқтатылған күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы ретінде қатысудың;
қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның өкілі ретінде қатысудың;
қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін қамауда ұсталған, үйқамақтағы немесе қылмыстық-атқару жүйесi мекемесінде жазасын өтеп жатқан өзі қорғайтын адаммен кездесудің;
өтініштер, өтінішхаттар, процестік келісімдер, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдер, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздарға қарсылықтар, азаматтық талапкермен, азаматтық жауапкермен бітімгершілік келісімдер, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер немесе дауды партисипативті тәртіппен реттеу туралы келісім, қылмыстық терiс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғау және олардың мүддесінде азаматтық талап қоюға немесе қылмыстық терiс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс салдарынан әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша немесе азаматтық іс бойынша жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде пікір (қарсылық) білдірудің бір сағаты үшін тиісті кезеңге бекітілген 0,56 айлық есептік көрсеткіш;
4) тағылатын қылмыстың санатына қарай Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 64-бабының үшінші бөлігінде белгіленген мерзімдер өтетін кейінге қалдыруға болмайтын жағдайда түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері күдіктіден жауап алуға қатысудың бір сағаты үшін осы қаулының 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында белгіленген ақы төлеу мөлшерінен 1,5;
5) адвокаттың тергеп-тексеру немесе өзге әрекеттің басталуын немесе оны кейінге қалдырған жағдайда оның жалғастырылуын: сот отырысының басталуын немесе оны кейінге қалдырған жағдайда оның жалғастырылуын күткен уақыты үшін осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген ақы төлеу мөлшерінен 50 пайыз болып;
6) нақты іс бойынша қорғауды немесе өкілдік етуді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының шегінде басқа жерге іссапарға шығуға байланысты шығыстарды өтеу мемлекет қаражаты есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін белгіленген мөлшерде;
7) татуластыру рәсімдерін қосымша төлем мен шығындарды белгілемей жүргізу бекітілсін.
2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |