РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 113-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Гранттың мөлшерлері:
1) жатақханада тұруды есептемегенде жылына 1903820 (бір миллион тоғыз жүз үш мың сегіз жүз жиырма) теңгені;
2) жатақханада тұруды есептегенде жылына 2801376 (екі миллион сегіз жүз бір мың үш жүз жетпіс алты) теңгені құрайды.
Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.".
2. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |