"Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 644 қаулысы

Қолданыстағы

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Astana Hub" халықаралық IT-стартаптар технопаркі" корпоративтік қоры "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі болып айқындалсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап  қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев