Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 392 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 248, 250, 261, 273 және 275-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.08.2024 № 656 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) тауарларды:

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында;

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс;

      ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысандары;

      2) Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидалары бекітілсін.

      2. "Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 73 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 340-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 28 маусымдағы
№ 392 қаулысымен
бекітілген
  Нысан

Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы құжат

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.08.2024 № 656 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1.

Құжатты берген Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы туралы мәліметтер (атауы)


2.

Құжат берілген тұлға туралы мәліметтер (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелері*)


3.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу операцияларын тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, банктік деректемелері*)


4.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында шетелдік тауарлар және олардың қайта өңделген өнімдері туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН коды, саны мен құны)


5.

Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қатысты шетелдік тауарларды қайта өңдеудің технологиялық процесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері белгіленген ЕАЭО тауарлары туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және саны)


6.

Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер


7.

Қайта өңделген өнімдердің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары


8.

ЕАЭО кедендік аумағындағы қайта өңдеу операциялары, оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер


9.

ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларды өңдеу өнімдерінде сол тауарларды сәйкестендіру тәсілдері туралы мәліметтер


10.

Қалдықтары мен қалғандары туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)


11.

ЕАЭО кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімі


12.

Кодекстің 252-бабында айқындалғандай, егер балама тауарлармен ауыстыру көзделген болса, тауарларды ауыстыру туралы мәліметтер


13.

Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер


14.

Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру және осы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау көзделетін кеден органы (кеден органдары)


      Басшы ____________ ____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;

      * деректер (мәліметтер) болған кезде толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 28 маусымдағы
№ 392 қаулысымен
бекітілген
  Нысан

Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжат

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.08.2024 № 656 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1.

Құжатты берген Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы туралы мәліметтер (атауы)


2.

Құжат берілген тұлға туралы мәліметтер (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелері*)


3.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу операцияларын тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, банктік деректемелері*)


4.

Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қатысты шетелдік тауарларды қайта өңдеу технологиялық процесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері белгіленген ЕАЭО тауарлары туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және саны)


5.

Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер


6.

Қайта өңделген өнімдердің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары


7.

ЕАЭО кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу операциялары, оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер


8.

ЕАЭО кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған ЕАЭО тауарларының қайта өңделген өнімдерінде сол тауарларды сәйкестендіру тәсілдері туралы мәліметтер


9.

ЕАЭО кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу мерзімі


10.

Кодекстің 263-бабында айқындалғандай, егер балама тауарлармен ауыстыру көзделген болса, тауарларды ауыстыру туралы мәліметтер


11.

ЕАЭО кедендік аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру және осы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау көзделетін кеден органы (кеден органдары)


12.

Қалдықтары, қалғандары және өндірістік шығындар туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны және құны)


      Басшы ____________ ________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;

      * деректер (мәліметтер) болған кезде толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 28 маусымдағы
№ 392 қаулысымен
бекітілген
  Нысан

Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжат

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.08.2024 № 656 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1.

Құжатты берген Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы туралы мәліметтер (атауы)


2.

Құжат берілген тұлға туралы мәліметтер (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, СТН, банктік деректемелері*)


3.

Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу операцияларын тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, банктік деректемелері*


4.

Шетелдік тауарлар және олардың қайта өңделген өнімдері туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)


5.

Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер


6.

Қайта өңделген өнімдердің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары


7.

Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу операциялары, оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер


8.

Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларды оларды қайта өңдеу өнімдерінде сол тауарларды сәйкестендіру тәсілдері туралы мәліметтер


9.

Қалдықтар мен қалғандары туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)


10.

Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі


11.

Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер


12.

Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру және осы кедендік рәсімнің аяқталуы көзделетін кедендік орган (кедендік органдар)


13.

Қайта өңдеу өнімдерін экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы күйіне дейін қалпына келтірудің мүмкін еместігі туралы мәліметтер


      Басшы ____________ ______________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;

      * деректер (мәліметтер) болған кезде толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 28 маусымдағы
№ 392 қаулысымен
бекітілген

Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың нысанын және оны толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/ аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 248, 250, 261, 273 және 275-бабына сәйкес әзірленді және тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімдерімен орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты (бұдан әрі – қайта өңдеу шарттары туралы құжат) толтыру мен беру, тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.08.2024 № 656 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидалар тауарларды қайта өңдеуді көздейтін өзге кедендік рәсімдерге қолданылмайды.

      3. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары арасында бөлінген Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) бойынша тауарлардың атауына және сыныпталуына қарай Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттік органы (бұдан әрі – уәкілетті орган) береді.

      4. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты бергені үшін төлем алынбайды.

2-тарау. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты толтыру және беру тәртібі

      5. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алу үшін тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1, 2 және 3-нысандар бойынша толтырылған қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге арналған өтініш;

      2) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттың (құжаттардың), тауарларды қайта өңдеу операциялары (технологиялық процеске негізделген), оларды жасау тәсілдері туралы, кедендік рәсіммен орналастырылатын тауарларды, оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері туралы, қалдықтар мен қалған қалдықтар туралы, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу бойынша мерзімдері туралы мәліметтерді қамтитын қосымшалардың және (немесе) оларға толықтырулардың көшірмесі;

      3) шетелдік тауарлардың және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының және ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес оларды қайта өңдеу өнімдерінің атауы мен сыныпталуын, сондай-ақ олардың мөлшері мен құнын растайтын құжаттың көшірмесі;

      4) қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормаларын есептеу кестесі.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 15.08.2024 № 656 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге арналған өтініш қағаз жеткізгіште ұсынылған кезде ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы басшысының не оны алмастыратын тұлғаның қол қоюымен, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берушінің мөрі болса, оның мөрімен куәландырылады.

      Бұл ретте өңдеу шарттары туралы құжаттарды беруге арналған өтініш қағаз жеткізгіште ұсынылған кезде құжаттардың көшірмелерін өтініш берушінің мөрімен растау туралы талап жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға қолданылмайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.08.2024 № 656 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Егер уәкілетті органда қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру автоматтандырылған болса және мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылса, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру www.еgov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алу үшін өтініш беруші порталға мынадай құжаттарды тіркейді:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1, 2 және 3-нысандар бойынша толтырылған өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттың (құжаттардың), тауарларды қайта өңдеу операциялары (технологиялық процеске негізделген), оларды жасау тәсілдері туралы, кедендік рәсіммен орналастырылатын тауарларды, оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері туралы, қалдықтар мен қалған қалдықтар туралы, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу бойынша мерзімдері туралы мәліметтерді қамтитын қосымшалардың және (немесе) оларға толықтырулардың электрондық көшірмесі;

      3) шетелдік тауарлардың және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының және ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес оларды қайта өңдеу өнімдерінің атауы мен сыныпталуын, сондай-ақ олардың мөлшері мен құнын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      4) қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормаларын есептеу кестесінің электрондық көшірмесі.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 15.08.2024 № 656 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Уәкілетті орган өтінішті оған қоса берілген құжаттармен бірге тіркелген күнінен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Уәкілетті орган өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттар топтамасы толық болмаған және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда уәкілетті орган қағаз жеткізгіште өтініш жүгінген кезде бергенде көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжді бас тарту береді, портал арқылы өтініш берген кезде уәжді бас тарту басшының немесе оның орынбасарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында олардың "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 15.08.2024 № 656 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты толтыру тауарларды кеден аумағында/аумағынан тыс және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың бекітілген нысандарына сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты уәкілетті органға қағаз жеткізгіште жүгінген кезде уәкілетті орган белгіленген нысан бойынша екі данада ресімдейді, басшы немесе оның орынбасары не оларды алмастыратын адамдар қол қояды және мөрмен куәландырылады.

      Қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың түпнұсқасы өтініш берушіге беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде қайта өңдеу шарттары туралы құжат басшының немесе оның орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      11. Мынадай:

      1) өтініш беруші қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықталған;

      2) қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алу үшін қажетті ұсынылған деректер, мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      3) өтініш берушіге тауарларды қайта өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыруға тыйым салатын соттың шешімі (қаулысы, ұйғарымы) заңды күшіне енген жағдайларда уәкілетті орган қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруден бас тарту туралы шешімді қабылдайды.

      12. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган өтінішті қарау мерзімі шегінде бас тартудың себебін көрсете отырып, өтінішті жазбаша нысанда ұсынған

      кезде – қағаз жеткізгіште, өтінішті портал арқылы ұсынған кезде электрондық нысанда өтініш берушіге дәлелді бас тарту жауабын жолдайды.

      Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге арналған өтініш уәкілетті органның өңдеу шарттары туралы құжатты беруден бас тарту себептері жойылғаннан кейін қайта жіберіледі, ол осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қаралады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 15.08.2024 № 656 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Қағаз жеткізгіште берілген қайта өңдеу шарттары туралы құжат жоғалып немесе бүлініп қалған кезде уәкілетті орган өтініш берушінің уәжді жазбаша өтініші бойынша қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың телнұсқасын береді, оның өң жақ бетіне "Телнұсқа" деп жазылады. Бұл ретте телнұсқаның сырт жақ бетіне телнұсқаны беретін тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі, оған басшы немесе оның орынбасары не оларды алмастыратын тұлғалар қол қояды және уәкілетті органның мөрімен расталады.

      Телнұсқаны беру туралы өтініш қайта өңдеу шарттары туралы құжатты жоғалту немесе бүлдіру себебін және жағдайларын көрсете отырып, еркін нысанда жасалады.

      Қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың телнұсқасын уәкілетті орган жазбаша өтінішті тіркеген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде береді.

      Қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың телнұсқасын беру үшін төлем алынбайды.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 15.08.2024 № 656 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібі

      14. Уәкілетті орган:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде тіркелген өтініш берушінің құрылтай құжаттарына өзгерістер (толықтырулар) енгізілген не жеке кәсіпкер болып табылатын өтініш берушінің жеке басын куәландыратын мәліметтер өзгерген;

      2) қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге негіз болған тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжатқа (құжаттарға), оның (олардың) қосымшаларына (толықтыруларына) өзгерістер (толықтырулар) енгізген;

      3) шетелдік тауарлардың және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының және ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес олардың қайта өңделген өнімдерінің атауы мен жіктемесін, сондай-ақ олардың мөлшері мен құнын растайтын құжатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізілген;

      4) қайта өңделген өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормаларын есептеу кестесіне өзгерістер (толықтырулар) енгізілген кезде өтініш берушінің уәжді жазбаша өтініші не өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы уәжді өтініші бойынша қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген мәліметтерді өзгертеді (толықтырады).

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.08.2024 № 656 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы өтініш осындай өзгерістердің (толықтырулардың) қажеттілігін негіздей отырып және енгізілетін өзгерістерді (толықтыруларды) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, еркін нысанда жасалады.

      Өтініш тиісті өзгерістер (толықтырулар) енгізілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей уәкілетті органға беріледі.

      16. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізу туралы не осындай өзгерістер (толықтырулар) енгізуден бас тарту туралы уәкілетті органның шешімі өтініш берушіге өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жүгінген кезде жазбаша нысанда ұсынылады, портал арқылы жүгінген кезде басшының немесе оның орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады.

4-тарау. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты кері қайтарып алу (жою) және (немесе) қайта бастау тәртібі

      17. Уәкілетті орган:

      1) өтініш беруші көрінеу жалған мәліметтер ұсынған;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;

      3) өтініш беруші еркін нысанда жазбаша немесе электрондық түрде уәжді өтініш берген;

      4) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган уәжді өтініш берген кезде қайта өңдеу шарттары туралы құжатты кері қайтарып алады (жояды) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастайды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.08.2024 № 656 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау туралы шешімді уәкілетті орган өтініш берушінің немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның өтініші түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жүгінген кезде – жазбаша нысанда, портал арқылы жүгінген кезде басшының немесе оның орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында ресімдейді және "жеке кабинетіне" жолдайды.

5-тарау. Тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту тәртібі

      19. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатта белгіленген тауарларды қайта өңдеу мерзімін уәкілетті орган өтініш берушінің тауарларды қайта өңдеу мерзімінің өзгеруін растайтын құжаттың көшірмесін тіркеп, өтініш берушінің дәлелді жазбаша өтініші бойынша немесе ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында дәлелді өтініші бойынша ұзартады.

      20. Тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту туралы өтініш тауарларды қайта өңдеу мерзімі бойынша өзгерістер енгізуді растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, ұзартудың қажеттілігі негіздемесімен еркін нысанда жасалады.

      Өтініш уәкілетті органға қолданылып отырған кедендік рәсімнің қолданылу мерзімі аяқталған күнге дейін 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

      21. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту туралы не осындай бас тартудың дәлелді негіздемесімен тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы уәкілетті органның шешімі өтінішті тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қағаз жеткізгіште жүгінген кезде жазбаша нысанда беріледі, портал арқылы жүгінген кезде басшының немесе оның орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады.

6-тарау. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану тәртібі

      22. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1 немесе 3-нысандар бойынша өтініш берушінің тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге арналған өтініштерінің негізінде қайта өңдеудің технологиялық процесіне сәйкес одан әрі коммерциялық пайдалануға жарамсыз деп танылады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.04.2021 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану туралы мәліметтер осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті орган берген, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетіледі.

      24. Одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танылған қалдықтармен жұмыс істеу Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау, ветеринария және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнамасымен реттеледі.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.08.2024 № 656 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Тауарларды Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
аумағында/аумағынан тыс қайта
өңдеу және ішкі тұтыну үшін
қайта өңдеу шарттары туралы
құжаттың нысанын және оны
толтыру мен беру, оған
өзгерістер (толықтырулар)
енгізу, оны кері қайтарып алу
(жою) және (немесе) оның
қолданылуын қайта бастау,
сондай-ақ тауарларды қайта
өңдеу мерзімін ұзарту және
Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік аумағында
қайта өңдеу және ішкі тұтыну
үшін қайта өңдеу бойынша
операциялар нәтижесінде
түзілген қалдықтарды одан әрі
коммерциялық пайдалану үшін
жарамсыз деп тану
қағидаларына
1-қосымша

Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру, қайта өңдеудің соңғы өнімдерінде оларды Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша сыныптау кезінде тауарларды Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары арасында бөлу

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 15.08.2024 № 656 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметiнiң Бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) бойынша тауарлардың сыныптау кодтары мынадай мемлекеттік органдар бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар арасында бөлінген:

      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ның І бөлімі – Тірі жануарлар: жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттар (0501 00 000 0 позициясынан басқа);

      ЕАЭО СЭҚ ТН -ның ІІ бөлімі – Өсімдіктерден алынған өнімдер (1203 00 000 0 позициясынан басқа);

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ның ІІІ бөлімі – Жануарлардан немесе өсімдіктерден алынған тоң майлар және майлар, оларды ыдырататын өнiмдер; дайын азық-түлік тоң майлары; жануарлардан немесе өсiмдiктерден алынған балауыздар (1520 00 000 0, 1521, 1522 00 позициялардан басқа);

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ның ІV бөлімі – Дайын азық-түлік өнімдері; алкогольді және алкогольсіз сусындар мен сірке қышқылы; 16, 17, 18, 19, 20, 21-топтың темекі және оның алмастырғыштары; 22-топтан – 2201, 2202 позициялары және 23-топтан (2305 00 000 0, 2307 00 позицияларынан басқа);

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ның VІІІ бөлімі – Өңделмеген терілер, иленген былғары, табиғи үлдір және олардан жасалған бұйымдар; қайыс-ер бұйымдары және әбзелдер; жол керек-жарақтары, әйелдер сөмкелері және оларға ұқсас тауарлар; жануарлардың ішектерінен жасалған бұйымдар (VІІІ бөлімнен жібек көбелегі фиброинынан алынатын талшық, 41-топтан - 4101, 4102, 4103 – позициялары, 43-топтан 4301 – позициясы);

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ның ІХ бөлімі – Тоқыма материалдары мен тоқыма бұйымдары (50-топтан 5001 00 000 0, 5002 00 000 0, 5003 00 000 0 – позициялары; 51-топтан 5101, 5102, 5103, 5104 00 000 0, 5105 – позициялары; 52-топтан 5201 00, 5202, 5203 00 000 0 – позициялары; 53-топтан 5301, 5302, 5303, 5305 00 000 0 – позициялары);

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ның ІV бөлімі – Дайын азық-түлік өнімдері; алкогольді және алкогольсіз сусындар мен сірке қышқылы; темекі және оның алмастырғыштары 22-топтан 2203-2208 – позициялары, көлемі 80 % немесе одан көп спирт концентраттары бар денатуратталмаған этил спиртін қоспағанда, спирт концентратының көлемі 80 % аз денатуратталмаған этил спирті (2207 және 2208 позициялар); 24-топтан 2402 және 2403 – позициялары).

      3) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі:

      ЕАЭО СЭҚ ТН V бөлімі – Минералды өнімдер;

      ЕАЭО СЭҚ ТН VI бөлімі – 2844, 2845 қосалқы позицияларын қоспағанда, химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері;

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ның VIІ бөлімі – Пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар; каучук, резеңке және олардан жасалған бұйымдар;

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ның VIII бөлімі – Өңделмеген терілер, иленген былғары, табиғи үлбір және олардан жасалған бұйымдар; қайыс-ер бұйымдары және әбзелдер; жол керек-жарақтары, әйелдер сөмкелері және ұқсас тауарлар; жануарлардың ішектерінен жасалған бұйымдар (жібек көбелегі фиброинынан алынатын талшықтан басқа, сондай-ақ 41-топтан 4101, 4102, 4103, және 43-топтан – 4301 позициялары);

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ның IX бөлімі – Сүрек және одан жасалған бұйымдар; сүрек көмірі; тығын және одан жасалған бұйымдар; сабаннан, альфадан немесе өруге арналған өзге материалдардан жасалған бұйымдар; себеттік және басқа да өрілген бұйымдар;

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ның X бөлімі – Сүректен жасалған масса немесе басқа да талшықты целлюлозадан жасалған материалдар;

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ның XI бөлімі – Тоқыма материалдары мен тоқыма бұйымдары (50-тобының 5001 00 000 0, 5002 00 000 0, 5003 00 000 0 – позициялары); 51-топ (5101, 5102, 5103, 5104 00 000 0 – позицияларынан басқа); 52-топ (5201 00, 5202 позицияларынан басқа); 53-топ (5301, 5302, 5303, 5305 00 000 0 – позицияларынан басқа); 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63-топтары (6306, 6307, 6308 00 000 0, 6309 00 000 0, 6310 – позицияларынан басқа);

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ның XIІ бөлімі – Аяқ киімдер, бас киімдер, қолшатырлар, күннен қорғайтын шатырлар, таяқтар, таяқ-орындықтар, шыбыртқылар, қамшылар мен олардың бөліктері; өңделген қауырсындар және олардан жасалған бұйымдар; жасанды гүлдер; адам шашынан жасалған бұйымдар (66 және 67-топтардан басқа);

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ның XIІІ бөлімі – Тастан, гипстен, цементтен, асбесттен, слюдадан немесе ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар; керамикалық бұйымдар; шыны және одан жасалған бұйымдар;

      XІV бөлімі ЕАЭО СЭҚ ТН-ның – Табиғи немесе өсірілген інжу, асыл немесе жартылай асыл тастар, бағалы металдар, бағалы металл жалатылған металдар және олардан жасалған бұйымдар; бижутерия; монеталар;

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ның XV бөлімі – Бағалы металдар және олардан жасалған бұйымдар;

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ның XVІ бөлімі – Машиналар, жабдықтар және механизмдер; электр техникалық жабдықтар; олардың бөліктері; дыбыс жазғыш және дыбыс шығарғыш аппаратуралар, телевизиялық бейнені және дыбысты жазуға және шығаруға арналған аппаратуралар, олардың бөліктері мен керек-жарақтары;

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ның XVІІ бөлімі – Жермен жүретін көлік құралдары, ұшу аппараттары, жүзетін құралдар және көлікке қатысты құрылғылар мен жабдықтар;

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ның XVІІІ бөлімі – Оптикалық, фотографиялық, кинематографиялық, өлшеу, бақылау, дәл өлшеу, медициналық немесе хирургиялық құрал-жабдықтар мен аппараттар; барлық түрдегі сағаттар; музыкалық аспаптар; олардың бөліктері мен керек-жарақтары;

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ның XІX бөлімі – Қару және оқ-дәрілер; олардың бөлшектері және керек-жарақтары;

      ЕАЭО СЭҚ ТН-ның XX бөлімі – Әртүрлі өнеркәсіп тауарлары (94-топ, 9403 20, 9403 30, 9403 40, 9403 50, 9403 60 – позициялары).

      Ескерту. 3) тармақшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.04.2021 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі:

      ЕАЭО СЭҚ ТН V бөлімі – "Минералдық отын, мұнай және олардан айырып алынатын өнімдер; битуминозды заттар; минералды балауыздар" қоспағанда, минералды өнімдер (27-топ), 2701, 2702, 2703 00 000 0, 2704 00, 2705 00 000 0, 2706 00 000 0, 2707, 2708 қосалқы позициялары;

      ЕАЭО СЭҚ ТН VI бөлімі – Химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері (2844, 2845 қосалқы позициялары).

      Ескерту. 4) тармақша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.04.2021 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Тауарларды Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
аумағында/аумағынан тыс қайта
өңдеу және ішкі тұтыну үшін
қайта өңдеу шарттары туралы
құжаттың нысанын және оны
толтыру мен беру, оған
өзгерістер (толықтырулар)
енгізу, оны кері қайтарып алу
(жою) және (немесе) оның
қолданылуын қайта бастау,
сондай-ақ тауарларды қайта
өңдеу мерзімін ұзарту және
Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік аумағында
қайта өңдеу және ішкі тұтыну
үшін қайта өңдеу бойынша
операциялар нәтижесінде
түзілген қалдықтарды одан әрі
коммерциялық пайдалану үшін
жарамсыз деп тану
қағидаларына
2-қосымша
  1-нысан

Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.08.2024 № 656 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Кімге _______________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)

      кімнен ______________________________________________________________

      (қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы тұлғаның толық атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Өтініш

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруді сұраймын.

      Қажетті мәліметтер:

      1. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы тұлғаның атауы

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелері)

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу операцияларын тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелері) *

      3. Шетелдік тауарлар және олардың қайта өңделген өнімдері туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)

      4. Шетелдік тауарларды қайта өңдеу технологиялық процесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ЕАЭО тауарлары туралы мәліметтер

      ______________________________________________________________________

      (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды және саны)

      ______________________________________________________________________

      5. Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер _____________________________________

      6. Қайта өңделген өнімдердің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары_____________________________________________________________

      7. ЕАЭО кедендік аумағындағы қайта өңдеу операциялары, оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер_______________________________________________

      8. Шетелдік тауарлардың қайта өңделген өнімдерінде сол тауарларды сәйкестендіру тәсілдері туралы мәліметтер _________________________________________________

      9. Қалдықтары мен қалғандары туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)

      10. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі ___________________________________

      11. Кодекстің 252-бабында айқындалғандай, егер балама тауарлармен ауыстыру көзделген болса, осындай ауыстыру туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      12. Қалдықтары одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________

      13. Кеден органы (кеден органдары) ___________________________________

      ___________________________________________________________________

      (тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау көзделетін)

      14. Өзге де мәліметтер _________________________________________________

      Қоса берілетін құжаттар________________________________________________

      Басшы _________ _______________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны

      20___ жылғы "____" _________

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;

      * деректер (мәліметтер) болған кезде толтырылады.

  2-нысан

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге өтініш

      Кімге ______________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)

      кімнен ______________________________________________________________

      (қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы тұлғаның толық атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Өтініш

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруді сұраймын.

      Қажетті мәліметтер:

      1. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы тұлғаның атауы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелері)

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу операцияларын тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер

      ______________________________________________________________________

      (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелері) *

      3. ЕАЭО тауарлары және олардың қайта өңделген өнімдері туралы мәліметтер

      ______________________________________________________________________

      (атауы, ЕАЭО ЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)

      4. Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер ___________________________________________________

      5. Қайта өңделген өнімдердің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары

      _____________________________________________________________

      6. ЕАЭО кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________

      7. ЕАЭО тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде сол тауарларды сәйкестендіру тәсілдері туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________

      8. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі

      ______________________________________________________________

      9. Кодекстің 263-бабында айқындалғандай, егер балама тауарлармен ауыстыру көзделген болса, тауарларды ауыстыру туралы мәліметтер

      ___________________________________________________________________

      10. Кеден органы (кеден органдары)

      ____________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      (тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау көзделетін)

      11. Қалдықтар, қалғандары мен өндірістік шығындар туралы мәліметтер

      ______________________________________________________________________

      (атауы, тауарлар позициясы деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)

      12. Өзге де мәліметтер _________________________________________________

      Қоса берілетін құжаттар _______________________________________________

      Басшы ________ ________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны

      20___ жылғы "____" __________

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;

      * деректер (мәліметтер) болған кезде толтырылады.

  3-нысан

Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге өтініш

      Кімге ______________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)

      кімнен ______________________________________________________________

      (қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы тұлғаның толық атауы

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Өтініш

      Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруді сұраймын.

      Қажетті мәліметтер:

      1. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы тұлғаның атауы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелері)

      2. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелері) *

      3. Шетелдік тауарлар және олардың қайта өңделген өнімдері туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)

      4. Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер ____________________________________

      5. Қайта өңделген өнімдердің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары _____________________________________________________________

      6. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар және оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер ______________________________________________

      7. ЕАЭО тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде сол тауарларды сәйкестендіру тәсілдері туралы мәліметтер ______________________________________________

      8. Қалдықтар мен қалғандары туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)

      9. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі ___________________________________

      10. Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________

      11. Кеден органы (кеден органдары)

      ____________________________________________________________________

      (тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау көзделетін)

      12. Қайта өңдеу өнімдерін экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы күйіне дейін қалпына келтірудің мүмкін еместігі туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________

      13. Өзге де мәліметтер ______________________________________________

      Қоса берілген құжаттар _____________________________________________

      Басшы ________ ___________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны

      20___ жылғы "____" __________

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;

      * деректер (мәліметтер) болған кезде толтырылады.