Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 3-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-3) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамы 2013 – 2022 жылдардың қорытындылары бойынша таза кірісінің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер төлеуге жұмсайды;";
2-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2-4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдардың қорытындылары бойынша алынған, мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтерді төлегеннен кейін қалған таза кірісінің бір бөлігін оның материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге тиімді пайдалану бойынша қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |