Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 235 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының авиациялық персоналын даярлау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық авиация академиясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтары заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды жүзеге асырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн

      1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлімде реттік нөмірі 222-12-жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 359-24-жолмен толықтырылсын:

      "359-24. "Азаматтық авиация академиясы" акционерлік қоғамы";

      2) "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "8. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті" деген бөлімде:

      "Акционерлік қоғамдар" деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) "Азаматтық авиация академиясы" акционерлік қоғамы";

      көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:

      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. "Азаматтық авиация академиясы" акционерлік қоғамы".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев