Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 624 қаулысы.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы және жетпіс жетінші абзацтары 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 9 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.08.2020 № 530 қаулысымен.
      2. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.08.2020 № 530 қаулысымен.

      3. "Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 495-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органдары;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) мемлекеттік корпорацияның филиалдары – мемлекеттік корпорацияның облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы филиалдары;";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға жүгіну тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі";

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектің мөлшерін есептей отырып, ІЭМ-ді және ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі шешімнің жобасын қалыптастырады.";

      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Уәкілетті орган келіп түскен ІЭМ-ді қарайды және төрт жұмыс күні ішінде әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртiбi";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру тәртібі";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерiнде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртiбi";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу тәртiбi".

      4. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 58, 791-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Алушы БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу мақсатында:

      1) Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайлар басталған кезде жеке басты куәландыратын құжатты, сондай-ақ банк шоты туралы мәліметті ұсына отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) өтінішпен жүгінеді;

      2) Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайлар басталған кезде БЖЗҚ-ға өзі жүгінгенде:

      БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      алушының жеке басын куәландыратын құжатты;

      алушының банк шоты туралы мәліметтерді ұсынады.

      БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы жүгінген кезде: алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтініш береді.

      БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы өтініш беру тәртібі БЖЗҚ ішкі құжаттарымен бекітіледі.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Алушылардың осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік корпорацияға ұсынған өтініштері бойынша мемлекеттік корпорация БЖЗҚ мен мемлекеттік корпорация арасында жасалған тиісті келісімде белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, оның шеңберінде БЖЗҚ-ға алушылардың мемлекеттік корпорацияда тіркелген өтініштері туралы мәліметтер беріледі.

      БЖЗҚ алушылардың осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің сомаларын мемлекеттік корпорацияға аударады.

      Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы төлемдерінің сомаларын мемлекеттік корпорация белгілеген әлеуметтік төлемдер кестесіне сәйкес алушылардың өтініште көрсетілген банк шоттарына аударады, бұл ретте бірінші төлем осы Қағидалардың 19-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.

      Алушы осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған не алушыда БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары болмаған жағдайда не ол белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алушы болып табылса, мемлекеттік корпорация өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бере отырып, жүгінген күні өтініш берушіге өтінішті қабылдаудан бас тартады не бас тарту себептерін көрсете отырып, осы Қағидаларда көзделген құжаттарды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама жіберу жолымен өтінішті орындаудан бас тартады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары біткенше төленеді.

      Бұл ретте:

      осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген алушылар үшін – алушының өтінішін мемлекеттік корпорацияда тіркеу күні;

      осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген алушылар үшін – БЖЗҚ-ға құжаттарды қабылдау не түсу күні зейнетақы төлемдеріне жүгінген күн болып есептеледі.

      БЖЗҚ осы Қағидаларда көзделген ережелерді ескере отырып, жыл сайын белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеуді дербес жүргізеді.";

      14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Өтініш үшінші тұлға арқылы берілген жағдайда, үшінші тұлға осы Қағидалардың 4, 8, 13-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қосымша:"

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Өтініш пошта байланысының құралдары арқылы берілген кезде осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында, 8, 13-тармақтарында көрсетілген алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, сондай-ақ өтініштегі алушының қолын нотариат куәландырады (нотариатта куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілген жағдайда)."

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Алушы, не зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесі, не жерлеуді жүзеге асырған адам осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасына, 8, 11 және 13-тармақтарына сәйкес белгіленген құжаттар толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, БЖЗҚ өтініш берген күні БЖЗҚ ішкі құжаттарында айқындалған нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бере отырып, өтінішті қабылдаудан не осы Қағидаларда көзделген құжаттарды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама жолдау арқылы бас тарту себебін көрсете отырып, өтінішті орындаудан бас тартады."

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Зейнетақы төлемдері алушыларға белгіленген кесте бойынша, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, мұрагерлерге осы Қағидаларда көзделген құжаттар БЖЗҚ-ға қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген алушыларға бірінші зейнетақы төлемі БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне құқығы туындау шартымен мемлекеттік корпорацияда өтінішті тіркеген күннен бастап он жұмыс күн ішінде не БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарына құқық туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Кейінгі ай сайынғы зейнетақы төлемдері осы Қағидалардың 5-1 және 6-тармақтарында белгіленген ережелерді ескере отырып жүзеге асырылады.".

      5. "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 828-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңның 39-бабының 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген азаматтар үшін міндетті зейнетақы жарналары алатын табысының 10 пайызы, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 пайызынан кем болмайтын мөлшерде оларды кейіннен БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына аудару үшін банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолма-қол ақшалай жарна салу арқылы төлеуге жатады."

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) тәртібі мен мерзімдері";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. БЖЗҚ-ға төлеуге жататын міндетті зейнетақы жарналары Заңның 25-бабында белгіленген мөлшерлемені міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектісіне қолдану арқылы есептеледі:

      Мыналар міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектілері болып табылады:

      1) заңды тұлғалар үшін – міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс, ол республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспайды;

      2) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыс, ол тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспайды;

      3) адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – алатын табысы.

      Бұл ретте, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу мақсаттары үшін адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін алынатын табыс Заңның 25-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлер шегінде, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспайтын, олар дербес айқындайтын сома болып табылады.

      Табыс болмаған жағдайда адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен 10 пайыз есебінде БЖЗҚ-ға өзінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы;

      4) мемлекеттік корпорация үшін – еңбек ету қабілетінен және (немесе) жұмысынан айырылу жағдайына, баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдер;

      5) Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлігінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының персоналына теңестірілген лауазымдар бойынша жалақының 100 пайыздық мөлшері;

      6) сақтандыру ұйымы үшін – жалақысынан (табысынан) айырылуына байланысты залалды өтеу ретіндегі сақтандыру төлемі;

      7) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін – нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алынған кіріс.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. БЖЗҚ-ға аударылатын міндетті зейнетақы жарналары:

      1) Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағында көрсетілген;

      2) Салық кодексінің 330-бабының 1-тармағында көрсетілген;

      3) Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 12) 26), 27), 48) тармақшаларында, сондай-ақ 341-бабының 1-тармағының 42) 43) тармақшаларында (жоғалтылған жалақы (табыс) бөлігінде) белгіленгендерден басқа, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында көрсетілген кірістер мен төлемдерден ұсталмайды.

      Бұл ретте БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағы 17) тармақшасының алтыншы абзацында көзделген табыстардан ұсталмайды.

      4) Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мүгедектер және өзге де адамдар заттай нысанда немесе материалдық пайда түрінде алған кірістер мен төлемдерден ұсталмайды.

      Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 26) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес ұсталады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудару";

      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) шоттары жоқ адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, дара кәсіпкерлер сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар осы Қағидалардың 9-тармағында айқындалған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін оларды банкке қолма-қол ақшамен енгізеді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Ұстап қалған (есебіне жазылған) міндетті зейнетақы жарналарын мемлекеттік корпорацияға:

      1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), сондай-ақ жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар жұмыскерлерге төлеген табыстан – табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

      2) дара кәсіпкерлер (осы тармақтың 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

      3) арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде;

      4) арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданатын шағын бизнес субъектілері – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде;

      5) арнаулы салық режимін патент негізінде қолданатын дара кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына патент құнын төлеу үшін көзделген мерзімде;

      6) мемлекеттік корпорация – әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей;

      7) сақтандыру ұйымы – жалақысынан (табысынан) айырылу жағдайына байланысты залалды өтеу ретінде сақтандыру төлемі жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;

      8) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар – кіріс алған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей аударады.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудару".

      6. "Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1023-құжат):

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берiлiп отырған Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау және жүзеге асыру қағидалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібi";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібi";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Интернаттық және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелердегі адамдарға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Тұрғылықты жері өзгерген кезде азаматтарға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Қайтыс болған адамды жерлеуге арналған біржолғы төлемді (өтемақыны) және оның отбасына берілетін біржолғы жәрдемақыны мемлекеттік корпорациядан тағайындау және төлеу тәртібi";

      6-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларына 6-қосымша";

      7-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 7-қосымша";

      8-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 8-қосымша";

      8-1-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 8-1-қосымша";

      12-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 12-қосымша";

      13-қосымшада жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 13-қосымша".

      7. "Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 27, 217-құжат)

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері қатарындағы адамдар, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар мемлекет кепілдігіне жүгінген жағдайда, айырма төлемі 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтарған кезден бастап зейнетақы төлемдеріне құқық туындаған күнге дейін инфляцияның деңгейін ескере отырып және жеке зейнетақы шотында міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтарғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдығын ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасына жүргізіледі.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Айырма төлемін тағайындау үшін өтініш беру тәртібі";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. 3-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген және зейнетақы мен өзге де әлеуметтік төлемдерді алушы болып табылатын адамдарға мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемі проактивтік қағидат бойынша өтініш бермей тағайындалады. Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген құжаттар да ұсынылмайды.

      Айырма төлемін тағайындау мерзімі Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жас басталған күнге инфляция деңгейі туралы ақпарат болған кезде базалық зейнетақы төлемдері тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады, бірақ Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жас басталған күнге инфляция деңгейі туралы ақпарат болмаған кезде ол тағайындалған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамнан басқа, айырма төлемін алуға құқығы бар адам айырма төлемін тағайындау үшін әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтінішпен тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жүгінеді.

      Өтінішті қабылдаған кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) арқылы алады.

      Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралманның куәлігі);

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы).

      Бұдан басқа өтінішке:

      1) алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер;

      2) осы Қағидалардың 3 тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін сақтандыру ұйымымен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі қоса беріледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Айырма төлемін алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жарналарын алушы болып табылатын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өтінішіне:

      алушы өзі жүгінген кезде:

      Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік паспорт;

      екiншi деңгейдегi банктерде немесе Қазақстан Республикасының аумағында банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер;

      осы Қағидалардың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін сақтандырушы ұйыммен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі;

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар сенім білдірген тұлға арқылы өтініш берген кезде алушының жеке басын куәландыратын құжаттарының дұрыстығын нотариат куәландырады.

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрған жағдайда құжаттардың көшірмесін нотариалды куәландыру тұратын мемлекетінде немесе Қазақстан Республикасының аумағында жүргізіледі.";

      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты);";

      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, шетелдік паспорт);";

      9-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қамқоршының немесе қорғаншының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты);

      3) қамқоршылықтың немесе қорғаншылықтың белгіленгенін растайтын құжат;";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Айырма төлемін жүзеге асыру тәртібі";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Айырма төлеу туралы өтініш қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 5-тармағының бірінші абзацында көрсетілген адамдарға базалық зейнетақы тағайындалған күннен кейінгі күннен бастап, бірақ тағайындалған күннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен асырмай БЖЗҚ-ға жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді ұсыну жөнінде хабарлама жібереді.".

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 239 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 23-24, 129-құжат):

      2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші және қырық бесінші абзацтары 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.".


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
қосымша
 

Өтініш

      Ескерту. Қосымшаның күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.08.2020 № 530 қаулысымен.