Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің | |
2018 жылғы 5 желтоқсандағы | |
№ 805 қаулысымен | |
бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-189-жолмен толықтырылсын:
"21-189. "Қазақавтожол" ЖШС";
"Ақмола облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 13-13-жол алып тасталсын;
"Алматы облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 38-7-жол алып тасталсын;
"Ақтөбе облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 133-7-жол алып тасталсын;
"Атырау облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 145-7-жол алып тасталсын;
"Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 165-16-жол алып тасталсын;
"Жамбыл облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 180-6-жол алып тасталсын;
"Батыс Қазақстан облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 194-6-жол алып тасталсын;
"Қарағанды облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 214-18-жол алып тасталсын;
"Қызылорда облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 218-7-жол алып тасталсын;
"Қостанай облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 229-12-жол алып тасталсын;
"Маңғыстау облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 236-9-жол алып тасталсын;
"Павлодар облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 265-12-жол алып тасталсын;
"Солтүстік Қазақстан облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 280-8-жол алып тасталсын;
"Түркістан облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 304-жол алып тасталсын.
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 359-10-1, 359-10-2, 359-10-3, 359-10-4, 359-10-5, 359-10-6, 359-10-7, 359-10-8, 359-10-9, 359-10-10, 359-10-11, 359-10-12, 359-10-13 және 359-10-14-жолдар алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 359-10-15-жолмен толықтырылсын:
"359-10-15. "Қазақавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".
3. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" деген 6-бөлімде:
"Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер" деген кіші бөлімде:
реттік нөмірлері 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) жолдар алып тасталсын;
"Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-жолмен толықтырылсын:
"15) "Қазақавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".";
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне" деген бөлімде:
"Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер" деген кіші бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-жолмен толықтырылсын:
"15. "Қазақавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".";
"Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер" деген кіші бөлімде:
реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-жолдар алып тасталсын.
4. "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
басым тәртіппен жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ірі ұйымдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6.4-жолмен толықтырылсын:
"6.4. "Қазақавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі"";
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 27.2, 28.3, 29.4, 30.5, 31.6, 32.7, 33.8, 34.9, 35.10, 36.11, 37.12, 38.13, 39.14 және 40.15-жолдар алып тасталсын.
5. "Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қазақавтожол" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 393 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 25-26, 197-құжат):
3-тармақ 2) тармақшадағы "тіркеуді қамтамасыз етсін." деген сөздер "тіркеуді;" деген сөзбен ауыстырып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) "Қазақавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне беруді қамтамасыз етсін.";
4, 5, 6 және 7-тармақтар алып тасталсын.