Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бірінші кезең 2016 – 2020 жылдар) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 203 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бірінші кезең 2016 – 2020 жылдар):
"3. Жоғары жетістіктер спортын және спорт резервін даярлау жүйесін дамыту" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-1, 21-2, 21-3 және 21-4-жолдармен толықтырылсын:
"21-1. | Ұлттық спорт түрлерінен "Ұлы дала рухы" фестивалін ұйымдастыру және өткізу | МСМ-ге ақпарат | облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Ұлттық және ат спорты орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
республикалық бюджет: |
республикалық бюджет: |
21-2. | Қазақ күресінен "Қазақстан барысы" республикалық турнирін ұйымдастыру және өткізу | МСМ-ге ақпарат | "Қазақстан барысы" қазақ күресін дамыту қоры" қоғамдық қоры (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы" қоғамдық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
республикалық бюджет: |
республикалық бюджет: |
21-3. | Қазақ күресінен "Әлем барысы" халықаралық турнирін ұйымдастыру және өткізу | МСМ-ге ақпарат | "Қазақстан барысы" қазақ күресін дамыту қоры" қоғамдық қоры (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, "Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы" қоғамдық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі (келісім бойынша) | 2018 жылғы желтоқсан |
республикалық бюджет: |
республикалық бюджет: |
21-4. | "Ұлы дала аламаны" ат жарысын ұйымдастыру және өткізу (150 шақырым) | МСМ-ге ақпарат | Ақмола облысының әкімдігі | 2018 жылғы желтоқсан |
республикалық бюджет: |
республикалық бюджет: |
";
"4. Дене шынықтыру инфрақұрылымын дамыту және дене шынықтыру және спорт қызметтері нарығын кеңейту" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 30-1-жолмен толықтырылсын:
"30-1. | Маңғыстау облысында үлгілік ипподром салуды қамтамасыз ету | МСМ-ге ақпарат | Маңғыстау облысының әкімдігі | 2018 – 2019 жылдар | жеке инвестициялар: 2018 – 2019 жылдары – 170,0 | жеке инвестициялар |
";
"6. Халықаралық өзара іс-қимыл" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 40-жолмен толықтырылсын:
"40. | Халықаралық спорт аренасында Қазақстанның ұлттық көшпенді спорт брендін жылжыту | МСМ-ге ақпарат | "Асық ату" федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігі (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы тоғызқұмалақ спорты федерациясы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі (келісім бойынша) | жыл сайын | - | қаражат қажет етпейді |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |