Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 578 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 332-2-жолмен толықтырылсын:

      "332-2. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.";

      2) "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі және оның ведомстволары" деген бөлімнің "Акционерлік қоғамдар" деген кіші бөлімінің 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;"

      көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне" деген бөлімде:

      "Акционерлік қоғамдар" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев