Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 747 қаулысы.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шымкент әуежайы" акционерлік қоғамының 100 (жүз) пайыз мөлшерiндегi акцияларының мемлекеттiк пакетi заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншiктен Шымкент қаласының коммуналдық меншiгіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесі:

      мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 1079-жолмен толықтырылсын:

      "Шымкент қаласы

      1079 "Шымкент әуежайы" АҚ";

      акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Оңтүстік Қазақстан облысы" деген бөлімде "Оңтүстік Қазақстан облысы" деген сөздер "Түркістан облысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 301-жол алып тасталсын;

      2) "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 65.7-жол алып тасталсын;

      бәсекелес ортаға беру ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесі:

      мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 441.1-жолмен толықтырылсын:

      "Шымкент қаласының әкімдігі"

      "441.1 "Шымкент әуежайы" акционерлік қоғамы".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев