Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімін беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 754 қаулысы.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" тұралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

      реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. "Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев