"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 210 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 828 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 210 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 21-22, 126-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банктік шотындағы ақша

                                                                              ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев