Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 120-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі мына қызмет алушыларға ұсынылады:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балалар (бұдан әрі – балалар);
2) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балалар (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектер (бұдан әрі – 18 жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектер (бұдан әрі – мүгедектер);
5) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдар (бұдан әрі – қарттар);
6) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар (бұдан әрі – үйсіз адамдар);
7) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар).".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |