Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 455 қаулысы.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 24 шілдедегі
№ 455 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысында көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықта: 134-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "134. Кеңсеге енгізілетін Үкімет қаулыларының жобаларын БҚҚБ әр сәрсенбі сайын сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін МО ИП арқылы электрондық форматта (нысанда) қабылдайды және олар Заң бөлімі мен БҚҚБ-ға алдын ала тексеруге беріледі.

      Кеңсеге енгізілетін Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын БҚҚБ күн сайын сағат 9.00-ден бастап 15.30-ге дейін МО ИП арқылы электрондық форматта (нысанда) қабылдайды және олар алдын ала тексеру рәсімінен өтпей, құрылымдық бөлімшелерге тікелей жіберіледі.

      Заң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын қамтитын Үкімет қаулыларының жобаларын, Үкімет қорытындыларының жобаларын Кеңсе қағаз және электрондық форматтарда (нысандарда) ЭҚАБЖ арқылы қабылдайды.

      Мыналарға:

      1) Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына түзетулер енгізуге;

      2) гуманитарлық көмек көрсетуге;

      3) халықаралық шарттарды мақұлдауға және кейіннен қол қоюға;

      4) Үкімет резервінен қаражат бөлуге не республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға бағытталған Үкімет қаулыларының жобалары алдын ала тексеру рәсімінен өтпей қабылданады және құрылымдық бөлімшелерге тікелей беріледі.

      Заң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын қамтитын Үкімет қаулыларының жобалары, Үкімет қорытындыларының жобалары, сондай-ақ пысықталғанынан кейін мемлекеттік органдар қайта енгізетін Үкімет қаулыларының жобалары, Үкімет тапсырмасы бойынша енгізілетін Үкіметтің нормативтік емес қаулыларының жобалары, сондай-ақ Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындау үшін әзірленген, Үкіметке шұғыл енгізу көзделетін Үкіметтің нормативтік қаулыларының жобалары күн сайын сағат 9.00-ден бастап 15.30-ға дейін қабылданады және алдын ала тексерілмей, құрылымдық бөлімшелерге тікелей беріледі.

      "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын Кеңсе тек қағаз жеткізгіштерде қабылдайды.";

      136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "136. Жобалар БҚҚБ үкіметтік шешімдерді шығару секторына (бұдан әрі – БҚҚБ ҮШС) түседі, БҚҚБ ҮШС жауапты қызметкері жобаның Үкімет Регламенті мен осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін тексереді.";

      137-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "137. Үкімет қаулыларының жобалары қағаз жеткізгіштерде түскен кезде тіркеу мөртаңбасы ілеспе хатқа қойылады.

      Кеңсеге енгізілетін, заң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын қамтитын Үкімет қаулылары жобаларының, Үкімет қорытындылары жобаларының, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар жобалардың әр парағын Үкімет Регламентіне сәйкес әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы (бірінші басшының міндетін атқару ресми жүктелген адам не бірінші басшы Үкімет пен Кеңсе басшылығына жолданатын құжаттарға қол қоюға ресми уәкілеттік берген адам) немесе облыстың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімі (облыс, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімінің міндетін атқару ресми жүктелген адам) дәйектеуге тиіс.";

      140-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұрын тіркелген нөмірге келіп түскен жобалар МО ИП немесе ЭҚАБЖ арқылы жобаны қарауға жауапты, жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге (жобалардың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқалары), сондай-ақ бірлесіп орындаушы бөлімдерге және Заң бөліміне (жобалардың қағаз жеткізгіштердегі көшірмелері) жіберіледі.";

      146-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "146. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Үкімет отырысына шығарылатын жобалар бойынша:

      1) жобаларды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің болмашы, оның ішінде редакциялық сипаттағы және заң техникасы бойынша ескертулерін ескере отырып дербес пысықтайды. Қалған жағдайларда жобалар Үкімет немесе Кеңсе басшылығының тапсырмасы бойынша пысықталады және жобаның түпкілікті нұсқасы ЭЦҚ арқылы электрондық түрде келісіліп, оған әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе облыстың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімі қолбелгі қояды, ал қажет болған кезде басқа мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.

      Бұл ретте мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы тұрғысынан қарау үшін БҚҚБ заң жобаларын Премьер-Министр Кеңсесінің және Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде пысықталғаннан кейін қайталама ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысы болған кезде қабылдайды;

      2) жобаларды жоба атауының жанындағы папканың арнайы титулдық жолында МО ИП-та немесе ЭҚАБЖ-да жобаның жүйелік нөмірін көрсете отырып, сондай-ақ тиісті елтаңбалық бланкіде электрондық құжаттар нысанында ресімдейді.

      "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар жобалар елтаңбалық мөрде тек қағаз құжат нысанында ресімделеді;

      3) әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы дәйектегеннен кейін жобаларды БҚҚБ-ның электрондық және қағаз құжаттар жиынтығын тиісінше қалыптастыруға, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығына жауапты қызметкерлері, жауапты бөлімнің және бірлесіп орындаушы бөлімдердің меңгерушілері, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес), Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес) МО ИП немесе ЭҚАБЖ арқылы келіседі.

      Бір уақытта МО ИП немесе ЭҚАБЖ арқылы келісіле отырып, елтаңбалық бланкідегі жоба жобаны бұрын келіскен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының, Кеңсе Басшысының, Премьер-Министрдің тиісті орынбасарларының (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес) қолбелгі қоюы арқылы келісіледі.

      Заң жобаларын Парламентке жіберуді не оларды Парламенттен кері қайтарып алуды көздейтін қаулы жобаларын, сондай-ақ Үкімет бастамашылық жасаған заң жобаларына депутаттардың түзетулері бойынша Үкімет қорытындыларын Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қосымша келіседі;

      4) жауапты құрылымдық бөлімнің басшысы келіскен (МО ИП-та немесе ЭҚАБЖ-да) және қолбелгі қойған (қағаз жеткізгіште) жобаның пысықталған ережелерінің көлемі мен сипаты баяндалған анықтаманы (МО ИП арқылы келісілген жағдайда, онда аталған жобаны бұрын қараған мүдделі мемлекеттік органдарда келісу нәтижелері де көрсетіледі) Кеңсе Басшысына қол қоюға ұсынады;

      5) Үкімет отырысы өткізілгенге дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, толық дайындалған құжаттардың топтамасын электрондық және қағаз түрінде БҚҚБ-ға ұсынады.

      Егер жоба бойынша Кеңсе Басшысының тікелей тапсырмасы болмаса, БҚҚБ жобаларды Үкімет отырысының қарсаңында, яғни 1 (бір) жұмыс күні бұрын қабылдамайды.

      Үкімет отырысында Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен (және сырттай дауыс берумен) қабылданған жобалар бойынша кейіннен жобаны Премьер-Министрге қол қоюға беру үшін дауыс беру қорытындылары туралы анықтама бір күн мерзімде Кеңсе Басшысына қол қоюға ұсынылады.

      Жобалар Үкімет отырысында қаралғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Премьер-Министрге қол қоюға ұсынылуға тиіс.";

      147 және 148-тармақтар алып тасталсын;

      151-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "151. Үкімет мүшелері сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Кеңсеге электрондық құжаттар нысанында жауаптар немесе ("Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар жобалар бойынша) жазбаша жауаптар жібереді, онда өз пікірлерін білдіреді. Көрсетілген мерзімде жауап болмаған жағдайда, Үкімет мүшесі жобаның қабылдануына дауыс берді деп саналады.";

      153, 154 және 155-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "153. Сырттай дауыс беру нәтижелері бойынша жауапты орындаушы бір жұмыс күні ішінде жоба бойынша электрондық немесе қағаз құжат нысанында Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағын жасайды.

      154. Жоба бойынша сырттай дауыс беруді ұйымдастыруды және өткізуді БҚҚБ жүзеге асырады.

      Кеңсе Басшысы ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы жобалар бойынша тиісті тапсырмаға қол қояды, одан кейін БҚҚБ протоколдық іс-шараларды қамтамасыз ету секторының қызметкері тиісті тапсырма жөнінде Үкімет мүшелеріне МО ИП немесе ЭҚАБЖ арқылы хабарлайды. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар жобалар және тиісті тапсырмалар фельдъегерлік немесе арнайы байланыс арқылы қағаз жеткізгіште жіберіледі.

      155. Үкімет қабылдаған жобаны БҚҚБ қол қоюға енгізуді қамтамасыз ету үшін құзыретіне қаралып отырған жобаның мәселелері жататын Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне жібереді.";

      156-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орындаушы шығаруға толық дайын қаулының (өкімнің) түпнұсқасын жинақтап, сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін БҚҚБ электрондық және қағаз құжаттар жиынтығын тиісінше қалыптастыруға жауапты қызметкеріне тапсырады. Премьер-Министрдің ЭЦҚ-сы қойылған қаулы (өкім) автоматты режимде МО ИП немесе ЭҚАБЖ арқылы БҚҚБ ҮШС-на түседі.";

      159-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "159. Премьер-Министр қол қойған барлық қосымшалары мен материалдары бар қаулының (өкімнің) түпнұсқасын орындаушы БҚҚБ-ға МО ИП-та немесе ЭҚАБЖ-да жобаның жүйелік нөмірін, түпнұсқа файлдарының атауларын (ақпараттың байттағы көлемі туралы деректермен) көрсете отырып, арнайы мұқабада мынадай тәртіппен береді:

      МО ИП арқылы жасалған жобалар:

      1) барлық қолбелгілері мен қосымшалары бар қаулының (өкімнің) қағаз түріндегі, сондай-ақ Премьер-Министрдің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық нысандағы түпнұсқасы;

      2) Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі қол қойған қағаз түріндегі, сондай-ақ ЭЦҚ-мен расталған электрондық нысандағы тарату көрсеткіші;

      3) Үкімет мүшелерінің электрондық түрдегі дауыс беру нәтижелері;

      4) жоба бойынша және отырыстың қорытындылары туралы электрондық түрдегі анықтамалар;

      5) мемлекеттік орган ұсынған барлық қосымшалары (қорытындылар, анықтама-негіздемелер, шешімдер және т.б.) бар қаулы (өкім) жобасы;

      6) қажет болған кезде мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін жүктеу туралы мөрмен расталған *pdf форматындағы бұйрықтың болуы.

      ЭҚАБЖ арқылы жасалған жобалар:

      1) барлық қолбелгілері мен қосымшалары бар қаулының (өкімнің) қағаз түріндегі, сондай-ақ Премьер-Министрдің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық нысандағы түпнұсқасы;

      2) Кеңсенің құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі қол қойған қағаз түріндегі, сондай-ақ ЭЦҚ-мен расталған электрондық нысандағы тарату көрсеткіші;

      3) Үкімет мүшелерінің қағаз түріндегі дауыс беру нәтижелері;

      4) жоба бойынша (ЭЦҚ-мен расталған қағаз және электрондық нысандағы) және отырыстың қорытындылары туралы қағаз түріндегі анықтамалар;

      5) мемлекеттік орган ұсынған барлық қосымшалары (қорытындылар, анықтама-негіздемелер, шешімдер және т.б.) бар қағаз түріндегі, сондай-ақ ЭЦҚ-мен расталған электрондық нысандағы қаулы (өкім) жобасы;

      6) қажет болған кезде мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін жүктеу туралы мөрмен расталған қағаз түріндегі, сондай-ақ *pdf форматында электрондық нысандағы бұйрықтың болуы.

      "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар жобалар бойынша құжаттар топтамасы тек қағаз жеткізгіштерде қалыптастырылады.";

      162 және 163-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "162. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары адресаттарға тарату көрсеткіші бойынша:

      1) Үкіметтің елтаңбалық мөрімен расталған қағаз жеткізгіштердегі даналар түрінде және Президент Әкімшілігіне, Әділет министрлігіне және әзірлеуші мемлекеттік органға арналған, ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында;

      2) басқа мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілердің эталондық-бақылау банкіне (Премьер-Министр өкімдерін қоспағанда) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында ғана;

      3) ЭҚАБЖ-ға және МО БКЖ-ге қосылмаған ұйымдарға Үкіметтің елтаңбалық мөрімен расталған қағаз жеткізгіштердегі даналар түрінде жіберіледі;

      4) БҚҚБ бақылау секторына "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдері қағаз жеткізгіштерде беріледі, қалған Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдері ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында беріледі.

      Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдері жобаларының түпнұсқалары БҚҚБ-да қалады. Үкімет қаулысының және Премьер-Министр өкімінің түпнұсқасындағы Премьер-Министрдің қолтаңбасы елтаңбалық мөрмен расталады, бұл ретте елтаңбалық мөрдің бедері Премьер-Министрдің лауазымы атауының деректемелері мен жеке қолтаңбасын ішінара жабатындай қойылады.

      Үкімет қаулысын және Премьер-Министр өкімін ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында қабылдаған мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесінде көзделген тәртіппен ЭЦҚ-ның оң нәтижесін айқындап, белгіленген тәртіппен тіркейді.

      Кеңсе Әділет министрлігіне жолданған, ЭЦҚ-мен куәландырылған ілеспе электрондық құжатта Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерін тарату кезінде аталған мәліметтерді автоматтандырылған құқықтық ақпарат жүйесінде орналастыру үшін әзірлеуші мемлекеттік органды көрсетеді.

      163. Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерін таратқаннан кейін БҚҚБ ҮШС шығаруға жауапты қызметкері істе бар құжаттардың тізбесін жасайды, оған қол қояды, істің парақтарын нөмірлейді, тарату көрсеткішінде даналар (тиражы) саны, жөнелту күні туралы белгілердің бар-жоғын тексереді, одан кейін істі ведомстволық архивке сақтауға орналастырады және ЭТБК дерекқорына есепке алу деректерін енгізеді.

      МО ИП немесе ЭҚАБЖ арқылы Премьер-Министрдің ЭЦҚ-сы қойылған Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдері электрондық құжаттардың ведомстволық архивіне жіберіледі.".

      2. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде:

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган МО ИП-та заң қызметі басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) және мемлекеттік органның бірінші басшысының мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдалана отырып куәландырылған қаулы (өкім) жобасын, оған түсіндірме жазбаны және басқа да қажетті құжаттарды электрондық құжаттар нысанында орналастырады және МО ИП арқылы тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жібереді, ал ұйымдарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесiнде белгіленген тәртіппен расталған электрондық құжаттың қағаз көшірмесі келісуге жіберіледі.

      Қаулы (өкім) жобасын заң қызметімен келісу бөлігіндегі осы талаптар әзірлеушісі Әділет министрлігі болып табылатын жобаларға қолданылмайды.

      Қаулы (өкім) жобасын келісуге алған кезде мемлекеттік органдар басқа мемлекеттік органдардың оны алдын ала келісуін талап етуге, формальды және өзге де негізсіз себептермен жобаны, осы Регламенттің 88-1-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, келісуден бас тартуға тиісті емес.";

      47, 48, 49 және 50-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Қаулы (өкім) жобасын қараудың қорытындысы бойынша келісуші мемлекеттік орган әзірлеушіге мынадай жауап нұсқаларының бірін ұсынуға тиіс:

      1) жоба ескертулерсіз келісілуі мүмкін. Мемлекеттік органның бірінші басшысы (оның міндетін атқарушы адам) немесе облыстың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімі ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, МО ИП-та электрондық құжат нысанындағы жобаны келіседі;

      2) жоба бар ескертулерді жою үшін пысықтауға жіберілуі мүмкін. Бұл ретте МО ИП-та келісуші орган ескертулерді орналастырады, мұнда оларды жою жөніндегі ұсыныстар міндетті түрде қамтылуға тиіс және оған ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, келісуші мемлекеттік органның басшысы қол қояды. Бұл жағдайда әзірлеуші ескертулермен келіскен кезде жобаларды пысықтау МО ИП-та жүзеге асырылады, бұдан кейін әзірлеуші МО ИП-та мемлекеттік органның бірінші басшысының ЭЦҚ-сын куәландыра отырып қол қойылған жобаның пысықталған (келесі) нұсқасын орналастырады және оны мемлекеттік органдарға қайта келісуге жолдайды;

      3) жобаны келісуден бас тартылды. Бұл ретте келісуші мемлекеттік орган МО ИП-та келісуден бас тарту уәждемесі бар келісуден бас тарту белгісін қояды және ол келісуші мемлекеттік органның бірінші басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.

      Келісуші мемлекеттік органдарға қаулылар (өкімдер) жобаларын "ескертулермен" келісуге тыйым салынады.

      48. Келіспеушіліктер болған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган өзара тиімді шешім іздеу мақсатында оны келісуші органдармен талқылауды қамтамасыз етуге тиіс. Өзара тиімді шешімге қол жеткізілмеген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган келісуші органдармен бірлесіп, келіспеушіліктер хаттамасын жасайды, оны МО ИП-та жобаға орналастырады. Электрондық құжат нысанындағы келіспеушіліктер хаттамасы МО ИП-та мемлекеттік органдар басшыларының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.

      49. Келісу жүргізілгеннен кейін әзірлеуші мемлекеттік орган жобаны Кеңсеге келісуші мемлекеттік органдардың қорытындыларымен (келіспеушіліктер хаттамаларымен) және тиісті қосымшалармен бірге электрондық құжат нысанында МО ИП арқылы енгізеді.

      Заң жобаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қамтитын жобалар, Үкімет қорытындыларының жобалары Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) арқылы қағаз және электрондық форматтарда (нысандарда) енгізіледі.

      "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар жобалар тек қағаз жеткізгіштерде енгізіледі.

      50. Мемлекеттік органдар Кеңсеге енгізетін, мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған Үкімет қаулыларының жобалары мыналарды қамтуға тиіс:

      1) Үкімет қаулысының жобасы;

      2) көлемі 3 (үш) парақтан, ал күрделі мәселелер бойынша 5 (бес) парақтан аспайтын, Премьер-Министрдің атына ресімделген және мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе облыстың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімі қол қойған түсіндірме жазба, онда мәселенің нысанасы, әлеуметтік-экономикалық және қажет болған кезде саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де негіздемелер, жобаны қабылдаудан күтілетін салдар болжамы толық баяндалады. Бұдан басқа түсіндірме жазба мынадай негізгі мәліметтерді қамтуға тиіс:

      әзірлеуші мемлекеттік органның атауы;

      тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына жасалған сілтемесі бар жобаны қабылдаудың негіздемелері және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері (Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмалары түсіндірме жазбаға қоса беріледі);

      жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептемелер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі);

      жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдар;

      нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімі;

      жобада қаралатын мәселелер және оларды іске асыру нәтижелері бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері туралы мәліметтер;

      енгізілетін жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін-етілмейтінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы;

      ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат;

      мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22П-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес жобаларды және оларға материалдарды "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігі;

      қаулы жобасының мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы ақпарат (күні, байт саны);

      тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаның, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат;

      қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулы жобасына түсіндірме жазба міндетті түрде Үкімет актісін қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есептемелердің нәтижелерін қамтуға тиіс.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеген жағдайда, жобаны әзірлеуші жобаға түсіндірме жазбада сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс.

      Сараптамалық қорытындыларда көрсетілген ескертулер жойылған жағдайда, жобаны әзірлеуші қаулы жобасына түсіндірме жазбада аталған ескертулердің жойылғанын көрсетуге тиіс;

      3) Үкіметтің қолданыстағы актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін қаулы жобасына осы Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тиісті түрде негіздейтін қаулының (қаулылардың) бұрынғы және жаңа редакциясындағы салыстырма кестесі;

      заң жобаларын, Президент актілерінің жобаларын қамтитын қаулы жобасының әр парағын әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары дәйектейді және қол қояды;

      жобаның әрбір абзацына қатысты негіздеме, оның ішінде нормативтік құқықтық акті болса – тиісті заңнамалық немесе заңға тәуелді актінің нормасына міндетті сілтеме, сондай-ақ одан дәйексөз келтірілуге тиіс;

      Үкімет қаулыларымен бекітілген туынды нормативтік құқықтық актілердің жаңа редакциясы енгізілген кезде де жаңа редакциядағы қаулының әрбір абзацын тиісті түрде негіздей отырып (оның ішінде нормативтік құқықтық акті болса – тиісті заңнамалық немесе заңға тәуелді актінің нормасына міндетті сілтеме, сондай-ақ одан дәйексөз келтіре отырып), туынды нормативтік құқықтық актілердің бұрынғы және жаңа редакцияларының әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары қол қойған салыстырма кестесін қоса беру қажет;

      4) жобада қаулының (қаулылардың) күшін жою көзделетін жағдайда, жобаны қабылдау қажеттілігіне негіздемені қамтитын анықтама;

      заң жобаларын, Президент актілерінің жобаларын қамтитын қаулы жобасы бойынша анықтаманың әр парағын әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары дәйектейді және қол қояды;

      5) қаулы жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары.

      Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, қаулы жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің қорытындылары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, қоса берілмейді;

      6) қаулы жобасы "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайлардан басқа, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымдары;

      Ұсынымдармен келіспеген жағдайда жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс. Қоғамдық кеңестің ұсынымдары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, қоса берілмейді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми сараптама жүргізу міндетті болған жағдайда, халықаралық шарттың жобасы бойынша не Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарт бойынша жүргізілген ғылыми сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды;

      8) осы Регламенттің 4.2-бөліміне сәйкес өзге мемлекеттік органдардың қорытындылары (келіспеушіліктер хаттамасы, сондай-ақ келісуші мемлекеттік органның ескертулері бойынша өзара тиімді шешім іздеу мақсатында өткізілген кеңестің хаттамасы);

      9) орындау үшін қаулы жобасы әзірленген тапсырмалардың (хаттамалардың және т.б.) көшірмелері;

      10) қаулы жобасымен Парламент Мәжілісінің және Президенттің қарауына заң жобалары мен жарлық жобалары енгізілетін жағдайларда келісу парағы (pdf форматында қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Бұл ретте заң жобасына немесе жарлық жобасына келісу парағына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары немесе облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері қолбелгі қояды;

      11) қаулы жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттеушілік әсерді талдау жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімі және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындысы, сондай-ақ реттеушілік әсерді талдау нәтижелері.

      Рdf форматындағы келісу парақтарынан, ғылыми сараптамалар нәтижелері бойынша қорытындылардан, өзге мемлекеттік органдардың қорытындыларынан, тапсырмалардан, мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы адамдарға міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтан басқа, Президент актілері, заң жобаларының, Үкімет қаулылары, Премьер-Министрдің өкімдері жобаларының мазмұндық бөлігі doc немесе docх форматында ғана қалыптастырылады және алты файлдан тұрады. Өзге форматтарды пайдалануға рұқсат етілмейді. Құжаттың ұсынылатын электрондық нұсқаларын архивтеуге рұқсат етілмейді.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Қаулы жобасының және оның заң жобасын, Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын қамтитын, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қосымшаларының әрбір парағын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы немесе облыстың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімі дәйектейді.";

      53-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53-1. Кеңсеге енгізілетін Үкімет қаулыларының жобаларын БҚҚБ әр сәрсенбі сайын сағат 9.00-ден бастап 18.00-ге дейін МО ИП арқылы электрондық форматта (нысанда) қабылдайды және олар Заң бөлімі мен БҚҚБ-ға алдын ала тексеруге беріледі.

      Кеңсеге енгізілетін Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын БҚҚБ күн сайын сағат 9.00-ден бастап 15.30-ге дейін МО ИП арқылы электрондық форматта (нысанда) қабылдайды және олар алдын ала тексеру рәсімінен өтпей, құрылымдық бөлімшелерге тікелей жіберіледі.

      Заң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын қамтитын Үкімет қаулыларының жобаларын, Үкімет қорытындыларының жобаларын Кеңсе қағаз және электрондық форматтарда (нысандарда) ЭҚАБЖ арқылы қабылдайды.

      Мыналарға:

      1) Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарына түзетулер енгізуге;

      2) гуманитарлық көмек көрсетуге;

      3) халықаралық шарттарды мақұлдауға және кейіннен қол қоюға;

      4) Үкімет резервінен қаражат бөлуге не республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға бағытталған Үкімет қаулыларының жобалары алдын ала тексеру рәсімінен өтпей қабылданады және құрылымдық бөлімшелерге тікелей беріледі.

      Заң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын қамтитын Үкімет қаулыларының жобалары, Үкімет қорытындыларының жобалары, сондай-ақ пысықталғанынан кейін мемлекеттік органдар қайта енгізетін Үкімет қаулыларының жобалары, Үкімет тапсырмасы бойынша енгізілетін Үкіметтің нормативтік емес қаулыларының жобалары, сондай-ақ Үкімет басшылығының тапсырмаларын орындау үшін әзірленген, Үкіметке шұғыл енгізу көзделетін Үкіметтің нормативтік қаулыларының жобалары күн сайын сағат 9.00-ден бастап 15.30-ға дейін қабылданады және алдын ала тексерілмей, құрылымдық бөлімшелерге тікелей беріледі.

      "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын Кеңсе тек қағаз жеткізгіштерде қабылдайды.

      Үкімет қаулыларының жобалары:

      1) заң техникасы қағидаларының сақталуын және жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру үшін Кеңсенің Заң бөліміне;

      2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығын алдын ала тексеру үшін Кеңсенің БҚҚБ-ға жіберіледі (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы үшін әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы және жауапты хатшы дербес жауапты болады).

      Алдын ала тексеру жүргізуге арналған мерзім жоба тіркелген кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.";

      53-2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұрын тіркелген нөмірге келіп түскен жобалар МО ИП немесе ЭҚАБЖ арқылы жобаны қарауға жауапты, жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге (жобалардың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқалары), сондай-ақ бірлесіп орындаушы бөлімдерге және Заң бөліміне (жобалардың қағаз жеткізгіштердегі көшірмелері) жіберіледі.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Егер қайтарылатын жобаларға тапсырмаларда өзгеше мерзім көрсетілмесе, жобаларды пысықтауды және енгізуді әзірлеуші мемлекеттік орган қайтарылған күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде (жұмыс тәртібімен пысықталатын жағдайларды қоспағанда) жүзеге асырады. Пысықтау мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлеуші мемлекеттік орган Кеңсеге пысықталған жобаны (мүдделі мемлекеттік органдардың хаттарын қоса бере отырып, Кеңсеге бұрын енгізілген қаулы жобасын қоса беруге рұқсат етіледі) не жобаны қараудан алу туралы мемлекеттік органның бірінші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішхатты ұсынуға тиіс. Қаулы жобаларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді пысықтауды Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Кеңсе жүзеге асыруы мүмкін.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Үкімет отырысына шығарар алдында қаулы жобасы электрондық құжат нысанында ресімделеді, оны БҚҚБ-ның электрондық және қағаз құжаттар жиынтығын тиісінше қалыптастыруға, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығына жауапты қызметкерлері, жауапты бөлімнің және бірлесіп орындаушы бөлімдердің, Заң бөлімінің меңгерушілері, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес), Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес) МО ИП немесе ЭҚАБЖ арқылы келіседі.

      Бір уақытта МО ИП немесе ЭҚАБЖ арқылы келісіле отырып, елтаңбалық бланкідегі жобаға жобаны бұрын келіскен мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, Кеңсе Басшысы, Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес) қолбелгі қояды.

      Премьер-Министр не Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысы жобаны дауыс беру үшін Үкімет отырысына шығарады немесе сырттай дауыс беру тәртібімен (әдетте, шұғыл, құпия сипаттағы немесе жабық отырыстарда қаралуға тиіс) Үкімет мүшелеріне жібереді.

      Республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға бағытталған, Үкімет резервінен қаражат бөлуге байланысты, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою және гуманитарлық көмек көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының жазбаша не ауызша тапсырмасы бар жобаларды қоспағанда, қаулы жобалары Үкімет отырысына Кеңсеге түскенінен кейін кемінде 10 (он) жұмыс күні өткен соң шығарылады.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Үкімет отырыстарында қаулы жобасы бойынша әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы баяндайды. Жоба бойынша бар ескертулер мен ұсыныстар жөнінде Кеңсе Басшысы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі дайындаған анықтамаға сәйкес баяндайды.";

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Дауыс беру қағаз жеткізгіштерде жүзеге асырылатын "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар жобаларды қоспағанда, сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша электрондық түрде өткізіледі.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Үкімет мүшелері сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Кеңсеге электрондық құжаттар нысанында жауаптар немесе ("Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар жобалар бойынша) жазбаша жауаптар жібереді, онда өз пікірлерін білдіреді. Көрсетілген мерзімде жауап болмаған жағдайда, Үкімет мүшесі жобаның қабылдануына дауыс берді деп саналады. Үкімет мүшелері дауыс беруді алмастыру құқығынсыз жүзеге асырады.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Үкімет отырысында (оның ішінде сырттай дауыс беру тәртібімен) қабылданған қаулы жобалары бойынша (кадрлықтан басқа) Кеңсе Басшысы осы Регламентке 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында және қағаз жеткізгіште дауыс беру қорытындылары туралы анықтамаға қол қояды.

      Дауыс беру қорытындысы туралы анықтамалар тиісті қаулы жобаларымен бірге Премьер-Министрге жіберіледі.

      Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдеріне Премьер-Министр қол қояды, оның ішінде ЭЦҚ арқылы қол қояды.

      Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің қағаз даналарына Премьер-Министр Кеңсе Басшысының, Премьер-Министрдің тиісті орынбасарларының (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес), сондай-ақ жобаны бұрын келіскен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қолбелгілері болған жағдайда қол қояды.

      Премьер-Министр болмаған кезде Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдеріне Премьер-Министр белгілеген тәртіппен оны алмастыратын адам немесе Премьер-Министрдің міндетін атқарушы адам қол қоя алады.

      Үкімет қаулыларының жобалары Үкімет отырысында қаралғаннан кейін үш күн ішінде Премьер-Министрдің қол қоюына ұсынылуға тиіс. Үкімет қаулылары жобаларының Кеңседе өтуінің жалпы мерзімі алдын ала тексеруді қоспағанда – 20 (жиырма) жұмыс күнінен, Премьер-Министр өкімдері – 15 (он бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс. Үкімет басшылығының тапсырмасымен әзірленген шұғыл жобалар бойынша олардың Кеңседе өтуінің өзге қысқартылған мерзімі белгіленеді.";

      70-1 және 70-2-тармақтар алып тасталсын:

      114-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) заңнамалық актіде қолданысқа енгізудің анағұрлым кеш мерзімдері (олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде бір ай бұрын) көзделген құқықтық актілерді қоспағанда, құқықтық актілерді әзірлеудің және Кеңсеге енгізудің немесе әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберудің заңнамалық акті күшіне енген күнінен бастап екі айдан аспауға тиіс немесе әділет органдарында мемлекеттік тіркеудің үш айдан аспауға тиіс нақты мерзімдерін, сондай-ақ өкім жобасында қамтылатын өзге де тапсырмалардың орындалуын.

      Бұл ретте мемлекеттік органдардың мемлекеттік тіркеуге жатпайтын құқықтық актілерін әзірлеу мерзімі болып олардың қабылданған кезі саналады.

      Өкімде көрсетілген және құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге байланысты тапсырманы орындау туралы ақпаратты әзірлеуші мемлекеттік орган құқықтық акті қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірмей Кеңсеге енгізеді.";

      114-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "114-1. Халықаралық шартты ратификациялау туралы заңнамалық акті қабылданған жағдайда, ратификациялау туралы заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заңнамалық актіге қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде белгіленген тәртіппен келісілген және осы Регламенттің 114-тармағында көрсетілген талаптарды көздейтін Премьер-Министр өкімінің жобасын Кеңсеге енгізеді. Премьер-Министр өкімін қабылдау қажет болмаған жағдайда, ратификациялау туралы заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган көрсетілген мерзімде осы орган басшысының қолы қойылған тиісті негіздемені Кеңсеге енгізеді.";

      осы Регламентке 1-қосымша алып тасталсын.

      3. "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 50, 316-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларында:

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Мемлекеттік органдарға келісуге енгізілетін, мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған қаулы жобалары мыналарды қамтуға тиіс:

      1) Үкімет қаулысының жобасы;

      2) көлемі 3 (үш) парақтан, ал күрделі мәселелер бойынша 5 (бес) парақтан аспайтын, Премьер-Министрдің атына ресімделген және мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе облыстың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімі қол қойған түсіндірме жазба, онда мәселенің нысанасы, әлеуметтік-экономикалық және қажет болған кезде саяси-құқықтық, экологиялық, демографиялық және өзге де негіздемелер, жобаны қабылдаудан күтілетін салдар болжамы толық баяндалады. Бұдан басқа түсіндірме жазба мынадай негізгі мәліметтерді қамтуға тиіс:

      әзірлеуші мемлекеттік органның атауы;

      тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына жасалған сілтемесі бар жобаны қабылдаудың негіздемелері және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері (Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмалары түсіндірме жазбаға қоса беріледі);

      жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептемелер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі);

      жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдар;

      нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімі;

      жобада қаралатын мәселелер және оларды іске асыру нәтижелері бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері туралы мәліметтер;

      енгізілетін жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін-етілмейтінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы;

      ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат;

      мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22П-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес жобаларды және оларға материалдарды "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігі;

      қаулы жобасының мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы ақпарат (күні, байт саны);

      тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаның, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат;

      қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулы жобасына түсіндірме жазба міндетті түрде Үкімет актісін қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есептемелердің нәтижелерін қамтуға тиіс.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеген жағдайда, жобаны әзірлеуші жобаға түсіндірме жазбада сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс.

      Сараптамалық қорытындыларда көрсетілген ескертулер жойылған жағдайда, жобаны әзірлеуші қаулы жобасына түсіндірме жазбада аталған ескертулердің жойылғанын көрсетуге тиіс;

      3) Үкіметтің қолданыстағы актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін қаулы жобасына Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тиісті түрде негіздейтін қаулының (қаулылардың) бұрынғы және жаңа редакциясындағы салыстырма кестесі;

      жобаның әрбір абзацына қатысты негіздеме, оның ішінде нормативтік құқықтық акті болса – тиісті заңнамалық немесе заңға тәуелді актінің нормасына міндетті сілтеме, сондай-ақ одан дәйексөз келтірілуге тиіс;

      Үкімет қаулыларымен бекітілген туынды нормативтік құқықтық актілердің жаңа редакциясы енгізілген кезде де жаңа редакциядағы қаулының әрбір абзацын тиісті түрде негіздей отырып (оның ішінде нормативтік құқықтық акті болса – тиісті заңнамалық немесе заңға тәуелді актінің нормасына міндетті сілтеме, сондай-ақ одан дәйексөз келтіре отырып), туынды нормативтік құқықтық актілердің бұрынғы және жаңа редакцияларының әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары қол қойған салыстырма кестесін қоса беру қажет;

      4) жобада қаулының (қаулылардың) күшін жою көзделетін жағдайда, жобаны қабылдау қажеттілігіне негіздемені қамтитын анықтама;

      5) қаулы жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары.

      Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, қаулы жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің қорытындылары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, қоса берілмейді;

      6) қаулы жобасы "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайлардан басқа, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымдары;

      Ұсынымдармен келіспеген жағдайда жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс. Қоғамдық кеңестің ұсынымдары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, қоса берілмейді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми сараптама жүргізу міндетті болған жағдайда, халықаралық шарттың жобасы бойынша не Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарт бойынша жүргізілген ғылыми сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды;

      8) Регламенттің 4.2-бөліміне сәйкес өзге мемлекеттік органдардың қорытындылары (келіспеушіліктер хаттамасы, сондай-ақ келісуші мемлекеттік органның ескертулері бойынша өзара тиімді шешім іздеу мақсатында өткізілген кеңестің хаттамасы);

      9) орындау үшін қаулы жобасы әзірленген тапсырмалардың (хаттамалардың және т.б.) көшірмелері;

      10) қаулы жобасымен Парламент Мәжілісінің және Президенттің қарауына заң жобалары мен жарлық жобалары енгізілетін жағдайларда келісу парағы (pdf форматында қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Бұл ретте заң жобасына немесе жарлық жобасына келісу парағына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары немесе облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері қолбелгі қояды;

      11) қаулы жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттеушілік әсерді талдау жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімі және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындысы, сондай-ақ реттеушілік әсерді талдау нәтижелері.

      Қаулы жобасының және оның заң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын қамтитын, "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар қосымшаларының әрбір парағын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы немесе облыстың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімі дәйектейді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Қаулы (өкім) жобасын келісуге алған кезде мемлекеттік органдар басқа мемлекеттік органдардың оны алдын ала келісуін талап етуге, формальды және өзге де негізсіз себептермен жобаны келісуден бас тартуға тиісті емес.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Қаулы (өкім) жобасын қараудың қорытындысы бойынша келісуші мемлекеттік орган мынадай жауап нұсқаларының бірін ұсынуға тиіс:

      1) жоба ескертулерсіз келісілуі мүмкін. Мемлекеттік органның бірінші басшысы (оның міндетін атқарушы адам) немесе облыстың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімі ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, МО ИП-та электрондық құжат нысанындағы жобаны келіседі;

      2) жоба бар ескертулерді жою үшін пысықтауға жіберілуі мүмкін. Бұл ретте МО ИП-та келісуші орган ескертулерді орналастырады, мұнда оларды жою жөніндегі ұсыныстар міндетті түрде қамтылуға тиіс және оған ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, келісуші мемлекеттік органның басшысы қол қояды. Бұл жағдайда әзірлеуші ескертулермен келіскен кезде жобаларды пысықтау МО ИП-та жүзеге асырылады, бұдан кейін әзірлеуші МО ИП-та мемлекеттік органның бірінші басшысының ЭЦҚ-сын куәландыра отырып қол қойылған жобаның пысықталған (келесі) нұсқасын орналастырады және оны мемлекеттік органдарға қайта келісуге жолдайды;

      3) жобаны келісуден бас тартылды. Бұл ретте келісуші мемлекеттік орган МО ИП-та келісуден бас тарту уәждемесі бар келісуден бас тарту белгісін қояды және ол келісуші мемлекеттік органның бірінші басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.

      Келісуші мемлекеттік органдарға қаулылар (өкімдер) жобаларын "ескертулермен" келісуге тыйым салынады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Келіспеушіліктер болған кезде әзірлеуші мемлекеттік орган өзара тиімді шешім іздеу мақсатында оны келісуші органдармен талқылауды қамтамасыз етуге тиіс. Өзара тиімді шешімге қол жеткізілмеген кезде әзірлеуші мемлекеттік орган келісуші органдармен бірлесіп, келіспеушіліктер хаттамасын жасайды, оны МО ИП-та жобаға орналастырады. Электрондық құжат нысанындағы келіспеушіліктер хаттамасы МО ИП-та мемлекеттік органдар басшыларының ЭЦҚ-сымен куәландырылады.".